БІР КҮНДЕ 33 АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Қоғам
348 Views

Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан Жұмыспен қамту орталығының ғимаратында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңке «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жалпы жұмыссыз, жұмыс іздеуші азаматтарға, сондай ақ мүмкіндігі шектеулі, пробация қызметінің есебінде тұрған, алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар адамдарға ұйымдастырылды.

«Президент тапсырмасы аясында Келес ауданында біршама жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асуда. Солардың бірі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алға жылжуына қол жеткізу болып табылады. Жоспар аясында бүгін жәрмеңке ұйымдастырылып 33 азамат тұрақты жұмыс орындарына жолданды. Жолданған азаматтар ішінде 2 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Жәрмеңкеге 22 жұмыс беруші 37 бос жұмыс орындарын ұсынды» — дейді аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Серік Құралов.

Жалпы Келес ауданында жыл соңына дейін 5 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып, бүгінгі таңда жоспардың 47 пайызы орындалған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, жоспарлы межені артығымен орындаймыз дейді жауапты мамандар.

Сондай-ақ, осы жылы ауылдағы 21 отбасыға 4 млн. 332 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. 1-6 жасқа дейінгі 35 балаға 783 мың теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *