«BUSINESS LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫНЫҢ ШЕШУШІ КЕЗЕҢІ ШЫМКЕНТТЕ ӨТЕДІ

Рухани жаңғыру
502 Views

Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлім болды.

Баспасөз мәжілісіне «Business Lady Kazakhstan» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сәуле Қайсар, Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева қатысты.

Сәуле Қайсардың мәлімдеуінше, елімізде төрт жыл бойы өткізілген байқауға ауылдық жерлерден 200-ге жуық әйел қатысқан. Жоба соңында – гала-финал, яғни жыл кәсіпкері атағы үшін байқауы ұйымдастырылады. Аталған байқауда қатысушылар бизнестегі өз дағдыларын көрсету және шығармашылық әлеуетін паш ету мүмкіндігіне ие болады.

– «Business Lady Qazaqstan» байқауы қалалар мен аудандардағы кәсіпкерлік белсенділікті бағалауға және талдауға, әйелдердің негізгі бейім кәсіпкерлік салаларына қызығушылығын оятуды көздейді. Олардың қандай білімге мұқтаж екенін, бизнесті жүргізу кезінде қандай мәселелерге тап болатынын анықтауға мүмкіндік береді, – деді Сәуле Қайсар.

Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Абдухамитқызы жобаның маңыздылығына тоқталды.

– Бұл конкурс биыл Шымкентте алғаш рет өткізіліп отыр. Көп қыз-келіншектерге мүмкіндік беретін жоба үлкен жауапкершілік жүктейді. Біздің жобалық кеңсенің басты бағыттарының бірі де қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың байланысын арттыру. Яғни, азаматтық қоғамды қалыптастыру, – деді З.Оралбаева.

Брифинг барысында «Business Lady Qazaqstan» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен Шымкент қаласының «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Айта кетейік, байқаудың шешуші кезеңі Шымкентте 2021 жылдың 2 сәуір күні өтеді. Оған Қазақстанның әр аймағынан шағын және орта бизнестің 13 өкілі қатысады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *