БАЛАЛАР СПОРТЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

Экономика Қоғам
933 Views

Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында жасөспірімдердің жолдастық кездесуі өтті. Жас спортшыларды қолдауға Токиоолимпиадасының қола жүлдегері, Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесіСәкен Бибосынов арнайы келді. Ел намысын әлемдік аренада қорғап жүрген спортшыжастарға ұлағатты сөзін арнады. Бүгінгі толқынның қарымы мықты екенін айтып,жастарға жігер берді. Токио олимпиадасының қола жүлдегері қоғамды алғажетелеуге ықпал ететін — салауатты өмір салтын ұстанып, ұлттық руханиқұндылықтарды насихаттауға үндеді.

Футболдан «Тұран» ФК 2007 жылғы туылған жасөспірімдер командасы мен Түркістан облысының балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған футбол мектебінің 2007 жылғы туылған ізбасарлар ойынына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қазір спорт саласын реформалау жүріп жатыр. Соның ішінде балалар спортын дамытуға басымдық беріледі. Түркістан облысы əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірде бұқаралық және балалар спортын дамытуға күш салынып, балалар футболының өркендеуіне ерекше назар аударылған.

Айта кетерлігі, Түркістан облыстық футбол мектебінің 2007 жылғы шəкірттері 2020 жылы футболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Ал, «Тұран» командасының осы жылғы туылған жас ойыншылары да биылдан бастап еліміздің футбол академиялары мен жасөспірімдер арасында өтетін Ел чемпионатына қатысып, облыс намысын қорғайды.

Балалар спортын дамытуға бағытталған шараға қатысушылар «Түркестан Арена» стадионында орналасқан бокс, күрес және ауыр атлетика бөліміне арналған жаттығу залдарын аралап, жасөспірімдердің жаттығуына қатысты. Арманы асқақ жас спортшыларға сәттілік пен үлкен жеңістер тіледі.

Сонымен қатар, бұл жиынға күні кеше еркін, грек рим жəне əйелдер күресінен Ресейдің Уфа қаласында аяқталған жастар арасындағы əлем чемпионатының қола жүлдегері Асылжан Есенгелді де арнайы қатысты. Шара соңында Кентау қаласында орналасқан спорт ғимараттарын аралап, ондағы жас спортшылармен кездесу ұйымдастырылды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ» БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР

Түркістан облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен мақұлданған жобалар бойынша алғашқы орында. Бұл туралыТүркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында Түркістан облысы әкімініңорынбасары Рашид Аюповтың қатысуымен Қарапайым заттар экономикасы бойыншаөңірлік жобалық кеңсенің мәжілісінде мәлімденді. Отырысқа кәсіпкерлік жәнесауда басқармасы өкілдері, сонымен қатар екінші деңгейлі банк және микроқаржыұйымдары мен әр ауданнан әкім орынбасарлары онлайн қосылды.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбековтың мәлімдеуінше, өңірде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 50,2 млрд.теңгенің 311 жобасы бар. Оның ішінде 41,7 млрд. теңгенің 307 жобасы қаржыландырылған және мақұлдаған. Тағы 5 жоба қарастырылуда. Мақұлданған жобалар саны бойынша Түркістан облысы елімізде алғашқы орында.

Айта кету керек, қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласына негізделген. Әлеуетті жобалардың 81% — ы «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы қаржыландырылады. Бүгінде несие корпорациясында бағдарлама аясында жобаларды несиелеуге қаражат тапшы. Салдарынан жобаларды қаржыландыру уақытша тоқтап тұр. Кәсіпкерлер несие беруде ауылды жерлерде екінші деңгейлі банктердің үлесі төмендігін айтуда. Отырыста банктер мен өзге де ұйымдардың стартап жобаларды несиелендіруге құлшынысының төмендігі айтылды.

Бұл мәселелерді шешу үшін жас кәсіпкерлерге менторлық және қаржылық қолдау көрсету үшін 2021 жылы «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы іске қосылған. Бүгінде менторлар қолдау көрсетуде. Сонымен қатар, ауылдық және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді «Атамекен-Түркістан» МҚҰ арқылы, «Turkistan» ӘКК қолөнершілерге ұсынған несие өнімі және Туризм саласындағы жобаларды қолдау үшін «Turkistan» ӘКК-мен бірлескен кредиттік өнім арқылы қолдау жоспарлануда.

Жиын барысында «Қарапайым заттар экономикасы» тауарларын сатып алудағы жергілікті қамту үлесін мониторингілеу барысында анықталған мәселелер де талқыланды.

БІР-БІРІНЕ КӨМЕК БЕРЕТІН ҚОҒАМ – ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМ

«Бір-біріне көмек беретін қоғам – қайырымды қоғам. Бақытқа қол жет­кізу үшін қалалары бір-біріне көмек көрсететін үмбет – қайырымды үмбет» деген екен әлемнің кемеңгер перзенті Әбу Насыр әл-Фараби баба. Жоқ-жітікке көмек қолын созу қай қазақтың қанында бар дүние ғой. Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылдық округіндегі С.Нұрмағанбетов атындағы орта мектепте оқитын 21 оқушыға «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында балаларға мектеп киімі мен құрал-жабдықтары таратылды. Әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына арналған бұл іс шараның мақсаты – ата-аналарға, оқушыларға демеу болу, баланың оқуға деген ынтасын арттыру.

-Біздің қоғамда әр бала білімді, сауатты, әрі жалынды болуы тиіс. Қазір білімнің заманы. Мемлекетіміз жас буын ұрпағымыздың білімді, озат, озық болуына бар жағдайды жасап отыр. Әр ауылда соңғы үлгідегі үлкен мектеп, спорт кешендерін салып беру көзделген. Балалар, сол үшін сабақты жақсы оқыңыздар! Бастысы – білімді болыңыздар, сонда ғана келешегі кемел ұлт болып қалыптасамыз! Болашақ сіздердің қолдарыңызда! – деді акцияға демеу көрсеткен кәсіпкер, «Тұмар ХХІ» ЖШС-інің директоры Ғабит Исахов.

«Тұмар ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Ғабит Меделханұлы мектеп оқушыларына қолдау көрсету шарасы мұнан кейін де жалғасып табады деп отыр. Ғабит еңбексүйгіш, қай істі де қайсарлықпен алып кететін, табанды, іскер азамат. Ол айналасына жәрдем бергенді, қолдан келгенше туып-өскен жеріне тамшыдай болса да үлесі мен пайдасын тигізгенді құп көреді. Анасының ақ сүті, әкесі көрсеткен сара жолдың арқасында «Тұмар ХХІ» құрылыс мекемесін аяқтан тұрғызды. Ауыл мен ауыл арасында жол салды, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, елдің алғысын арқалады. Азаматтың асыл қасиеті осындай елжандылығының, еңбекке ынтызарлығымен бағаланады. Жол құрылыстарын жүргізетін кәсіп иесінің жемісті жұмыстары әлі алда.

КИЕЛІ ШАҺАРДА НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысы бойынша жалпы 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, облыстық бюджеттен 70 мектеп, «Ауыл — Ел  бесігі»жобасымен 8 мектеп. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 720 орындық НазарбаевЗияткерлік мектебі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Бұлтуралы Түркістан қаласында өткен өңірдің білім беру саласы қызметкерлерінің«Білімді ұлт – тұрақты дамудың кепілі» тақырыбындағы облыстық тамызпедагогикалық кеңесінде айтылды.

Облыста 6 апатты және 4 үш ауысымды мектеп бар, оның ішінде биыл 2 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешіледі. Қалған 4 апатты және үш ауысымды мектептің 3-нің мәселесі 2021-2023 жылдар аралығында толығымен шешімін табатын болады.

Ағымдағы жылы бағдарлама аясында жалпы 47 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 44 мектеп бюджет, 3-уі – жеке инвестиция есебінен. 1 қыркүйек айына 44 мектептен 17-сі пайдалануға тапсырылып, қалғаны жыл соңына дейін. Бұдан бөлек, 108 мектепті жаңғырту жоспарланған.

Бұған қоса, облыста 12 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылып, оның 5 мектебі тамыз айының соңында аяқталса, қалған 6мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 1 мектеп 2022 жылға өтпелі.Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 900мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру саласына 2021-2022 оқу жылына орта білімді кадрларды даярлауға 52 мамандық бойынша 6 092 орынға мемлекеттік грант берілді. Оның 3 432 орны білікті жұмысшы кадрларды, 2 460 орны орта буын мамандарын, 200 орны қолданбалы бакалавриат мамандарын даярлауға бағытталған.

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕКІ ТУРИСТІК НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы Түлкібас ауданында екі туристік нысан іске қосылды. Шетелдік және отандық туристерге қызмет көрсетуге арналған «Etno Park Resort» этно ауыл мен «Алмалы» демалыс аймағы еуропалық стильде бой көтерген.

«Etno Park Resort» этно ауыл-демалыс орны бір мезетте 180 адамды қабылдауға қауқарлы. Нысанның жалпы құны 417 млн теңгені құрайды. Меншік иесі К.Өтегенованың айтуынша, демалыс аймағында 29 жергілікті тұрғын жұмыс істеуде.

«Алмалы» демалыс аймағында сыйымдылығы 50 орындық мейрамхана және туристерге қызмет көрсетуге арналған бассейн, жазғы алаңшалармен қамтылған. Жобаның құны 123 млн теңге. Нысан иесі 20-ға жуық ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 36 туристік нысан аудан тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде.

СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

Түркістан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округінде шағын су электр станциясы іске қосылған. Әлеуметтік маңызы бар жобаның қуаттылығы 2 500 кВт. Кәсіпорын бүгінгі таңда ауданның төрттен бір бөлігін электр қуатымен қамтып отыр. «АК-СУ КУАТ» ЖШС 1,2 млрд теңге қаражат жұмсаған жоба аудандағы Сайрамсу өзенің бойында орналасқан. Шағын гидро электр станциясында 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

«Кеңес -1» Шағын су электр станциясының құрылысы 2015 жылы басталып, 2016 жылы аяқталды. Толық 2019 жылы іске қосылды. Су электр станциясы Сайрамсу өзенінен келетін ағын судың қысымын энергияға айналдырады. Су бекеті ғимаратының ішінде 1 250кВт энергия өндіретін 2 генераторы бар гидротурбиналар орнатылған. ГЭС-тің жұмыс істеу принципі өте қарапайым. Гидротехникалық тізбек құрылыстарды қажетті су қысымын гидро-турбиналық қалақшаларына түсіріп, қолданыстағы генераторларға келіп электр энергиясын шығаруды қамтамасыз етеді. Сайрам су өзенінің ағысы қатты болғандықтан, электр станциясын ашу мақсатында Қасқасу өңірін таңдадық», — дейді мекеме басшысы Ермек Сарбасов.

САУМАЛМЕН ЕМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қазіргі таңда елімізде саумал терапиясы қарқынды дамуда. Осы мақсатта Төлеби ауданы Қоғалы ауылдық округі Диханкөл елді мекенінде жеке кәсіпкер Абилдаев Нұрболат 23 адамға арналған емдеу-сауықтыру орталығын іске қосқан. Саумалмен емделушілер еліміздің батыс өңірінен арнайы келіп, орталықта тынығып, ем алуда. Демалушыларға емдік өнімді әзірлеу үшін 5 бас бие сауылады. Қымызбен емдеудің бір курсы он күнді құраса, әрбір адам күніне бір литр саумал ішуі тиіс екен. Саумал – жаңа сауылған бие сүті. Одан қымыз ашытылады. Кейде суытып, қымыздың қорына қосылған сүтін «саумал» деп те атайды. Қымыз ішіп, дертіне дауа тапқандар орталықта үш мезгіл тамақ, 4 мезгіл саумал ішіп, тынығуда. Сауықтыру орталығында 10 бөлме болса, қазіргі кезде ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Саумалдың шипалық қасиеті жөнінде ғалымдар оның қырыққа жуық аурудың алдын алатынын жеткізген. Ағзаның ауруға қарсы белсенділігін күшейтеді. Обыр клеткаларына тосқауыл болып, буын ауруларына пайдасы тиеді. Ғалымдардың пайымдауынша, саумал – жеңіл қорытылатын белсенді биологиялық өнім. Сондай-ақ, саумалдың көмегімен, иммундық жүйенің қызметін жақсартуға және асқазанның ойық жарасын емдеуге болады. Бие сүтінде көптеген дәрумендер, микроэлементтер және басқа да биологиялық белсенді заттар мол. Айта кетерлігі, ондағы кейбір микроэлементтер, басқа сүт өнімдерінде кездеспейді. Саумалдың құрамындағы С дәруменінің мөлшері сиыр сүтінен 7 есеге жоғары. Қазірде Еуропа ғалымдарының өзі саумалды емдік және диеталық өнім ретінде пайдалануға кеңес береді», — дейді орталық иесі Нұрболат Есенбекұлы.

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТПЕН КӘСІБІН АШҚАНДАР КӨП

Мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, өз кәсібін ашқандар артып келеді.

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Жамбыл ауылының тұрғыны Рамзия Абдуллина сұлулық салонын ашты. Оған кәсібін ашуға мемлекеттік грант септігін тигізген. Биыл аудандық жұмыспен қамту орталығына құжат тапсырып, арнайы кәсіптік оқудан өтіп, сертификат алған. “Сұлулық салонын ашу” жобасы бойынша өтініш білдіріп, 583 мың теңгелік грантқа қатысуға құжат тапсырып, нәтижесінде комиссияның оң қорытындысын алған.

Осылайша, қайтарымсыз қаражатына керекті құрал-жабдықтарын алып, Шаян ауылынан ғимаратты жалға алу арқылы сұлулық салонын ашып отыр. Бала кезден шаш қиюға икемі бар Рамзия өз ісінің кәсіп көзіне айналдырғанына қуанышты. Шаш қиюмен қатар қыз-келіншектердің шашын бояу, түрлі шаш үлгілерін жасау, тырнақ әрлеумен әзірге өзі ғана айналысып отырған жас кәсіпкер Рамзия Абдуллина қолға алған кәсібін алдағы уақытты үлкейтіп, қосымша жұмыс көздерін ашуды жоспарлауда. Сонымен қатар шаштараз кәсібінің қыр-сырын меңгеруге ниет еткендерге арнайы курс оқытуға мүмкіндігі де бар.

Айта кетейік, мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі. Жалпы облыста 2021 жылы мемлекеттік грант 3100 азаматтарға, оның ішінде 1553 жастарға, беру жоспарланды. 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін 2500 адам грант алған (81%), олардың 950 жастар, 79 мүгедектігі бар азаматтар, 919 адам аз қамтылған қатарынан, 300 адам көпбалалы отбасылардың мүшелері, 6 қандастар, 1 адам пробация есебінде тұрған, 245 басқа санаттағы азаматтар.

Бетті әзірлеген

Нұр-Қасым ӘЛІМБАЙ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *