ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА 10 ДАНА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫН СЫЙЛАДЫ

Денсаулық
797 Views

«Туған жерге тағзым ету – әр перзенттің парызы» демекші, өзге аймақтарға көшіп кетсе де,туған жерін ұмытпай, қиын сәтте қамқорлық жасап жатқан азаматтар қатарыТүлкібас ауданында күн санап артып келеді. Елін сүйген азаматтар пневманияменкүресте аса қажетті оттегі концентраторының 10 данасын аудандық ауруханағатабыстады.

Айта кетсек, Түлкібас ауданының тумалары «Жігіттер» квартетінің продюсері Ерғали Абдраймов оттегі концентраторының 5 данасын және «Nur Max» құрылыс компаниясының директоры Лесалы Абзал есімді азамат 5 данасын тарту етті.

Аудан тумалары қандай да қиын кезеңде болмасын туған жерлеріне қолдау көрсетіп, қол ұшын созуға дайын екендіктерін жеткізіп, ақ халатты абзал жандардың жұмыстарына сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *