КӘСІПКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Қоғам
476 Views

Сайрам ауданының Ақсукент ауылының орталық дендро-саябағында «Мектепке жол» акциясы өтуде.

Жәрмеңкеде аудан тұрғындары мектеп формасынан бастап оқуға қажетті барлық канцеляриялық құрал-жабдықтарды арзан бағада сатып ала алады.

Жәрмеңкеге облыстық және аудандық кәсіпкерлер қатысты. Олар оқуға қажетті құрал-жабдық пен мектеп формасын, спорттық киімдер және т.б. тауарларды 10-15 пайыздық жеңілдікпен сатуда. Базар нарқындағы 4500-5000 теңгелік көйлектер 2500-3500 теңгеден, ұл балаларға арналған костюм-шалбар-жакет 12 500 теңгеден басталады. Бұдан бөлек, базардағы 60 теңгелік қаламсап 40 теңге, өшіргіштер 80 теңге, қайшы 200 теңге, түрлі-түсті қарандаштар 500 теңге, 48 беттік дәптер 180 теңге болса, ал 36 беттігі 150 теңгеден сатылуда. Таңдау — бар, тауар құны — арзан, сапасы да сай.

Шараға ауданнан және Шымкент қаласынан кәсіпкерлер қатысты. Жәрмеңкеде отандық өндірушілердің тауарлары басым болды. Атап айтар болсақ, жергілікті тігін фабрикасы «АЛТЫН АДАМ», «Гаухар» тігін фабрикасы мен «Алатау» текстиль фабрикасы да өз тауарларын төмен бағада ұсынды.

Тауар құны әдеттегіден төмен болғандықтан, жәрмеңкеге өзге өңірлерден келгендер де бар.

Ұйымдастырылып жатқан шара әрі қарай Сайрам аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары тарапынан концерттік бағдарламамен жалғасты.

*   *   *

Сауран ауданына қарасты Шорнақ ауылында «Мектепке жол» акциясы өтті. Бұл — елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін республикалық акция. Биылғы жәрмеңке «Балалар жылы» аясында өтілуде.

Іс -шараға он екі ауылдық округтің 150-200-дей мектеп оқушылары шақырылды.

Онда мектеп формаларын өндіретін, сататын облыс көлеміндегі жеке кәсіпкерлеріміздің өнімдері ұсынылды. Сондай-ақ, «Мега планета» сауда орталығы да қатысы.

Жәрмеңке тауарлары нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер өз есебінен балаларға мектеп формаларын алып берді.

Одан бөлек, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Аталған шараға аудан әкімі Ғани Құрмашұлы арнайы келіп, балалардың қуанышымен бөлісті және жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

*   *   *

Мақтаарал ауданының Мырзакент кентінің орталық алаңында «Мектепке жол» акциясы өтуде.

Акцияның негізгі мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету.

Жәрмеңкеге облыстық және аудандық кәсіпкерлер қатысты.Олар оқуға қажетті құрал-жабдық пен мектеп формасын, спорттық киімдер және т.б. тауарларды 10-15 пайыздық жеңілдікпен сатуда.

Айта кетейік, аталған науқандық акция ертең, яғни 21 тамыз күні де өз жалғасын табады.

*   *   *

Бәйдібек ауданының орталығындағы Балалар аллеясында «Мектепке жол» жәрмеңкесі өтуде.

Таңғы сағат 9.00-де басталған жәрмеңкеге тұрғындардың келуі белсенді. Аудан кәсіпкерлері мен қатар Шымкент қаласынан бірнеше кәсіпкерлер келіп мектеп формаларын 3000-4000 теңгеге, оқу құралдарын 10-15 пайызға дейін жеңілдікпен, базар нарқынан төмен бағада сатуда.

Ал Шымкенттік кәсіпкер Батырбекова Тоғжан бәйдібектіктерге мектеп формасын 60 пайызға төмендетіп жеңілдік жасады. Сонымен қатар, Тоғжан Батырбекова жәрмеңкеде тұрмысы төмен 3 отбасының балаларына өз есебінен мектеп формасы мен қажетті құрал-жабдықтарды тарту етті.

Одан бөлек, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарада мәдениет үйінің өнерпаздары тұрғындарға арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *