САЛТ-ДӘСТҮР – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ

Руханият
2 492 Views

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі бағыттарын қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Әр ұлттың өзіне тән болмысы мен құндылықтары, даму мәдениеті, сондай-ақ діни көзқарастары мен сенімі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық құрылым, өмірдің өзі туғызған әдет-ғұрыптардың ерекшелігіне сәйкес қазақ халқының да өзіндік тарихы терең мәдениеті қалыптасқан.

Рухани жаңғыру мақаласы аясында Шымкент қаласында біршама үлкен-кіші жобалар, жарыстар, іс-шаралар жүргізіліп отыр. Сондай-ақ қала, аудан кітапханалары да тыс қалмапты. Соның ішінде Отырар кітапханасының ұйымдастыруымен әр жыл сайын өткізілетін «Фараби оқулықтары» және де Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі №13 кітапхана – бөлімшесінде «Салт-дәстүр – ұлттың тірегі» атты іс-шаралар өткізілген болатын. Тағы басқа да кітап көрмелері, «Бір кітап – бір ел» атты акциясы өткізілді. Іс-шаралардың негізі – салт-дәстүрімізден сыр шертіп, тереңінен насихаттап ақпараттық қамсыздандыру.

Бұл дегеніміз — адами құндылықтарды, рухани қазынамызды дәріптеп, жастарды тәрбиелеуге бағытталған, олардың бойына патриоттық рухты сіңдіру. Сонымен қатар, 2019 жылдың «Жастар жылы» деп белгіленгені еліміздің рухани салаға басымдық беруі – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды.

Ежелден мұра болып жеткен салт-дәстүріміз қазіргі ұлтымыз үшін өмір, қоғам заңы. Санамызға сіңіп жатқан білім алу жолында атқан әрбір таң, тіршілік ережесі болып ел зердесіне рухани өнеге болып құралған. Дана, жаңа да жас елімізге, болашақ өскелең ұрпаққа дәріптеп отыруымыз керек. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік-тәрбиелік, халықтық мәні зор. Себебі салт-дәстүр байлығы – мәдениеттің байлығы. Ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру секілді және тағы басқалары атадан балаға көшіп жеткен салт-дәстүр. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын. «Мәңгілік ел» болу жолында бізге қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат.

Нұрым ТӨРЕ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *