Түркістан облысында биыл алғаш рет әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылған болатын Осы орталықта кәсіпкер әйелдер мен кәсіп ашуға ниетті азаматшалар тегін кеңестерін алып, осы кәсіпті игерудің қыр-сырын үйретуге арналған семинарларға қатысып, шыңдалып жүр. Ал, жақында “Әйелдер коорперативтерін құру” тақырыбында әйелдер кәсібін нығайтуға арналған тренинг өтті. Бастаманы USAID Кәсіпкерлікті және бизнес ортаны дамыту жобасы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығымен және «Арнұр Кредит» шағын несие ұйымымен серіктестігі бірауыздан қолдауда. Тренингке қатысқан ханымдар көптеген жақсы жаңалықтар мен пайдалы, тың ақпараттарға қанықты. Ұйыммен жұмыс жасауға бағытталған кеңестерді тыңдап, серпіліп қалды. Кәсіп бастауға талаптанып жүрген және бұрыннан кәсіптері бар нәзік жандылар аталған жиыннан мотивация алды. Азаматшалардың кәсіп бастауға және өз кәсіптерін дамыта түсуге құлшыныстары жоғары.
КӘСІП АШАТЫН ӘЙЕЛДЕРГЕ КЕРЕК КООРПЕРАТИВ
400 Views