«БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТЫҢ БАҒЫ ЖАНБАЙ ТҰР»

Мәселе Қоғам
1 877 Views

Мен 1957 жылы Түркістан қаласындағы №19 мектепті бітіріп қазіргі әл-Фараби атындағы Ұлттықуниверситетінің топырақтану-биология факультетіне оқуға түстім. 1962 жылы Жоғарғы оқу орнын бітіріп жолдамамен Ауылшаруашылық министрілігіне қарасты«Казгипрозем» институтының Шымкент қаласында орналасқан филиалына жұмысқа орналастым. Төрт жыл Оңтүстік Қазақстанның топырағын зерттеуге тікелей қатыстым. Шаруашылықтарға топырақтың картасын жасадық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру жолдары туралы нақты рекомендация ұсындық.

1965 жылы В.Р.Вильямас атындағы Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу инс-титутына жұмысқа ауыстым. 1971 жылы университетте кандидаттық диссертация қорғап, он бес жыл бөлім меңгерушісі қызметін атқардым. Институт еңбегімді бағалап жеке үй берді. Еңбекақым 420 рубль болды. Ал ол кезде Ауылшаруа-шылық министрі 600 рубль алатын.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 1991 жылы Түркістанда мемлекеттік университет ашылып, оған Ахмет Ясауи атын берді. 1993 жылы Халықаралық қазақ – түрік университеті болып қайта құрылды. Бұл исі қазақтың өңі түгіл түсіне кірмейтін Ақсақ Темір Ахмет Ясауидың кесенесін орнатқаннан кейін алты ғасыр өткен соң тарихи жаңалық болды.

«Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесі ғой»,– деп Мағжан жырлаған қазақтың астанасы – Түркістанның жаңа өркендеу дәуірі басталды.

Ахмет Ясауи заманында Түркістан (Яссы) жайқалған оазис болған. Қаратаудан мөлдіреп аққанҚарашық, тағы басқа көптеген өзендер көктемде аттылы адам зорға өткен. Сырдариятасып қызыл су Түркістанның шетіне келген. Оның екі жағының ені 15 – 20 км.қалың тоғай орман болған, жолбарыс, арыстан сияқты жыртқыш аңдар мекендеген, еңнегізгісі Қызылқұмның ыстығы Түркістанға жібермейтін тосқауыл еді. Қазақстанжерінде ұзындығы 1400 км. Сырдария ғасырлар бойы халықтың қыста қыстауы, жаздаегіні мен бау-бақшасы, өркендеген аймағы болған. Кептірілген қауынның құрамында50 пайыз қант бар.

Бүгінгі күні Сырдария бірнеше жерінен байланды, көктемде тасымайды, жер асты суының деңгейітөмендеді, тоғай орманы өзеннің бойында ғана қалды. Жергілікті халық өртепотынға пайдаланады, нәтижесінде Қызылқұмның ыстығы Түркістанға кедергісізкеледі. 1941-1945 жылдары қорғасынның 90 пайызын Қаратаудан алды, су жер астынакетті, өзендер тартылды, бұлақтар жоқ. Метеорологиялық зерттеулердің нәтижесібойынша соңғы елу жылда Түркістанда орташа жылдық температура бір градусқакөтерілді, жылдық жауын-шашын мөлшері 28мм.-ге төмендеді, ыстық күндер кезеңі5-6 айға созылды. Ауа температурасы шілде айында 45-50 градусқа жетеді, ыстықжел керімсал соғады, қыста 20-25 градус қара суық. Тұрғылықты халықтың арасындатері, өкпе аурулары жиі кездеседі. Осы проблемаларды шешу үшін академик ИсаОмарұлы Байтулин университет ректоры Мұрат Жұрынұлына Түркістанда ботаникалықбақ салу туралы ұсыныс жасайды.

Түркістан университетінің құрамы, оны қаржыландыру туралы Премьер-министр қол қойған Қаулы қабылданды (№ 428.29.09 1992 ж.). Осы құжатта Дендропарк тізімде бар, оған 41004,09 мың рубль қаржы бөлінген. Академик Иса Омарұлы Түркістанды өркендетуді қолға алайық, университетке бар деп мені ұсынды. Докторлық диссертация жазуға материал жеткілікті, оған уақыт керек.

1991 жылы Шортандыдағы Бүкілодақтық егін шаруашылығы директоры Мехлис Сүлейменовпен бірігіп бидайдың сапасы туралы жоба дайындадық. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясының Қазақстандағы филиалы бір миллион рубль қаржы бөлді. Бұған Академик Рахым Уразалиевтың көмегі тиді. Жұбайым Айнагүл Қаскелеңдегі педучилищеде жұмыс істейді, кенже қызым Ардақ мектепте оқиды. Жалпы отбасы жұмысы жетіп жатыр.

Әкем қырықтан, анам отыздан асқанда Алладан бір ұл сұрап Ахмет Ясауи кесенесінде көпшілік қауымға ас беріп, сонда түнеген. Содан мен дүниеге келіп есімімді Құл – Ахмет деп қойған.

Осы жағдай мені Түркістанға итермелеп, азаматтық парызымды орындау керек секілді ойда болдым.

Сонымен жұбайым Айнагүлмен келісіп Түркістанға баратын болып шешім қабылдап, институттан жұмыстан шықтым. 1993 жылы мамыр айының 25- жұлдызында университетке келдім. Ректор Мұрат Жұрынұлы Жұрынов мені өз әріптестерімен таныстырды.

Менің арызыма “назначить заведущим лабораторией по стройтельству ботанического сада” деп бұйрыққа қол қойды. Ботаникалық бақты салуды өзі тікелей басқаратынын айтты. Бір жылдан кейін маған жеті бөлмелі жеке үй берді. Барлық мәселелерді уақытылы шешіп, менің сұраныстарыма бірден келісім беретін.

Ботаникалық бақтың жобасы академик Иса Омарұлы Байтулиннің басшылығымен жасалды. Интродукциялық функциясына байланысты ботаникалық бақ үш секторға топтастырылды: дендрарий, тәжірибе-эксперимент алаңы, шаруашылық. Розарий, сиренгарий, декоративтік, өсімдіктер, дәрілік өсімдіктер, сирек және қорғалатын өсімдіктер, ақ қайың, барлығы жиырма питомник орналыстыру белгіленді.

Ботаникалық бақтың картасын Татьяна Мусина Журсингазиевна жасады. Барлық питомниктер мен аллеяларды, жолдар мен тротуарларды нақтылап көрсетті. Татьяна Журсингазиевна Алматыдағы құрылыс жобалау институттың бас маманы, жоғары білімді дизайнер.

Ботаникалық бақтың жобасы Бас ботаникалық бақтың Ғылыми кеңесінде (17.03.1994 жыл) қаралып бекітіліп, оны университет ректораты мақұлдады.

Алдымен университет орналасқан жер туралы айтайын. Бұл жер ерте геологиялық заманда жаратылған Қаратаудың етегі (конус выноса). Жер қабатының қалыңдығы 1-1,5 м., ары қарай қиыршық тас, оның қуысында известняк бар, ені әртүрлі 0,5 метрден 10 метрге созылады. Қар, жаңбыр суының әсерінен известняк еріп шұқыр пайда болады, жергілікті аты оқпан. Коммунизм колхозы егіншілікке пайдалана алмай тастап кеткен. Ботаникалық бақ осы жерге салынды. Жалпы Түркістан ауданының елді мекендері осындай жерге орналасқан. Сондықтан олардың атына «нақ» деген жұрнақ қосылған. Тасанақ, Шобанақ, Қарнақ, Шорнақ, Сунақ, Сығанақ. Түркістанның жаңа орталығы Тасанақ аймағына салынып жатыр. Отыз жыл өндірісте, ғылыми жұмыстарда істеген тәжірибемді қолданып Ботаникалық бақтың барлық питомниктерін жерге орналастырып, жолдар мен тротуарларды анықтадық. Су мәселесін шешу үшін үлкен жұмыс орындалды. Ботаникалық бақтың ортасына диаметрі 300 см., ұзындығы 1500 м. құбыр орнатып оны жерге көмдік. Алты скважина тереңдігі 55-60 м. қазылды, оларды орталық құбырға қостық. Университетке бартер арқылы келген екі тракторды берді. 1993 жалы жаз бойы осындай шаруашылық жұмыстарымен айналысып, келесі көктемге дайындалдық.

Интродукцияда бастапқы материалды дұрыс таңдаудың маңызы зор. Біз жұмысымызда И.О.Байтулиннің жасаған экологиялық – экстраполяциялық теориясын қолдандық.

Түркістан қаласы жағдайында интродукция үшін өсімдіктерді таңдау шекті температуралық факторлардың абсолютті минимум (-25 C), абсолютті максимум (+45 С) дейін олардың өмір сүру уақытымен анықталады.

Түркістан қаласында өсімдіктерді интродукциялау үшін интродукциялық жұмыстардың нәтижесімен алдын-ала талдау жүргізілді. Барлық ботаникалық бақтарда, Қазақстан және Өзбекстан дендрарийлерімен, арборетумдарымен, Новосибир ботаникалық бақтарында өсірілген өсімдіктердің жоғары жаздық және қысқы төмен температурада төзімділігі анықталды.

Абсолютті төмен және жоғары температура диапазоны төзімділігі бойынша Түркістан қаласында интродукциялау үшін ағаштар мен бұталардың перспективті ассортименті жасалды.

Түркістан облысының тұрғындарының қолында абрикостың 25, шабдалының 15, алманың 20, барлық жеміс ағаштарының 95, жүзімнің 30 сорты жинақталған. Олар осы жерге бейімделген, сапалы өнім береді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде декоративті ағаштардың ассортименттерінің, жеміс ағаштарының, жүзімнің тізімін жасадық. Қыруар жұмыс академик Иса Омарұлы Байтуллиннің басшылығымен жүргізілді.

Жыл сайын 20-25 мың көшет отырғыздық. 1994-1998 жылдар аралығында қылқан жапырақты жеміс ағаштарының питомниктерін, ақ қайың рощасын, розарий, сиренгарий, тоғай өсімдіктерін, Қазақстанның топырақты климат зоналарын орналастырдық. Барлығы 127 декоративті және жеміс ағаштарының түрлері мен сорттарын отырғыздық, олар 28 тұқымдасқа жатады.

Ботаникалық бақ университеттің бөлінбес құрылымдық бөлімі, оқу және өндірістік тәжірибелерде, студенттер мен магистранттардың дипломдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына ауқымды мөлшерде қатысып отыру жоспарланған. Ботаникалық бақ базасында қажеттілігі жоғары және сирек мамандықтар — дендролог, ландшафтник, өсімдіктанушы-ботаник дайындалады. Он магистранттық, бір докторлық диссертация қорғалды.

Көшеттер мен гүлдерді, тропикалық және субтропикалық өсімдіктерді өсіру үшін оранжерея және тәжірибелік-оқу жылыжайы салынды.

Көп жылдық бақылау негізінде жапырақты, қылқанды ағашты өсімдіктер мен бұталардың 65 түрі құрғақшылыққа төзімді екені анықталды, өндірістік ауданы 20 гектар питомник салынды. Сонымен он жылда. Түркістан Ботаникалық бағы Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-тәжірибелік және ғылыми зерттеу базасы, Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі фитоинтродукциялық қоршаған ортаны қорғаудағы, қалалар мен елді мекендері көгалдандырудағы және еліміздің оңтүстігіндегі жеміс-жидекті өсімдіктердің ежелгі сорттарын сақтау және коллекциялық орталығы болып қалыптасты.

Парламентте заң қабылдайды, оны Президент бекітеді. Университеттің ботаникалық бағын өркендету, қаржыландыру, қызметкерлерді және жұмыстардың еңбекақысын көтеру осы заңға тікелей байланысты.

Ондаған жылдар жүргізілген интродукциялық ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорытынды есеп жаздым, оны «Мемлекеттік ғылыми – техникалық экспертиза жүргізетін ұлттық орталыққа» тапсырдық, № 116 РК 002804 мемлекеттік тіркеу құжат берді. Осы жұмыстың негізінде 2018 жылы гранттық жоба дайындадым. «Ахмет Ясауи атандағы Халықаралық қазақ-тұрік университетінің Ботаникалық бағында Қазақстанның шөлейтті аймақтарына бейімделген декоративті өсімдіктердің көшеттерін дайындау». Жобаны Ұлттық Ғылыми кеңес бекітті. (протокол №15 07.12.2018 ж), келісім-шарт №367 24.12.2018 ж. 2019-2021 жылдарға 250 млн. теңге бөлінді. Қ.Байжігітов жоба жетекшісі, орындаушылар Ботаникалық бақтың қызметкерлері О.Оразбаева, Е.Егембердиев, Р.Абдулаева, А.Купешбаева.

Ал ректор Б.Абдрасилов заңды, Министрдің бұйрығын бұзды, жобаның заңды орындаушыларын, жетекшісін шығарып тастады. Өз адамдарын тағайындады. Биология кафедрасының мұғалімдері Салықбекова – жоба жетекшісі, Юсупов аға ғылыми қызметкер, бұл азаматтар ботаникалық бақта бір күнде жұмыс істеген емес, питомниктердің, декоративті өсімдіктердің аттарын да жақсы білмейді. Бұған қоса жобаға Алматы облысындағы Иссык дендропаркінің алты қызметкері директоры А.Апушев және Алматы қаласындағы Өсімдік қорғау ғылыми – зерттеу институтының қызметкері Көпжасаровты кіргізді. Барлығы жеті адам, жұмыс мерзімі 222 ай, 38,7 млн. теңге жалақы жоспарланған.

Сөзім дәлелді болу үшін олардың аты жөнін айтайын. А.Апушев – жетекші ғылыми қызметкер үш жылға 9 млн. жалақы жоспарланған, қызметі – көшет өсірудің технологиясын зерттеу. Айта кету керек Ботаникалық бақтың жұмысшылары декоративті және жеміс ағаштарының көшеттерін өсіруді толық меңгерген. 100 мың көшет дайындаған Иссык дендропаркінің қызметкерлері – М.Егізбаева жобада аға ғылыми қызметкер, Р.Ярматова, А.Зиндяева, И.Исмалайлов, Т.Якушевалар жобада кіші ғылыми қызметкер, үш жылға әрқайсысына 5,4 млн. теңге, ал Көпжасаровқа 3,4 млн. теңге айлық жоспарланған.

Аты аталған жеті адамды жобаға қабылдау заңның 10-бабы 5-тармағына қарсы келеді. Онда былай жазған: «программы содействия РННДТ не распространяется на отношения, связанные с представлением и использованием научно – технической базы».

Түркістан облысының шөлді аудандарында және Арал-Сырдария экологиялық аймақтарында орналасқан аудандарды, елді мекендерді көгалдандыру – жобаның негізгі мақсаты іске аспады. Коммерциялық жоспарда көрсетілген жыл сайын 80-100 мың декоративті өсімдіктердің көшеттері дайындалған жоқ. 2019 жылы – 55 мың, 2020 жылы – 65 мың көшет реализациялау орындалмай қалды. Бөлінген гранттық қаржы мақсатсыз жұмсалды. Университеттің қызметкерлері – Б.Абдрасиловтың, Н.Салықбекованың, Б.Юсуповтың, Г.Исаевтың, О.Оразбаеваның екі жылдық еңбекақысына 27,2 млн. теңге жұмсады. Екі жылдың нәтижесі теплицада дайындаған 5 мың көшет. Иссык дендропаркінің алты, Өсімдікті қорғау институтының бір қызметкері екі жылда бірде бір көшет дайындаған жоқ.

Ғылымның жетістіктерін өндіріске енгізу, еліміздің экономикасын дамыту мемлекеттік маңызы бар мәселе.

Заңда ғылымның нәтижелерін өндіріске қолданғаннан түскен қаржының 30%-ын орындаушыларына беру (13 баб 1 тармақ), қортынды ғылыми есептің авторына бір айлық сияқты төлеу тағы басқа шаралар нақты көрсетілген (13 баб 1 тармақ). Бұл мәселелер туралы ректор Б.Абрасиловке екі рет хат жаздым, алайда жауап жоқ. Түркістан қалалық сот шешімінің негізінде университеттің проректоры, еңбек комиссиясының председателі Абуовке хат жолдап, онда нақты алты сұрақ қойдым. Барлық сұраққа жауап біреу – Байжігітовтың шағымы негізсіз деп табылсын.

Гранттық жобаға бөлінген 250 млн. теңгеден, 2019 – 2020 жылдары сатылған көшеттер мен жеміс-жидек өнімінен 10 млн. теңгеден Ботаникалық бақтың жұмысшылары, қызметкерлері бір теңге де алған жоқ.

Қасиетті Түркістан топырағына 25 жыл 49 градус күннің ыстығына шыдап Ботаникалық бақ салған қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбегінің нәтижесі өздеріне бұйырмай отыр.

Ректор Б.Абдрасилов оның жемісін пайдалануды ботаникалық бақта өмірі жұмыс істемеген адамдарға берді.

Ботаникалық бақта жиырма жыл жұмыс істеген Еркінбек Бейсекеев, ауған соғысының ардагері механизатор Камалхан Өмірбаев жұмыстан кетті. Жұмысшылардың жұмысқа ынтасы жоқ.

Ресей — орманды ел. Ботаникалық бақ 18 ғасырдан бастап салынған. Оларға ғылыми-зерттеу институтының статусы берілген. Директорлары ғылым докторы немесе көп жылдық тәжірибесі бар ғылым кандидаты. Сібір филиалының қарамағындағы ботаникалық бақтық директоры Ресей Ғылым Академиясының академигі Ю.Коропичинский.

Қазақстанда бірінші рет Ахмет Ясауи университетінде ботаникалық бақ салынды. 2002 жылы университет ректоры О.Сабденов болды. Он жыл жұмыс істеген М.Жұрынов кетті. Ал мені соның адамы деп ботаникалық бақтан шығарды. Ботаникалық бақтың директорына зоотехникті, кейін оның орнына жұмыссыз қалған, істемеген жері жоқ Е.Дуанаевты қойды, бие байлады, қымыз ішті, ботаникалық бақтың 30 пайызы қурап қалды.

Жаңа ректор Серік Піралиев маған бірнеше қабат ұсыныс жасады. 2008 жылы ботаникалық баққа қайта бардым. 2018 жылы қыркүйек айында ботаникалық бақтан кеттім.

2018 жылы мамыр айында ректор Б.Абдрасилов тағайындалды. 2019 – 2020 жылдары ботаникалық баққа Б.Абдрасилов үш директор ауыстырды. Бүгінгі күні сол Е.Дуанаевты қайта әкелді. Ботаникалық бақтың ішіне қауын, қарбыз екті, питомниктер күтімсіз, сусыз қалды. 1994-1996 жылдары отырғызылған 20 гектар жеміс ағаштары мен жүзім сорттарының питомниктері қурап қалды. Б.Абдрасилов ботаникалық бақты Түркістан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы Ғылыми кеңестің (31 мамыр 2019ж) шешімін шығарды. Өкілетті кеңестің қарсылығының нәтижесінде ботаникалық бақ университеттің құрамында қалды. Міне қазақстандағы жалғыз университеттік ботаникалық бақтан ректор Абдрасилов осылай құтылғысы келді. Түркістан қаласын, аймағын көгалдандыруға «Жасыл Түркістан», «Жасыл аймақ» ұжымдары құрылды, алғашқы жұмыстарын бастап та кетті. Ректор Б.Абдрасилов екі жылда жайқалып тұрған жалғыз университеттік 25 жылдық Ботаникалық бақты қуратып жатыр.

Түркістан облыс орталығы болды, жыл сайын миллион туристер, қонақтар келеді. Осыған байланысты Ботаникалық бақта қандай проблемаларды шешуге болады.

Біріншіден, 11-12 ғасырдағыдай Арыстан баб – Түркістан аймағын оазиске айналдыру керек. Жер астында 800-1000 метр тереңдікте үлкен су көзі көл бар. Артезиан скважиналарын қазып, оларды құбырлар арқылы бір-біріне қосып, су мәселесін шешу керек.

Ботаникалық бақта 250-300 мың декоративті ағаштардың көшеттерін дайындауға болады. Олар осы жердің климатына төзімді. Өзбекстаннан басқа аудандардан әкелген көшеттер өліп қалады. Жеміс ағаштарының, жүзімнің жылына 200 – 250 мың көшеттерін өсіріп, Түркістан ауданын жеміс-жидек өндіретін аймаққа айналдыру керек. Ботаникалық бақта Түркияның бай тәжірибесін пайдаланып курага өндіретін цех салу, көшет пен жеміс өнімдерінен 70-80 млн. теңге табыс түседі. Ботаникалық бақтың жұмысшылары мен қызметкерлерінің айлық табысын 350-400 мың теңгеге жеткізуге болады. Бүгін олар 70-80 мың теңге алады.

Екіншіден, Ботаникалық баққа «Қазақстанның шөл аймақтарының орталық Ботаникалық бағы» статусын беру туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсыныс жасадым. Қазақстан территориясының 40 пайызы шөлді аймаққа жатады. Ал мұндай экологиялық жағдайды шешу мемлекеттік мәселе.

Құлахмет БАЙЖІГІТОВ,

биология ғылымдарының докторы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *