Соңғы жылдары адвокатура және заң кеңесшілері жұмысында түбегейлі өзгерістер орын алды. «Адвокаттық қызмет және ақпараттық жүйенің болуынкөздейтін заң көмегі» заңды іске асыру мақсатында «Ұлттық ақпараттықтехнологиялар» АҚ 2018 жылы «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесін әзірледі. Жүйеніңнегізгі мақсаты халықты онлайн режимде білікті заң көмегімен қамтамасыз ету.Жүйе азаматтарға үйден шықпай-ақ мамандануы мен тәжірибесіне қарап, өзіне өкіл,қорғаушы таңдауға, оның кәсіби жауапкершілікті сақтандыру шартының бар-жоғынтексеруге, пікір қалдыруға, сондай-ақ онлайн кеңес алуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қолайлылығы үшін жүйемемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылды көздейді, бұлдәлелдемені жинау уақытын қысқартуға көмектеседі. Яғни, ақпараттық жүйе азаматтардыбілікті заң көмегімен қамтамасыз етуге және қызметті оңайлатуға бағытталған.
Ел Конституциясы бойынша әрбір адамның қорғалуға құқығы бар, бірақ егер адамның өзіне адвокат жалдауға мүмкіндігі болмаса, оған азаматтық және әкімшілік процесс барысында бюджет есебінен мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегі, сондай-ақ тегін құқықтық кеңес берілетінін барлығы біле бермейді. Азаматтар тұрғылықты жеріне және тұратын мекеніне қарамастан Қазақстан аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқылы. «Е-заң көмегі» жүйесінің арқасында мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша адвокаттар арасында істерді біркелкі бөлу, жүйеде адвокаттардың еңбегіне дереу ақы төлеу жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 26-бабының, 2-тармағының, 4) тармақшасында көзделген алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғаларға көрсетілетіні қарастырылған. Осыған орай, Заңда көзделген жағдайларда аудан аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде қызмет көрсететін адвокаттар тарапынан тегін тиісті құқықтық кеңестер ала аласыздар.
Н.ЖАРМАХАНБЕТ,
Түркістан облысының Сарыағаш ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы аға сот орындаушы «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ-нің мүшесі