«ASTANA OPEN» ӘЛЕМДІК ТУРЫ АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАНДА ӨТЕДІ

Спорт
1 502 Views

Қазақстан Теннис Федерациясы Нұр-Сұлтан қаласында жүлде қоры $275,000 болатын ATP 250 «AstanaOpen» кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының әлемдегі ең беделді турнирлерінің бірін өткізу құқығына ие болды.

Турнир 2020 жылдың 25 қазаны мен 1 қараша аралығында өтеді және әлемдік рейтингтің бірінші жүздігінің 60-тан астам қатысушысын жинайды. Әлемнің ең мықты теннисшілері өз қатысуын растады – Бенуа Пер (26), Адриан Маннарино (39), Джон Миллман (43) және т.б.

Теннис Қазақстан ұлттық құрамасында Александр Бублик (49), Михаил Кукушкин (88) және Дмитрий Попко (171) және т.б. өнер ұсынады.

«Теннис федерациясының жұмысы АТР-дің жоғары бағасына ие болды, оған Қазақстан астанасын турнир өтетін орын ретінде таңдау дәлел. Біз үшін бұл – үлкен сынақ, бірақ біз турнирдің ең жоғары деңгейде өтетініне сенімдіміз. Бұған барлық жағдай жасалған», – Қазақстан Теннис Федерациясының президенті Болат Өтемұратов.

АТР 250 әлемдік турына жылына 40 кәсіби ерлер туры кіреді. Алайда, осы маусымда пандемияға байланысты барлығы 17 тур өтті. Нұр-Сұлтандағы турнир, шын мәнінде, маусымды жабады және теннисшілерге осы жылда соңғы рет АТР рейтингінде 250 ұпай алуға мүмкіндік береді.

Турнирді өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің жоғары шараларын ескере отырып, ойындар көрермендердің қатысуысыз және қатаң хаттама аясында өтеді.

«Astana Open» ұйымдастырушылары ойыншылардың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шектеу шараларын қарастырды. Ұлттық теннис орталығының аумағы ПТР-диагностикаға арналған арнайы жылжымалы зертханалармен және термосканерлермен жабдықталатын болады, ойыншылардың, ұйымдастырушылар мен персоналдың қажетсіз байланыстарын болдырмайтын қатаң маршруттар әзірленді», – деп Қазақстан теннис Федерациясының Вице-президенті Юрий Польский хабарлады.

«Біздің барлық матчтарымыз онлайн-трансляция режимінде көрсетiледi. Халықаралық серіктесіміз IMG компаниясы әлемнің барлық негізгі өңірлерінде трансляцияны жүзеге асырады, Қазақстан аумағында эксклюзивті хабар тарату құқығына «QAZSPORT» арнасы ие болды. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүріп жатыр, біз қызықты матчтарды күтүдеміз», – деп турнир директоры Атилла Рихтер атап өтті.

Бұдан басқа, Ұлттық теннис орталығының аумағында виртуалды баспасөз орталығы жұмыс істейді, бұл қазақстандық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының баспасөз конференцияларына, ойыншылармен эксклюзивті сұхбаттарға және «Astana Open» шеңберінде көзделген теннисшілердің басқа да белсенділіктеріне кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

«Турнир өзімізге үйреншікті корттарда өтетіні екі есе жағымды, олар ең үздік алаңдардан еш кем түспейді», – деп өз әсерімен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бөлісті.

Қазақстанның Теннис Федерациясы жыл сайын 50-ге жуық халықаралық турнир өткізеді, олардың қатарында Президент Кубогы мен Дэвис Кубогы бар.

«Әділет — ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *