МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ

Денсаулық
834 Views

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады, – деп атап кеткен болатын.

Ал, Шымкент қаласы бойынша денсаулық сақтау саласына 2020 жылға 62,3 млрд. теңге бөліну жоспарлануда. Соның ішінде: 37,3 млрд. теңге тегінкепілдендірілген медициналық көмекке, МӘМС 25 млрд. теңге қажет деп жоспарланыпотыр. Медициналық ұйымдардың өтінімдеріне сәйкес халыққа амбулаториялықдәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 5,5 млрд теңгеге дәрілік заттарды сатыпалу жоспарлануда.

Айта кетейік, сақтандырылған немесе сақтандырылмаған азамат болсын оған барлық шұғыл көмек тегін көрсетіледі. Бұрынғыдай алғашқы медициналық көмек, жедел жәрдем шақыру, санитарлық авиация көмегі, тағы басқа да науқастың өмірін құтқаруға қажетті дәрігерлік көмектің барлығы тегін көрсетіледі.

Шымкент қаласында МӘМС жүйесін тартуды жандандыру үшін қала әкімінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі №27-Ө «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді түсіндіру бойынша Штаб құру туралы» өкімімен штаб құрылып, соның үш отырысы өткізілді. Штаб отырысының хаттамалары түзіліп, тиісті аумақтық департаменттер мен басқарма басшыларына тапсырмалар беріліп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде іс-шараларды өткізудің жоспары, МЕДИА жоспар бекітілді.

Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша 531 997 азамат қамтылды, бұл – 77,6 пайыз. Шымкент қаласында орналасқан 18 ірі кәсіпорының базасында емханада бекітілген кестеге сәйкес МӘМС ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы бойынша 2019 жылы 1 тамызда медициналық ұйымдарға бекітілген халық тіркелімі порталына тіркелген халық саны – 1 034555.

Шымкент қаласы бойынша мемлекет өз қарауына алатын 15 категориядағы әлсіз топтағы азаматтар барлығы 683931 адам, 66 пайызды құрайды.

Ә. ҚАҢТАРБЕК.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *