ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА – БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ

Білім
1 783 Views

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал, білім алу сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Білім – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасымыз Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», – деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті. Осы орайда Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжі білім беру үрдісінде жаһандық бәсекеге қабілетті маман даярлауда елеулі істерді атқарып келеді.

Қазақстан Республикасында арнаулы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкент көлік колледжі директоры, филология ғылымының кандидаты, доцент Әбдіжәлел Әбутәліпұлы Ақкөзов басқарып отырған колледжде «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән мен тілді оқытуды кіріктіру: “CLIL” әдістемесін меңгеру» атты семинар өтті. Қазіргі таңда көптілділік біздің қоғам үшін Елбасының «Үш тұғырлы тіл» тұжырымдамасынан бастау алғаны мәлім. Тәуелсіз елімізде негізгі үш тілді дамытуға басымдық беріле отырып, тіл қарым-қатынас құралы ретіндегі міндеттерін іске асырудың жаңа мүмкіндіктерімен қоса ойлау мен таным құралы ретінде адам, қоғам және табиғат туралы білім мен білікті меңгеру құралы болады. Семинар барысында CLIL әдістемесін меңгерту бойынша мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту мәселесі баса айтылды.

Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы құнды сөзімен бастады. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары кәсіби мамандар дайындауымыз керектігі айтылды. Қазіргі ғылым мен техника дамыған қоғамда білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігі дамыған, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етіп отыр. Білімді де білікті маман болу үшін әр ұстаз өз білімін, заман талабына сәйкес кәсіби біліктілігін үнемі үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. Педагог оқытудың жаңа әдістерін барынша жетік меңгеріп, неғұрлым шығармашылығы жоғары болса, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі соғұрлым кең болмақ. Қазіргі заманауи талапқа сәйкес өзіндік көзқарасы бар жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мұғалімдер үшін аса маңызды мәселе болып отыр. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тірегі етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың, әрбір колледждің жауапкершілікпен атқаратын басты міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында өзгерістерді талап етіп отыр. Білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту – оқытудың ең басты мақсаты. Әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқыту қажет екенін айтып өтті.

Колледжде өткен семинарға Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының тілдерді оқыту – әдістемелік орталығының қазақ тілі маманы Айсұлу Оспанова, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жаһандық перспектива және жоба жұмысы пәнінің маманы Дана Алтынбекова, ағылшын тілінің мамандары – Балуза Пирмантаева, Гульвира Хайрулдина, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің АКТ оқытушысы – Мәдина Сарыбай қатысып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында Шымкент қаласы химия биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жаһандық перспектива және жоба жұмысы пәнінің маманы Дана Алтынбекова сөз алып, өз ойын ортаға салды. Қазақстанда тек қазақ тілі ғана билік құра алады. Ағылшын тілі – қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі. Үштілділікті халық үрейлі кейіпте елестетеді. Біз өзге тілдерден қорықпауымыз керек. Керісінше, сол тілдерді пайдалана отырып өзімізді өзгелерге таныта білуіміз қажет. Себебі, ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес. Ағылшын тілі – әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу – әрбір Қазақстан азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білу керек. Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу – ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік. Болашақ жастар көп тіл білгеннен ұтылмайды, керісінше көп нәрсені талдау, саралау кезінде ұтымды көзқарас жасай алады. Қазақстанды шет елге танытуға да көп көмегін береді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына жүгінсек, бүгінгі түлек – көптілді коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілігі дамыған, мәдениетті, рухани-адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейін меңгерген, қазақ елінің және жалпы, қазақстандық құндылықтарды қастерлейтін, тілдерді меңгеруге тұрақты қызығушылық танытатын, отансүйгіштік және азаматтық сана-сезімдері дамыған тұлға ретінде қалыптастыра білуіміз керек.

Көптілділік кез келген тұлғаның қалыптасуына және болашақта Қазақстан Республикасының жан-жақты дамуына әсер етуі үшін қажетті құралдардың бірі, сонымен қатар, модернизациялану, жаһандану үрдістерін қабылдаудың бірден-бір құралы болып табылады. Көптілділікті жеке тұлға қалыптастырудың негізі ретінде қарастырып, зияткер тұлға қалыптастыруды заманауи Халықаралық деңгейде білім беру кеңістігіне шығатын дара жолдың бірі.

Семинарды қорытындылау барысында колледж оқытушылары әдістемелік семинардың CLIL әдісі туралы мол мағлұмат алғандарын және оқып-түйгендерін өз тәжірибелерінде қолданатындарын айтып, білім мен ғылым саласы үшін үштілді білім берудің маңыздылығын, пәндік және тілдік оқытуды бағалау процесінде CLIL әдісі бойынша сабақты жоспарлауда өз білімдерін жетілдіретінін атап өтті. Соңында өздерінің құнды тәжірибелерімен бөліскені үшін Шымкент көлік колледжінің директоры Ә.Ә.Ақкөзов Тілдерді оқыту басқармасымен бірге ұйымдастырылған семинар соңында барлық қатысушыларды сертификатпен марапаттады.

Индира НАМУРАТОВА,

Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжінің әдіскері.

Назира ИБРАИМОВА,

шет тілі пәнінің оқытушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *