КӘСІПКЕРЛІК ҚАРҚЫН АЛҒАН

Қоғам
1 536 Views

Орта және шағын бизнесті дамыту – жұмыссыздықты жоюда, нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, өңірлердің экономикасын тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады. Сондықтан да еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне жан-жақты жағдай жасалып, айрықша назар аударылып отыр. Осы тұрғыда қабылданған мемлекеттік бағдарламалар жеке кәсіппен шұғылданамын, кәсібімді кеңейтемін деушілерге барлық мүмкіндіктерді қарастырған.

Бүгінде Жетісай ауданында 2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 17 450 бірлікті құрап отыр. Кәсіпкерлер тарапынан өндірілген өнім көлемі 20,1 млрд. теңгеге жеткен.

Сонымен қатар, мемлекеттік қаржы институттары мен екінші деңгейлі банктер арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы жобалармен қатар басқа да салаларды дамытуға өтініш білдірген 125 азаматқа 350,2 млн теңге көлемінде несие берілген.

Одан бөлек, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ауданда химиялық талшық, синтефон өндірісімен айналысатын «ҚазИнновация Лидер» ЖШС жоба қуаттылығын арттыру мақсатында қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға 25 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілсе, «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында тағы 13 жобаның құжаттары рәсімделіп, сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданында инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған индустриалды аймақ болмауына байланысты Асықата кентінен 50,0 га жер учаскесі резервке алынды. Бүгінгі таңда қажетті инфрақұрылым тарту бойынша тиісті құжаттар әзірленуде.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 8 айында өңірлік өнім 48,6 млрд. теңгені құраса, өнеркәсіп өнімінің көлемі 6,5 млрд. теңгеге, өңдеу өнеркәсiбi өнiмі 4,9 млрд. теңгеге, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 7,6 млрд. теңгеге, ал, бөлшек сауда 12,6 млрд. теңгеге жеткен.

Айта кетейік, 176,6 мың тұрғыны бар Жетісай ауданындағы түрлі бағыттардағы кәсіпкерлік саласында 20 443 азамат тұрақты жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *