ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

Білім
972 Views

ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі өскелең заман талабы. Қоғамдағы білім жүйесіндамытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім берудіақпараттандыру және пәндерді ғылыми-технологиялық негізде оқыту мақсаты алғақойылуда. Ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жаңа технологияныжан-жақты меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек білім мен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.

Физика сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

Студенттің өз бетінше жұмысы;

аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

студенттің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймыз.

Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу-әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген студенттер зерттеуге құштар, өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Оқытушының жұмысын жеңілдетіп, студентті жалқаулықтан құтқарады.

Студент тұлғасының дамуына ықпал жасайтын электрондық оқулықпен сабақ жүргізудің негізгі міндеті студенттердің базалық білім, ептілік, дағдыларын игеру жүйесін жетілдіру, танымдық қызығулары арқылы оқуға деген мотивациясын дамыту, оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру, оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану, әртүрлі шапшаңдықпен және әртүрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіндігін ашу болып табылады.

Электрондық оқулық пән оқытушылары үшін бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны сабақта қолдану оқытушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, белсенділігін арттыруына мол мүмкіндік береді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде студенттер бұрын алған білімін тереңдетіп, өз бетінше шығармашылық тапсырмалар орындайды. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен студенттерге ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептейміз. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық.

Қазіргі күнде ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген болуы тиіс.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісін де пайдалану студенттің өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.

Әсел ҚОСМҰРАТОВА,

Шымкент политехникалық колледжі жылуэнергетикасы кафедрасының оқытушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *