ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫ ҚАЙТКЕНДЕ КӨБЕЙЕДІ?

Қоғам
361 Views

Мемлекет басшысы биыл Қазақстан халқының табысын арттыру жөнінде 2025 жылға дейінгікешенді бағдарламасын қабылдады.

Шындығында, инфляция 2022 жылы ең жоғары деңгейге жетті. Сарапшылардың өзі салыстырмалы түрде бұдан жиырма жыл бұрын дәл осындай инфляциялық шарықтауға ұқсас, былтыр бағаның үздіксіз өсуі байқалғанын жоққа шығармады. Сондықтан жалақыны көтеру – нарықтағы бағаны қуып жету үшін жасалған тетіктер деп түсіну керек.

Ал халықтың табысын арттыру — инфляцияны қуып жету емес!

Қазақстанда 3 млн жұмыскердің жалақысы аз, өнімділігі төмен салаларда жұмыс істейді.

Халықтың табысын арттырғымыз келсе, ең алдымен табысқа алып келетін, нарықта сұранысқа ие тауарларды өндіретін немесе сол тұрғылас қызмет түрлерін дамыту керекпіз!

Жүздеген адамды жұмыспен қамти алатын зауыт-фабрикалар, цехтар қазір бізге ауадай қажет. Біздіңше өндіріс ғасыры артта қалды, қазір бәрі роботпен автоматтандырылған, Қытай секілді алып өндіруші ел тұрғанда… деп қате стереотипке бой алдыруға болмайды. Мәселен, елімізде құрылыс қарқынды. Мыңдаған тұрғын үйлер мемлекеттік бағдарламалармен салынады, сондықтан құрылыс компаниялары отандық үлгідегі, сапасы стандартқа сай құрылыс тауарларын қолдануы тиіс. Шетелде тұрғын үйлер қабырғаларына жапсырылған жаңа жиһазымен бірге беріледі. Біз де жаппай жиһаз цехтарын өндіріске қосу керекпіз!

Мұнан шығатын қорытынды, есік-терезе, үстел, орындыққа дейін өзіміз шығарып, өзіміз тұтынушы болсақ, көп жағдайда ұтарымыз көп. Халықтың табысын арттыру үшін алдымен импортқа тәуелділік коэффицентін азайтып, отандық тауардың еншісін көбейту керек. Ол үшін әрбіріміз ел патриоты ретінде шағын және орта бизнес аясында отандық тауарларды өндіріп және соны өзіміз тұтына білсек екен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *