АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛАЙЫҚ!

Қоғам Құқық
623 Views

Қазіргі таңда қылмыс көбінесе алаяқтық арқылы бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену несие, жәрдемақы, зейнетақы, әлеуметтік төлем, мемлекет тарапынан берілетін субсидия және т.б. алып беремін деп алдап алатыны анықталды.

Алаяқтар «Атамекен» кәсіпкерлік палатасынан «қайтарымсыз несие алып беремін» – деп азаматтардан ақша қаражатын алаяқтық, яғни сенімге қиянат жасау арқылы алып, оны өз бас пайдаларына жаратуда. 2022 жылдың басынан Еңбекші ауданында осындай 60 дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Осыған орай, қала тұрғындарын ақша қаражаттарын белгісіз тұлғаларға жеңіл ақша табу үшін бермеуді, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының қызметі қажет болған жағдайда тікелей сонда жүгінуді және күмән тудыратын тұлғалар болған жағдайда «102» нөміріне қоңырау шалуға шақырамын.

Еңбекші ауданының прокуратурасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *