31 ЗАҢСЫЗ КОНКУРСТЫҢ КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ

Қоғам Құқық
353 Views

Бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығы қала прокуратурасының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі.

Ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу саласында заң талаптарын бұза отырып жарияланған және өткізілген жалпы 22,5 млрд. теңгеге 31 заңсыз конкурстың күші жойылды.

Өз кезегінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тарапынан мемлекеттік сатып алуларға қатысушылардың өтінімдерін негізсіз қабылдамау,әлеуетті өнім берушілерге құжаттамамен расталмаған шартты жеңілдік беру, сатыпалынатын жұмыстарға негізсіз жоғары талаптар қою және т.б. бұзушылықтарға жолберілген.

Осы салада заңсыздықтарға жол берген жергілікті атқарушы органдардың 49 жауапты лауазымды тұлғалары әртүрлі жауапкершілікке тартылды.

Шымкент қаласының прокуратурасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *