КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР ӨЗБЕКСТАНҒА КЕТТІ

Экономика Қоғам
817 Views

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан әкімдеріне ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді мақсатына сай пайдалануды, табиғи мүмкіндіктерді пайдалана отырып,жаңа технологиялар арқылы интенсивті бау шаруашылығына басымдық беруді қолғаалу бойынша тапсырма берді. Берілген тапсырма аясында Келес ауданының әкіміАқментай Есбаев арнайы делегация құрып, Өзбекстан Республикасына барды.

Көрші мемлекеттің Ташкент, Джиззах және Самарқанд облыстарының аудандарын аралап, жергілікті шаруа қожалықтарының жұмысымен танысуда. Мақсат – көрші мемлекеттегі шаруалардың егін егудегі тың технологияларын меңгере отырып, көп жылдық екпелерді, яғни интенсивті алма, жүзім сынды өнімдерді Келес даласына тарта отырып, игерілмей жатқан жерлерге көкөніс өнімдерін егу бойынша өзбек шаруаларымен тәжірибе алмасу.

Аудан басшысы Ташкент облысының шаруаларының жұмысымен танысты. Ондағы көкөніс сақтайтын қоймалардың технологиясы, артықшылықтары мен тиімділігі жайында ақпарат алып, шаруалар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Келес ауданынан барған делегация Самарқанд облысына қарасты Тойлоқ ауданындағы «Боғи зоғон» шаруа қожалығының жұмысының барысымен танысты. Шаруа қожалығында 15 гектар интенцивті алма бау, 1 гектар жылыжай және сыйымдылығы 200 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын қойма жұмыс жасап тұр.

Шаруа қожалығының иесінің айтуынша жаңа технологияны Түркия мемлекетіне барып, сол жақтан меңгерген. Ауа-райының ылғалдығы, жазғы ыстықтың егінге берер пайдасы мен зияны жайында сұрақтарын қойған келестік шаруалар тиісті жауаптарын алды.

Сондай-ақ келестік делегация Джизах орман шаруашылығы мекемесіне қарасты көшет өндіру процесімен танысты. Алдағы күндері келестік делегацияның сапары Өзбекстан Республикасының оңтүстік облыстарындағы шаруалардың жұмыс барысымен танысатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *