ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ 190 ТҰРҒЫНҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қоғам
1 415 Views

Бұл туралы Түркістан қаласының «Халықты жұмыспен қамту орталығының» директоры Ақмарал Пернебекқызы мәлім етті.

Орталық басшысының мәлімдеуінше, шаһарда жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 6912 тұрғын қамтылған.

Атап айтсақ, 843 адам қоғамдық жұмыс орындарына, 125 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 501 тұрғын «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа жолданды. Ал тұрақты жұмыс орындарына 3271 азамат, алғашқы жұмыс орнына 35 тұрғын орналасты.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік қайтарымсыз грант 190 тұрғынға тағайындалды. Қазіргі таңда жұмыспен қамту шаралары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *