АҢЫЗДАР МЕН АБЫЗДАР ЕЛІ – АЯГӨЗ

Туған жер
1 869 Views

АҢЫЗДАР МЕН АБЫЗДАР ЕЛІ – АЯГӨЗ

АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 90 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ АУДАН ӘКІМІ БАҚЫТЖАН КӘКЕНҚАЖЫҰЛЫ БАЙАХМЕТОВПЕН СЫР-СҰХБАТ

– Бақытжан Кәкенқажыұлы, аңыздар мен абыздар мекені, тоғыз жолдың торабындағы Аягөз жер көлемі жағынан Шығыс Қазақстан облысында бірінші орынды алады. Ауданымыздың құрылғанына да 90 жыл болыпты. Алып аудан болған соң маңызды мәселе де аз болмайтыны белгілі. Дегенмен, соңғы жылдары ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, көптеген игі бастамалар мен жарқын жаңалықтар іске асып жатқаны шындық. Қаламыздың көркі кіріп абаттанып жатса, даламыздағы егіс алқаптарында жаңа машина-тракторлар, жайылымдарда төрт түліктің саны артуда. Кент, ауылдық округтерде жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар ел ертеңіне сенім ұялатады. Басқаны былай қойғанда соңғы үш жылда атқарылған ауқымды іс-шаралардың жөні бөлек. Күн санап жақсарған ауданның жағдайын көзбен көріп, көңілге түйген қалың жұрт өңірдің тыныс-тіршілігі жайлы тереңірек білгісі келері анық. Осы ретте Аягөздің көркіне көрік қосқан ілкімді істер мен алдағы атқарылар жұмыстар жайында айтып өтсеңіз.

– Мемлекеттік қызмет – ел алдындағы жауапкершілігі жоғары абыройлы міндет. Бұл салаға қызметке келген әр азамат Ел үміті мен Елбасы сенімін толық сезінуі шарт. Дана бабаларымызда Перзенттік парыз деген ұғым бар. Туған жер, өскен өңіріңде жауапты қызмет атқарған соң оның жарқын болашағына үлес қосып, сәл де болса игілікті іс жасасам деген мұрат отансүйгіш әр азаматтың көкірегіндегі арманы екені анық.

Туған өңірім Аягөз ауданының әкімі болып қызметке тағайындалған күннен бастап күрмеуі қиын көптеген мәселелерді шешсем деген міндетті алға қойып, солардың шешілуі жолында арнайы жоба-жоспарлар әзірленді. Бұған дейін де сан-алуан жұмыстар жасалып, айтарлықтай іс-шаралар жүргізіліп келді. Аудан әкімі ретінде сол істерді лайықты жалғастыруға баса назар аудардық. Бізден кейін де өмір жалғасады. Гүлденген өңіріміз нұрланған аймаққа айналады.

«Көңілде толған арман, толған мақсат» деп Алаш ардақтысы Сұлтанмахмұт Торайғыров ағамыз айтпақшы, жоба көп, жоспарларым да жетерлік. Бар жұмысты бір уақытта атқару мүмкін де емес. Сондықтан іргелі бастамаларды кезең-кезеңімен іске асырғанда нақты нәтижеге қол жеткіземіз.

Жыл өткен сайын еліміздің экономикалық әлеуеті өркендеп, дамудың биік сатысына қадам басуда. Ауданымыздағы түйткілі көп мәселелер шешімін тауып, мемлекеттік деңгейде ауқымды қолдау көрсетіліп отыр. Аудан аумағында жалпы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2018 жылдың қаңтар – шілде айларында 74978,5 млн. теңгені құрады, 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты қолданыстағы бағамен салыстырғанда (35 012,5 млн. теңге) өсу қарқыны 214,1% құраса, нақты көлем индексі 213,1% құрады. 2018 жылдың қаңтар – шілде айларында тау – кен өнеркәсібі өнімдерінің көлемі 53 170,1 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда нақты көлем индексі 232,1% құрады.

Ал, өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көлемі 21 002,4 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың салыстырмалы кезеңіне қатысты қолданыстағы бағамен (15 894,8 млн. теңге) 132,1 құрады, нақты көлем индексі 178,0% құрады. Ақтоғай кен байыту комбинаты 18 135 млн. теңгеге, 13 667 тонна легірленбеген, өңделмеген, тазартылмаған мыс және 52 416 млн. теңгеге 59 400 тонна мыс қойыртпасындағы мыс өндірді. Ал «Аягөз құрылыс материалдары комбинатының құрылысы» жобасы назар аударарлық. Оның жобалық құны – 2346 млн. теңге. Құрылыс кезінде нысанда – 120 адамға, пайдалану уақытында – 72 адамға жаңа жұмыс орны ашылу жоспарланған. Аталған жобаның инфрақұрылымына 2016 жылы «Бизнестің жол картасы — 2020» біріңғай бағдарламасы аясында облыстық үйлестіру кеңесінде мақұлданып, 392,9 млн. теңге қаржы қаралып, толық игерілді.

2018 жылдың 1 тамызында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары бекіткен «Аягөз құрылыс материалдар комбинатының құрылысы» жобасының жол картасының 1 тармағына сәйкес 2018 жылдың қыркүйек айында «Өндіріс» бағдарламасы арқылы Семей қаласының «Нұрбанк» АҚ-нан I-транш 240 млн. теңге және қараша айында II-транш 260 млн. теңге несие алу жоспарланған. «Аягөз құрылыс материалдар комбинатының құрылысы» жобасы 2018 жылдың желтоқсан айында қолданысқа беріліп, алдағы жылдары өнім шығару жоспарланып отыр. 2018 жылдың қаңтар – шілде айларында бюджетке 1643,7 млн. теңгенің салығын құйды, бұл 2017 жылдың салыстырмалы кезеңіне сәйкес (913,1 млн. теңге) 180,0% құрады. Сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындардың өндірген өнімдерінің көлемі 2018 жылдың қаңтар – шілде айларында 3 691 млн. теңгені құрады, 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты қолданыстағы бағамен салыстырғанда (3 148 млн. теңге) өсу қарқыны 117,2% құраса, нақты көлем индексі 110,3% құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау саласы мен жабдықтарды жөндеу және орнату көлемі бойынша «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің «Аягөз локомотив жөндеу депосы» филиалы – 366,5 млн. теңгеге қызмет көрсеткен (1424 локомотив), бұл, 2017 жылдың салыстырмалы кезеңіне қарағанда (353,6 млн. теңге – 1337 локомотив) 103,6%-ті құрады.

«Қамқор Вагон» ЖШС-нің «Аягөз вагон жөндеу депосы» филиалы – 813,1 млн. теңгенің қызметін көрсетіп (1356 вагон), салыстырмалы кезеңге (646 млн. теңге – 1244 вагон) 125,9%-ті құрады. Электрмен жабдықтау саласының көлемі бойынша «ВК РЭК» АҚ Аягөз филиалы 253,4 млн. теңгеге қызмет көрсетіп, 2017 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда (242,8 млн. теңге) 104,4% құрады.

Сумен жабдықтауда «Аягөз Су» КМК 2018 жылдың қаңтар – шілде айларында су таратуда 54,6 млн. теңгеге қызмет көрсетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (53,8 млн. теңге) 101,5%, кәріз әкету бойынша 12,8 млн. теңгеге қызмет көрсетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (11,9 млн. теңге) 107,6% құрады. «Аягөз РЭЧ» мекемесі 2018 жылдың қаңтар – шілде айларында су таратуда 16,2 млн. теңгеге қызмет көрсетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (11,4 млн. теңге) 142,1% құрады.

«Теміржолсу-Аягоз» ЖШС 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында су таратуда 40,5 млн. теңгеге қызмет көрсетіп, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (40 млн. теңге) 101,3%, кәріз әкету бойынша 5,6 млн. теңгеге қызмет көрсетіп, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (5,3 млн. теңге) 105,7% құрады. ABS групп» ЖШС-нің «Аягөз кірпіш зауытының құрылысы» жобасы. Жобалық құны – 304 млн. теңге. 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында 0,9 мың текше метр кірпіші шығарылып, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (1,9 мың текше метр) 47,4% құрады. Кірпіш зауытында 40 адам еңбек етуде.

«КЭМП-Восток» ЖШС-ің «Шарық» кенішінде шоғырлы сілтісіздендіру әдісімен алтын өндіру фабрикасының жұмысы 2014 жылдың тамыз айында іске қосылды. Жоба құны 795 млн. теңге, 190 тұрақты жұмыс орны ашылды. 2018 жылдың қаңтар – шілде айларына 910 млн. теңгеге – 90 кг алтын өндіріп, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (801 млн. теңгеге – 118 кг алтын) 76,3% құрады. 2018 жылдың қаңтар – шілде айларына 4,3 млн. теңгеге – 42 кг күміс өндіріп, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (3,3 млн. теңгеге – 32 кг күміс) 130,3% құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлер субъектілерін қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен “Бизнестің жол картасы — 2020″ бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2018 жылы БЖК-2020 бойынша субсидиялау бағытында – Аягөз қаласында тігін цехын ашу үшін 14 млн. теңге несие алып, ЖК Абрахманова «Тігін цехын ашу» алған несиесінің 200 мың тг субсидияланды.

Грант беру бойынша Сарыарқа ауылдық округінен «Барс» шаруа қожалығы басшысы Н. Құдайбергенов «Өндіретін өнімдердің ассортиментін ұлғайту» жобасы бойынша 2,7 млн. теңге грант ұтып алды. 2017 жылы Ақшәуліден «Мустахит» шаруа қожалығы 3 млн. теңге грант ұтып алған. Несиелерді кепілдендіру бойынша ЖК Абдрахманованың алған 14 млн. несиенің 3,85 млн. теңгесі кепілдендірілді. БЖК 2020 бойынша 2018 жылдың тамызында «Ерғалий и К»-75 млн. және «Самық 89»-73 млн. теңгеге 2 жоба «Даму» қоры бойынша мақұлданды. «Ақ ниет» аумақтық бағдарламасы бойынша ЖК Ошақбаева «Қонақ үй бизнесін кеңейту» жобасы — 10 млн. тг. Құжаттарын екінші деңгейлік банкіге қарауға тапсырылды.

– Соңғы жылдары ауданның шаруашылық құрылымдарының тасы өрге домалап, ауыл шаруашылығы саласы жанданып келеді. Бұл тұрғын халықтың әл-ауқатының көтерілуінің кепілі екені белгілі. Осы бағытта атқарылған іс-шаралардың бағыт-бағдары мен нәтижесі қандай?

– 2018 жылдың І жартыжылдығына ауыл шаруашылығы саласында өндірген өнімнің жалпы көлемі 9,8 млрд. теңгені құрады, (2017 ж – 8,3 млрд. теңге) бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18 процентке өсім көрсетіп, нақты көлем индексі 111,2 процентті құрап, даму рейтингісінде 2 орынды иеленіп отыр. Облыс бойынша ауданымыздың өндірілген өнімінің көлемі 7,8 процентті құрайды. 2018 жылдың 7 айлық көрсеткіші бойынша аудан бойынша ІҚМ – 97 810 бас, ҰММ – 283 848 бас, жылқы малы – 41 260 басты құрайды.

Аягөз ауданының 2015-2017 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы саласына тартылған қаражат көлемі 3 млрд. 849 млн. теңгені құрады. 2015-2018 жж аралығына болжаммен – 5 млрд. 459 млн. теңге қаражат тартылады. 2018 жылға жалпы құны 1 млрд. 790 млн. теңгеге қаржы институттарынан қаржы тарту көзделген, (2017 ж– 1 млрд. 515 млн. теңге) бұл 2017 жылмен салыстырғанда 18 процентке артады.

Оның ішінде: лизинг бойынша 117 млн. теңге және өз қаражатына 100 млн. теңгеге 59 бірлік ауыл шаруашылық техникалары алынып, ауданның машина-трактор паркі 25 процентке жаңарады. Несие мәселесі де назар аударарлық. «АШҚҚ» АҚ арқылы – 623 млн. теңге және 101 млн. теңге нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы; «АНК» АҚ арқылы – 120 млн. теңге алынады.

Алынатын мал бастарына келсек, 850 бас асыл тұқымды ІҚМ, 900 бас тауарлы ІҚМ, 3400 қой алу жоспарда. Ауылшаруашылығын субсидия мәселесі де серпілтеді. 674 млн. теңге мал шаруашылығына – шаруа құрылымдарына Үкімет тарапынан берілетін қайтарымсыз қаржы (субсидия). 55 млн. теңге субсидиялауға салынған инвестициялық салынымдар.

2018 жылға Аягөз ауданына «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы 138 млн. 784 мың теңге несие алу бойынша жоспар тапсырма берілген, бүгінгі күнге 105 млн. 950 мың теңге несие алынды. Орындалуы 76%. Оның ішінде: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы жоспар 101 млн. 928 мың теңге, бүгінгі күнге 28 несие алушылар 93 млн. 950 мың теңге алды. Орындалуы – 92%. «Аграрлық несие қоры» АҚ-мы арқылы жоспар 36 млн. 856 мың теңге, бүгінгі күнге 1 несие алушы 12 млн. теңге алды. Орындалуы – 33%.

Бұған қосымша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның «Сыбаға» бағдарламасы арқылы шет елден асыл тұқымды ірі-қара мал алуға 7 несие алушы 229 млн. 300 мың теңгеге құжаттарын толық өткізді, болжамды алынатын мал басы 382 бас асыл тұқымды ірі-қара малы. Ал, 17 несие алушылар құжаттарын жинақтауда, болжамды алынатын несие соммасы 552 млн. 500 мың теңге.

«Аграрлық несие қоры» АҚ-ның «Сыбаға» бағдарламасы арқылы шет елден асыл тұқымды ірі-қара мал алуға 7 несие алушы 199 млн. 400 мың теңгеге, ал 2 несие алушы 37 млн. теңгеге ұсақ мүйізді мал басын алу үшін құжаттарын жинақтауда. Аудан көлемінде 21 ветеринариялық пункт тіркелген, онда 146 ветеринариялық мамандар қызмет етеді.

2015-2018 жылдарда жалпы көлемі 37 560 шаршы метр жерге лажсыздандыру және 322 213 ш.м жерге профилактикалық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деңгейі 2015 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге дейін өскен.

– Енді құрылыс және тұрғын үй құрылысы жұмыстарына тоқтала кетсеңіз?

– Аудан бойынша 2015-2017 жылдардағы құрылыс жұмыстарының көлемі 180 207,5 млн. теңгені құрады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы көлемінде 2017 жылы құрылыс жұмыстарының өсу қарқыны 20,6 есеге артты. 2018 жылға жоспарланған құрылыс жұмыстарының көлемі 29 000 млн. теңге. 01.08.2018 күніне құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 7 432,9 млн. теңгені құрайды.

Ауданда соңғы 4 жылда тұрғын-үйлерді іске қосу деңгейі 36 018 шаршы метрді құрады. Тұрғын үйге қажеттілік жыл санап артып келеді. Аталмыш мәселені шешу мақсатында Аягөз қаласында құны 303 700,4 мың теңгеге 50 орындық аз отбасылық жатақхана құрылысы 2017 жылдың тамыз айында аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен бірге бұрынғы Мамырсу ауылдық округі әкімшілік ғимаратын 8 орындық жатақхана ретінде жаңғыртылды.

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауданымызда 2015 жылдан бері сомасы 2 605,9 млн. теңгеге 8 жоба іске асырылып, ағымдағы жылдың 7 айына ауылдардың сумен қамтамасыз етілуі 52,9 %-і немесе 27 ауылды құрайды. Алдағы 2022 жылға дейін таза ауыз сумен халықтың 99,2 %-ін немесе ауылдар мен елді мекендердің 82,4 %-ін қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жеке тұрғын-үй салуға берілетін жерлерді инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында ауданымызда 2018-2020 жылдарда құны 881,5 млн. теңгеге 3 жоба жүзеге асырылатын болады.

– Жақында Аягөз қаласындағы №5 жалпы орта мектеп облыстағы «Орта білім беретін ең үздік мектеп» болып танылды. Облыс әкімінің қолынан 22 627 000 теңгенің сертификатына ие болды. Бұл бір мектептің ғана емес, ауданның білім саласындағы жемісті жетістігі десек болар осы орайда жалпы білім саласы бойынша тоқталып өтсеңіз?

– Иә. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының қолынан осындай марапат алғанымызға қуаныштымыз. Жалпы, біздің даму жоспарымызда білім саласына көңіл бөліп, оны заман талабына сай дамытуға үлкен мән беріп келудеміз. Бұл ұзақ жылдар бойы жасалған жұмыстың жарқын жемісі. 2017-2018 оқу жылының білім сапасы 64,1 % құрады, 2014-15 оқу жылымен салыстырғанда 4 жылдың ішінде 7,1 %-ке өскен. 2017-2018 оқу жылының ҰБТ қорытындысы бойынша ауданымыздың орташа балы 94,2-ды құрады. Бұл облыс деңгейімен салыстырғанда 10,4 балға жоғары. (2015 жылы 80,9%, 2016 жылы 88,2 %, 2017 жылы 88,7 %).

Аудан орталығынан алыстағы шағын комплектілі жалпы орта мектептерде бала санының азаюына байланысты оларды жақын орталықтардағы білім мекемелерінде оқыту күн тәртібінде тұрған мәселенің бірі болатын. 2015 жылдан бері жергілікті бюджет есебінен 6 ауылдық округтердің орта мектептерінің 5 автокөлігі жаңартылып, қазіргі таңда 223 баланы тасымалдауда. 2015 жылдан бері мектептерді ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 668394,9 мың.теңге қаражат бөлінді.

Ауданның білім саласында ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселе – оқу орындарының тапшылығы және үш ауысымды мектептер еді. Мәселені шешу мақсатында 2015 жылдан бері 3 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. Биыл осы бағдарлама негізінде оңтүстік қалашықтан тағы бір 600 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Тұрғындар саны күн санап өсіп келе жатқан оңтүстік қалашықта балабақша қажеттілігі де көптен көтеріліп жүрген өзекті мәселелер сапында болатын. Осыны ескере отырып, №4 жалпы орта мектеп ғимаратын балабақша ретінде қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына байланысты Туған жер бағдарламасы әзірленген. ШҚО әкімі Д.Ахметовтың бастамасымен «Менің мектебім» акциясы басталды. Акция аясында Аягөз ауданындағы мектептерде 35 кабинет модификациялық үлгіде жабдықталды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» кіші бағдарламасы бойынша жалпы демеушілік арқылы жасалған жобалар ауданымызда «Туған жерге тағзым» акциясы аясында бірнеше жыл бойы іске асырылып келе жатыр.

2018 жылға «Туған жер» бағдарламасы аясында 65 млн. 647 мың теңгеге 60 жоба (+ 35 жоба «Менің мектебім» – 210 млн. теңгеге) жоспарланған. Қазіргі таңда орындалғаны: 47 жоба 51 млн. 512 мың теңге. Мәдениет саласын дамытудың негізгі мақсатының бірі – мәдени инфрақұрылымдар жағдайының жақсаруы болып табылады.

Мәдениет ошақтарын жаңғырту мақсатында 2015 – 2018 жж (қоса алғанда) аралығында мәдениет нысандарына жөндеу жүргізуге жергілікті бюджеттен жиыны 186 529 мың тг қаражат бөлінген. Оның ішінде:

– 2016 жылы – 7 мәдени нысанға – 110 292 мың тг.

– 2017 жылы – 6 мәдени нысанға – 53 237 мың тг.

– 2018 жылы – 5 мәдени нысанға – 23 000 мың тг.

Құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базаларының нығайтылып, 2017 жылы облыстық бюджеттің қаражатынан 9 “Нива” автокөлігі, сондай-ақ аудандық ішкі істер бөліміне ШҚО әкімі Д.Ахметовтың қолдауымен DAEWOO автобусымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар аудандық ішкі істер бөліміне «ДРОН» құрылғысы берілді.

– Денсаулық сақтау саласында да жүйелі жұмыстар мен іргелі жобалар іске асып жатқан сияқты.

– Денсаулық сақтау да маңызды салалардың бірі. Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау маңызды мәселе болып саналады. 2017 жылы 41 дәрігер, 63 орта буынды медицина қызметкерлері білімін жетілдіру курстарынан өткен еді. Сондай-ақ, 5 медицина қызметкері шет елге (Англия) оқуға барып келді. Олардың ішінде 3 дәрігер, 2 орта буынды медицина қызметкерлері бар. Оқуға облыстық бюджеттен 72,1 млн. теңге қаражат бөлінді.

Орталық аудандық аурухана мен ауылдық амбулаториялар 81 млн. теңгеге «Парыз» қоғамдық қорының қолдауымен медициналық құрал-жабдықтармен (ЭКГ,анализатор,УЗИ, гинекологиялық кресло және т.б.) қамтамасыз етілді.

2018 жылы инсульттік орталықтың ашылуына облыстан 637 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнде құрылыс жұмыстары аяқталып, қажетті медициналық құрылғылармен жабдықталды. Сонымен қатар ауданаралық 3 деңгейдегі перзентхана бөлімін ашуға 438,1 млн. теңге қаражат бөлініп, конкурстық жұмыстары аяқталды.

– «Әркімнің туған жері Мысыр шаһары» дейді. Аягөз өңірі – бүкіл қазаққа танымал, киелі мекен, ерекше жаратылған жер. Аудан мәртебесі осы өңірдің әрбір азаматының мәртебесі деп білеміз. Осы орайда аудан басшысы ретінде алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз.

– Аягөз – менің туған жерім. Аудандағы жауапты мекемелердің басшылары мен қызметкерлерінің барлығы да осы өңірдің құмына аунап, суын ішіп өскен азаматтар. Өз отбасының бақытын ойлайтын отағасы сияқты билікте отырған, түрлі деңгейде қызмет жасап жүргендердің барлығы баламның болашағы, немеремнің келешегі үшін не жасап жүрмін деп ойлануымыз керек. Еккен әрбір талымыздың мәуелі бәйтерек болып жайқалып өскенін, атқарған әрбір жұмысымыз тұрғындардың алғысын алатын деңгейде атқарылуын басты назарда ұстағанымыз дұрыс. Сонда ғана даму мен өркендеу, көркею мен гүлдену, нәтижелі жұмыс пен жақсы болашақ болады. Мен аудан тұрғындарының әрқайсысынан осындай жауапкершілік күтемін, Сонда біз жемісті де жеңісті жолмен жүреміз. Бүгін жасалып жатқан барлық жұмыстар береке-бірлік пен ынтымақтың арқасында іске асып жатыр. Біз бір-бірімізге деген сый-құрметімізбен, ел мен Елбасы алдындағы жауапкершілігімізді терең сезіне отырып, алдағы уақытта да жарқын жетістіктерге жете беретінімізге сенемін.

– Құрметті Бақытжан Кәкенқажыұлы, әңгімеңізге рахмет. Өңірімізге өркендеу, еңбегіңізге табыс тілейміз.

Сұхбаттасқан Ермек ДАЙЫРБАЕВ,

Халықаралық “Шабыт” фестивалінің лауреаты, Халықаралық М.Шолохов медалінің иегері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *