БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР

Білім
702 Views

Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудағы негізгі саясаты ғылым, білім және инновацияның тығыз ықпалдасуы негізінде білікті мамандарды дайындауды жүзеге асыратын заман талабына сай ғылым және білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Университеттің ПОҚ, PhD докторанттары, магистранттары мен студенттері ҒЗЖ ғылыми-зерттеу орталықтарында, кафедраларда және 14 оқу-ғылыми зертханаларда жүзеге асырды.

Университеттің ПОҚ 90% астамы, PhD докторанттары, магистранттарының 90%, студенттердің 90% ҒЗЖ айналысып келеді.

Университетте ҒЗЖ айналысатын ПОҚ, PhD докторанттарға, магистранттарға және студенттерге қажетті жағдайлар жасалған, оған қажетті материалдық-техникалық база да жеткілікті.

Университет ғылым, инновация және жаңа технологияларды жетілдіру мақсатында және оларды білім беру саласына кеңінен енгізу бойынша шетел ЖОО бірлескен ҒЗЖ жобаларын жүзеге асырып отыр. Бірлескен ҒЗЖ бойынша халықаралық конференциялар өткізілді және ғылыми еңбектер жарияланды.

2019 жылда университеттің ПОҚ ҒЗЖ бойынша әріптес шетел ЖОО 8 бірлескен халықаралық іргелі ғылыми жобаларымен жұмыс жасады.

2019 жылда университет 2 ҒЗЖ республикалық грант арқылы қаржыландырылды: 1 ҒЗЖ жоба ҚР БҒМ Ғылым Комитеті және 1 ҒЗЖ жоба ҚР ҚМ тарапынан жүзеге асырылды.

1. «Бензолды, ферроқұймалармен промоторланған қанқалы никель катализаторларында гидрлеп циклогексан алу технологиясын жасау» (тіркеу нөмірі № 0117РКИ0049) – жоба құны 15 млн.100 мың теңге, ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор Р.А. Ташқараев;

2. «Атмосферный спутник в виде беспилотного летального аппарата военного и общего назначения» – жоба құны 45 млн. теңге, ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент З.Б. Тукубаев, М. Әуезов атындағы ОҚМУ бірлесе отырып ҚР Қорғаныс министрлігі тарапынан.

Университеттің ПОҚ іргелі зерттеудің 17 тақырыптары бойынша ҒЗЖ жүргізді.

Іргелі ғылыми-зерттеу тақырыптары мен олардың бағыттары университеттің ғылыми әлеуеті мен өңірдегі ғылыми сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталды және еліміздің ғылым мен инновациялық қызметті дамытудың басым салаларының негізінде анықталды.

2019 жылда университеттің ПОҚ ҒЗЖ нәтижесін жақсарту мақсатында жариялымдарының санын және конференцияларға қатысу деңгейін арттыру жолында бірқатар маңызды іс-шаралар атқарылды.

Университетте 24 сәуір 2019 жылы «Жоғары білім беру мекемелеріндегі академиялық және басқару дербестігі жағдайындағы мамандар даярлау мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, 24 сәуір 2019 жылы «Жастар – Ұлы дала болашағының кепілі» тақырыбында студенттерге арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы және 24-25 қазан 2019 жылы Университеттің құрылғанына 20 жыл толуы мен ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, ҚР ҰЖҒА мүшесі, х.ғ.к. К.П. Қуатбекованың 75 жылдық мерейтойына арналған «Жоғары білім берудегі интернационализация және инновация» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Аталған конференциялардың жұмыстарына 10 елдің (Австрия, Польша, Түркия, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан) 55 ЖОО-ның ғалымдарынан, оқытушыларынан, магистранттарынан, студенттерінен 750 аса баяндама келіп түсті.

Университет ПОҚ ҒЗЖ барысында монографиялар, оқулықтар, оқу құралдарын және мақалаларды жариялау жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырылып отыр. Есеп беру кезінде ПОҚ ҒЗЖ нәтижелері бойынша журналдардағы жарияланымдар саны 40, оның ішінде импакт факторлы шетел журналдарды – 5, ҚР БҒМ БҒСБК журналдарда – 9, өзгеде журналдарда – 26 ғылыми мақалалар жарияланды.

Сонымен қатар, ПОҚ ҒЗЖ нәтижелері: 1 – монография, 17 – оқулық, 4 – оқу құралы түрінде жарық көрген.

2019 жылда университеттің ПОҚ ҒЗЖ деңгейін жетілдіру аясында біліктілікті арттыру курстары мен тағылымдамадан өтті. Атап айтқанда, біліктілікті арттыру курстары мен тағылымдамадан өткен ПОҚ саны – 43.

Студенттердің ҒЗЖ 2019 жылы университетте 20 студенттік ғылыми үйірмелер, 14 ғылыми-оқу лабораториялар және 1 лингофонды кабинет жұмыс жасады.Ғылыми үйірмелердің жұмыстарына қатысатын студенттерің орташа үлесі күндізгі оқу нысанында оқитын студенттердің 50 пайыздан аса құрайды. Аталған үйірмелерде студенттер тәжірибелер жүргізуді, қол жеткізілген нәтижелерді сұрыптауды, жобалау жұмыстарын жүргізуді үйренеді және көрнекі құралдар жасайды, зертханалық жабдықтар мен білім берудің техникалық жабдықтарын құрастырады. Өткен жыл барысында студенттердің ғылыми үйірмелер отырысында 150-ден аса студенттердің ғылыми баяндамасы дайындалды. Үздік деп танылған СҒЗЖ ғылыми конференцияларға ұсынылды. Аталған Есеп уақытында университеттің 170-тен аса студенттері ғылыми жобалық байқауларға, конференциялар мен ғылыми форумдарға қатысты.

2019 жылы ҚР БжҒМ ұйымдастыратын республикалық СҒЖ конкурсында үшінші курс студенті Нұрбек Қайсарбектің ғылыми жобасы жүлделі үшінші орын алды.

Сонымен қатар, университет студенттері әртүрлі пәндік олимпиадаларға қатысты. Атап айтқанда, университеттің «Мөлдір бастау» командасы 2019 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында өткен «5В010100 – Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадада үшінші орын алды және үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды. «Құқықтану» мамандығы бойынша 2019 жыл «Жастар жылы» аясында ЖОО студенттерінің арасында өткізілген Түркістан облысы прокурорының кубогі зияткерлік байқауда Н. Тешебаева, Ы. Тұрсынқұл, Б. Жандар үшінші дәрежелі диплом және алғыс хатпен марапатталды. «Экономика» мамандығы бойынша университеттің 6 студенті «Мирас» университетінде өткен «Кәсіпкерлік негіздері мен қаржылық сауаттылық» және «Қаржы» пәндері бойынша ЖОО студенттері арасындағы олимпиадада екі мәрте бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. 2019 жылы университеттің 4 студенті «Тарих» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетінде өткен республикалық студенттік пәндік олимпиадада «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алды.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының екінші курс студенті М. Сәлімбай және «Экономика» мамандығының төртінші курс студенті Тұрсын Асылхан ТМД ЖОО арасында «Үздік студент-2019» байқауының «Талантты жастардың халықаралық энциклопедиясы» жобасының екінші дәрежелі дипломымен және «ТМД ең үздік студенті – 2019» төсбелгісімен марапатталды

2019 жылдың 5 наурызында университетте студенттер арасында «Мамандығым мақтанышым» атты эссе жазу байқауы өтті. Байқауға қоңақ ретінде сот органдарының қызметкерлері қатысты. Байқауда «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенті Әшім М. – бірінші, 2 курс студенті Сұлтан Н., 3 курс студенті Каттабеков Н. – екінші, 3 курс студенті Қорған Б., Таласова Л. – үшінші дәрежелі дипломдарға ие болды.

Жылдағы дәстүр бойынша 2019 жылдың 24 сәуірінде университетте М. Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті және И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетімен бірге «Жастар – Ұлы дала болашағының кепілі» тақырыбындағы студенттердің халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы болып өтті. Аталған іс-шараға университеттен ғана емес, сонымен қатар, шет елдерінің ЖОО-нан және облыс, қала көлеміндегі әртүрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінің студенттері қатысып, өздерінің ғылыми зерттемелерінің нәтижелерін ортақ талқылауға салды. Аталған халықаралық конференцияға жалпы саны 218 студент қатысты. Мұның ішінде университет студенттері 124 баяндама ұсынып, барлығы жинақта жарияланды.

2019 жылдың 5 наурызында «Сот жүйесін цифрландыру» тақырыбында «Экономика және құқық» кафедрасының ұйымдастырылуымен студенттерге арналған семинар өткізілді. Сот органдарының қызметкерлері студенттерге сот жүйесін цифрландыру бағыты туралы ақпараттарды баяндап берді.

2019 жылдың 9 мен 10 күндерінде Қырғыз Республикасының «Манас» Қырғыз-Түрік университетінде «Достук Сup» Халықаралық Қырғыз-Қазақ дебат турнирі өтті. 48 команда қатысқан турнирде университет студенттерінен құрылған «Алаң» пікір сайыс клубы І-орынды жеңіп алды.

Студенттердің ғылыми әлеуетін жүзеге асыру мақсатында университетте «Студенттердің ғылыми кеңесі» және «Жас ғалымдар кеңесі» қызмет жасап келеді. Аталған кеңестер 2019 жылда университетте ұйымдастырылған барлық ғылыми іс-шараларға қатысып, өз үлестерін қосып, ғылымға құштар студенттерді белсендіруге ықпал етті.

ҒЫЛЫМ-ЗЕРТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Университеттің өз алдына қойған басты миссиясы мен мақсаттарын жүзеге асырудағы негізгі стратегиялық жұмыс бағыттары ретінде алдағы уақытта әлемдік ғылым мен білім беру жүйесіне интеграциялану, оқу және ғылыми зерттеу үдерістеріне шет елдік танымал ғалымдарды жұмылдыру, студенттердің, магистранттардың PhD докторанттардың және ПОҚ академиялық ұтқырлығын жақсарту және бірлескен ҒЗЖ жүзеге асыруды айтуға болады.

Сондықтан да, бүгінгі таңда ҒЗЖ интеграциялау көрсеткішін жақсарту және өзара бірлескен ҒЗЖ қалыптастыру мақсатында университет 40 аса шетел ЖОО екі жақты келісімшарттар жасаған.

2019 жылда университеттің ПОҚ ҒЗЖ бойынша 8 шетел ЖОО (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан) 8 бірлескен халықаралық іргелі ғылыми жобаларымен жұмыс жасады.

25 сәуір 2019 жылы университет К. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университеті және Ташкент қаржы институтымен бірге «Жоғары білім беру мекемелеріндегі академиялық ұтқырлық және басқару дербестігі жағдайындағы мамандар даярлау мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны, 24 сәуір 2019 жылы университет М. Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті және И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетімен бірге «Жастар – Ұлы дала болашағының кепілі» тақырыбындағы студенттердің Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияны және 24-25 қазан 2019 жылы Университеттің құрылғанына 20 жыл толуы мен ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, ҚР ҰЖҒА мүшесі, х.ғ.к. К.П. Қуатбекованың 75-жылдық мерейтойына арналған «Жоғары білім берудегі интернационализация және инновация» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны К. Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университеті, М. Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті, Ташкент қаржы институты, М.П. Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университетімен бірге ұйымдастырды.

Марат МАМАДИЯРОВ,

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *