МҰҒАЛІМ ТАПШЫ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРДІ ТАРТУ КЕРЕК

Білім Мәселе
268 Views

Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген болатын. Онда мұғалімдерді қолдауға бағытталған шаралар кешені қарастырылған. Бұл туралы Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Анафия Арыстанбайқызы мәлімдеді.

Оның айтуынша, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері, оның ішінде жалақыны көтеру, тұрғын үйді жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығынын өтеу көзделген. Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарына математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері қажет.

Педагогтер конкурс арқылы іріктеледі. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi, бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сондай-ақ оқу үлгерiмi жақсы жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектерi қатыса алады.

Қазіргі уақытта байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Қажетті құжаттар тізімі жергілікті атқарушы органдардың және НЗМ ақпарат ресурстарында орналастырылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *