Кезінде ғарыштық держава болған көрші енді ғарыш станциясындағы ғарышкерлерін шұғыл эвакуациялауға әзірленуге мәжбүр.
Зақымданған ғарыш кемесінің экипажын Жерге қайтару үшін Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) «Союз МС-23″ пилотсыз кемесі ұшып барды. Бұл туралы»Роскосмос» жария етті.
АҚШ, Канада, Жапония, Еуропа, Бразилия, Ұлыбритания сияқты 15 елдің біріккен жобасы саналатын Халықаралық ғарыш станциясының ресейлік сегменті «шұрық тесік астауды» (разбитое корыто) елестетеді.
Орбитадағы ресейлік модульдер болса, ары қарай қаусап бара жатқанғаұқсайды. 2022 жылғы 15 желтоқсанда ресейлік сегментке тіркелген «СоюзМС-22» кемесінің жылу режимін қамтамасыз ету жүйесі қысымын жоғалтабастады, яғни разгерметизация. Бұған қоса, ғарыш станциясының сыртқы камераларыресейлік кемеден сыртқа салқындатқыш сұйықтықтың тоқтаусыз ағып жатқанын айтқан. «Союздағы» ауа температурасы рекордтық 30 градусқа дейін қызды. Алайда Роскосмос мұны «экипажға қатер төндірмейді» деп танып, оныэвакуациялаудан бас тартты. Оның ғарышкерлері америкалық сегментті паналауғамәжбүр болған. 18 желтоқсанда РФ мемкорпорациясы бұғаттау арқасында кемедегітемпература шекті мөлшерге төмендегенін мәлім етті. Роскосмос сөзінше, апатқаұсақ метеороидтың соқтығысып, орнында 1 миллиметрге жетпейтін тесік қалдыруысебепкер.
Бұл аз болғандай, артынша 2023 жылғы 11 ақпанда енді станцияға тіркелген «Прогресс МС-21» жүк кемесінде разгерметизация басталған. Роскосмос оған да аспан денелерін «айыптай» салды. Ғарыштық жүк көлігінің термореттеу жүйесінде, радиаторында 12 миллиметрлік жырық пайда болыпты. Дегенмен, мамандар ғарыш тастарының кінәлі екеніне күмәнданған. Содан салаға жауапты «Энергия» компаниясы зауыттық ақау нұсқасын тексеру үшін «соңғы 15 жылдағы термореттеу жүйесіне қатысты сын-ескертпелер тарихын талдап шығып», ақауды растай алмады.
Енді ешкім де оны тексере алмауы мүмкін: биылғы 19 ақпанда Мәскеу»Прогресс МС-21″ қақыраған кемесін пилотсыз режимде жерге қайтарып, шұғыл түрде мұхитқа батырып жіберді.
РФ космонавтикасының бұдан басқа проблемалары толып жатыр. Былтырғы 25 қарашада ресейлік ғарышкерлердің ашық ғарышқа шығу жұмыстары доғарылды.
Салдарынан, РФ ғарышкерлері ұзақ уақыттан бері ашық ғарышқа шыға алар емес. Оқиғаның себептерін анықтау үшін құрылған комиссия қорытынды шешімге келе алмапты.
Биылғы жыл басталғалы Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 3 рет зымырантасығыш ұшырды. Атап айтсақ, 2023 жылғы 5 ақпанда «Протон-М/ДМ-03» зымырантасығышын аспанға аттандырды. 9 ақпанда «Союз-2.1а» зымыраны «Прогресс МС-22» кемесін ғарышқа шығарды. Ал 24 ақпанда «Союз-2.1а» зымырантасығышы «Союз МС-23» кемесін ғарыш станциясына жеткізді.
Наурызда 2 рет: «Протон-М» мен «Союз-2.1б» зымырантасығыштарын Байқоңырдан ұшыруды жоспарлап отыр. Ал биылғы жылы РФ қазақстандық ғарыш айлағынан наурыздағысын қоса алғанда, жалпы саны тағы 6 рет зымырантасығыш ұшыруды жоспарлап қойды. Бұл – кезекті тарихи антирекорд саналады. Бірақ іс жүзінде зымырантасығыштардың табысты ұшырылымдарының саны бұдан да аз болуы ғажап емес.
Былтыр Байқоңырда тек жетеу ғана ұшыра алды. Салыстырсақ, РФ 1990 жылы Байқоңырдан бір жылда 79 зымырантасығыш ұшырған. Содан бері тоқтаусыз азайып келеді. Мүлдем доғаруы да ықтимал.
Қазақстан тарапы Ресейдің «Байқоңырдан» кетуіне ақырындап дайындалып жатыр.
Жалпы, ұзақ жыл сөз болған «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешені 2022 жылы – 28,9% ғана дайын болыпты. 2023 жылы – 100% аяқтау жоспарланған. Бірақ мерзім тағы шегерілуі мүмкін.
Мұсылман елдегі Бәйтерек жаңа космодромына бай араб елдері қызығушылық танытып отыр. Біріккен араб әмірліктерімен уағдаластық бар. Бірақ жаңа зымыран-ғарыш кешені жобасын жүзеге асырудың жаңа шарттары пысықталып жатқан көрінеді.
Егер жоспар бұзылмай, «Бәйтерек» кешені салтанатты түрде биыл ашылса, бұл қазақ ғарыш саласының тарихи биік белесі болмақ.
Жанат АРДАҚ