ШЫМКЕНТТІКТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ «ХҚО» МОБИЛЬДІК ҚАСЫМШАСЫНАН АЛА АЛАДЫ

Қоғам
244 Views

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері «ХҚО» мобилді қосымшасы арқылы қалай мемлекеттік қызметтерді смартфондағы бейнеқоңырау функциясы арқылы алу мүмкіндіктерін айтып берді.

Шымкенттіктер қашықтан, нақты уақыт режимінде жұмыссыздық, жүктілік және босану бойынша жәрдемақыны алуға өтініш бере алады, АХАТ-тан куәліктердің көшірмесі мен анықтамаларды сұрата алады. Сондай-ақ білім тұралы құжаттардың телнұсқаларын, жоғары сұраныстағы анықтамаларды ( соттылықтың болмауы, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, зейнетақы аударымдары туралы және т,б.) рәсімдей алады, тіпті тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеуден шығарып, ЭЦҚ алып, әлеуметтік төлемдер тағайындау және әлеуметтік көмек тағайындау сияқты т.б танымал 37 қызмет түрін ала алады.

Қосымшаның тағы бірнеше функциясы бар. Клиент ХҚО-ға онлайн кезекке тұрып, QR-кодтың көмегімен талон алып және қажетті байланыс ақпараттын таба алады.

«ХҚО» мобильдік қосымшасын пайдалану үшін Digital ID немесе мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмір арқылы кіруге болады. Қосымша Play Market және App Store-де қол жетімді.

Бүгінгі таңда шымкенттік ХҚО операторлары бейнеқоңырау арқылы 2 569 қызмет көрсетіп, 132 ЭЦҚ берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *