ҚАЗАҚСТАНДА ӨМІР СҮРУ ҚИЫНДАП БАРА МА?

Қоғам Құттықтаймыз
353 Views

Picodi.com өткізген зерттеу нәтижесінде Қазақстан ең төменгі айлықтың азық-түлікке жету рейтингінде 67 елдің ішінен 60 орын алған. Бізден тек Армения, Өзбекстан, Нигерия, Вьетнам сынды елдер ғана төмен тұр. Ең үздік көрсеткіш Ұлыбритания, Ирландия мен Австралияда. Яғни, осы елдерде тұрсаңыз, мұртыңызды балта шаппайды.

Қазақстанда ең төменгі айлық 15%-ға өссе, азық-түлік 20 пайызға қымбаттаған. Аналитиктер зерттеу үшін шартты азық-түлік себетін құрып, оны ең төменгі жалақымен салыстырды.
Осы азық-түлік себетінің құны 2023 жылдың басындағы 31 910 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,6 пайызға артық. Осы сома салықтарды төлегеннен кейін қолда қалатын ең төменгі жалақының 51,9%-ына тең. Өткен жылы бұл көрсеткіш 50,2 пайызды құраған болатын. Демек, Қазақстанда бағаның өсуі ең төменгі жалақының өсуінен де асып түскені белгілі болды.

Нақты қорытынды: макроэкономикалық жетістіктерімізге қарамастан (ІЖӨ өсуі, мұнай, тб) Қазақстанда өмір сүру қиындап барады. Яғни, қарапайым адам үшін биыл былтырғыдан жаман, ал келесі жыл биылғыдан да жаман болады деген сөз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *