ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ДАУЛЫ МӘСЕЛЕ ӨРШІП ТҰР

1 242 ViewsТүркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы ШӨКЕЕВТІҢ, Түркістан облысының прокуроры Марат Тілеуқабылұлы АЛИХАНОВТЫҢ, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Әбілсейіт Оразахынұлы ДҮЙСЕБАЕВТЫҢ, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Сұлтанбайұлы ДӘЛБЕКОВТІҢ назарларына! ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ДАУЛЫ МӘСЕЛЕ ӨРШІП ТҰР Жер … Жер – өмір, халық, тарихпен қат-қабат араласып жатқан ұғым. Жер тарихы – халық тарихы, өмір […]

Толығырақ

«БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТЫҢ БАҒЫ ЖАНБАЙ ТҰР»

3 008 ViewsМен 1957 жылы Түркістан қаласындағы №19 мектепті бітіріп қазіргі әл-Фараби атындағы Ұлттықуниверситетінің топырақтану-биология факультетіне оқуға түстім. 1962 жылы Жоғарғы оқу орнын бітіріп жолдамамен Ауылшаруашылық министрілігіне қарасты«Казгипрозем» институтының Шымкент қаласында орналасқан филиалына жұмысқа орналастым. Төрт жыл Оңтүстік Қазақстанның топырағын зерттеуге тікелей қатыстым. Шаруашылықтарға топырақтың картасын жасадық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру жолдары туралы нақты рекомендация ұсындық. […]

Толығырақ

СОҢҒЫ НҮКТЕНІ ТӘРТІПТІК КЕҢЕС ҚОЙМАҚ

1 072 ViewsШымкент қаласының спорт басқармасы басшысына қатысты халықтың пікірі әлеуметтік желіде де қатты сынға ұшырауда. Спорт басқармасының басшысыО.Почиваловтың үстінен әкімшілік және қылмыстық істер қозғалып отыр. Әкімшілікісті Шымкент қаласы Еңбек инспекциясы, ал қылмыстық істі Абай аудандық Полициябөлімі жүргізуде. Бұл жағдай бүгінгі таңда қоғамның назарында тұруыменерекшеленсе, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қоятын шешімі де алыс емес сияқты.Қарашаның бірінші […]

Толығырақ

АЙГҮЛ ОРЫНБЕК ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР ОЛҚЫЛЫҚТАРДЫ АЙТТЫ

1 081 ViewsМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы болып өтті. Кеңес мүшесі Айгүл Орынбек Түркістан облысындағы бірқатар олқылықты жария етті. Ол Президент Жолдауына тоқтала отырып, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымын еске салды. «Дер кезінде «сөзден – іске» көшіп, халықтың тұрмыс-тіршілігімен таныс қоғам белсенділерінен тұратын Ұлттық кеңесті құрдыңыз. Бүгінде кеңес өкілдері […]

Толығырақ

«МЫҢ АСҚАНҒА БІР ТОСҚАН»

1 288 ViewsРеспубликалық «Әділет. Рухани жаңғыру» газеті Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы О.Почивалов пен «№3 олимпиада резервінің мамандандырылғанбалалар-жасөспірімдер спорт мектебі» ұжымы арасында орын алған қудалаушылық туралы бірнеше мәрте жазған болатын. Жазған сыннан тиісті қорытынды шығармаған Шымкент әкімдігі мен спорт басқарма басшылығының ендігі көрсеткені қоқан лоқы,ұрып-соғу, балағаттау секілді әрекеттерді ашық орындауға […]

Толығырақ

«ЕТ САСЫСА ТҰЗ СЕБЕДІ, ТҰЗ САСЫСА НЕ СЕБЕДІ?!» немесе СПОРТ – СУАЙТ ПЕН СПЕКУЛИАНТ САЙРАН САЛАТЫН ОРЫН ЕМЕС

3 179 Views«Өзімшілдік қай уақытта да қоғамның дерті болған, оның көлемінің ұлғаюы қоғамға салмақты қиындық түсірген», – деп айтқан екен италяндық ойшыл Джакомо Леопарди. Қалай айтса да дұрыс айтылған. Дұрыс айтылғанда да тура біздің мегополисіміздің спорт саласында басшылық қызметін уақытша атқарып отырған Почиваловқа тікелей бағытталғандай. Бұлай дейтініміз, газетіміздің өткен сандарында бұл басқармаға қатысты бірнеше сын материалдар […]

Толығырақ

АТАҢНАН МАЛ ЕМЕС, ТАЛ ҚАЛСЫН!

1 417 ViewsҚұрметті оқырман, өздеріңізге берген уәде бойынша біздің редакцияның атынан Түркістан қаласындағы Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университетіндегі орын тапқан жағдай туралы қысқаша баяндама жасайтын ойымыз бар. Бір аңызды негізге алсақ, ертеде Қошқар ата әулие тоғыз жолдың торабында тұрған, аптап ыстықта қалған, аптасына жеті күн уілдеген желден азап шеккен Түркістан қаласының тұрғындарына қара суды […]

Толығырақ

«ҚУЫРДАҚТЫҢ КӨКЕСІН ТҮЙЕ СОЙҒАНДА КӨРЕСІҢ» НЕМЕСЕ ПОЧИВАЛОВТА ПАЙЫМ БАР МА?

1 520 ViewsГазетіміздің өткен санында «Алдау бар жерде ақиқат жоқ» тақырыбымен Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының міндетін атқарушы О. В. Почиваловтың іс-әрекеттеріне байланысты сыни журналистік зерттеуімізді жариялаған болатынбыз. Өкінішке қарай, сыннан дұрыс қорытынды шығармай, ҚР Еңбек кодексін аяғымен таптағандай болып, Шымкент қаласының №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөпірімдер спорт мектебінің директоры А. А. Сугралиевті […]

Толығырақ

АЛДАУ БАР ЖЕРДЕ АҚИҚАТ ЖОҚ!

1 939 ViewsШымкент қаласының әкімі Мұрат ӘЙТЕНОВТІҢ назарына! АЛДАУ БАР ЖЕРДЕ АҚИҚАТ ЖОҚ! Газетіміздің өткен санында «Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргенінен емес…» тақырыбында Шымкент қаласының спорт және дене шынықтыру басқармасында қордаланған мәселелерге қатысты сыни мақала жариялаған болатынбыз. Мақалада мектеп директорларынан келген арызда көтерілген мәселелердің иненің жасуындай ғана бөлігі қозғалды. Журналистік зерттеуіміз объективті болу үшін […]

Толығырақ

БІР ҚҰМАЛАҚ БІР ҚАРЫН МАЙДЫ ШІРІТЕР…

1 545 ViewsТүркістан облысының әкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВТІҢ назарына! БІР ҚҰМАЛАҚ БІР ҚАРЫН МАЙДЫ ШІРІТЕР… Соңғы уақытта Түркістан облысының «Адами әлеуеттік дамыту басқармасы» (білім саласына) қатысты дау-дамайлар әлеуметтік желі мен БАҚ арқылы республика аумағына тарап жатыр. Негізі қаланғанына екі жыл болған жаңа облыстың білім саласында қызмет жасап жүрген педагог-ұстаздардың жан айқайы неге толастамай кетті? Күннен-күнге өршіп бара […]

Толығырақ