ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Білім
497 Views

SILKWAY Халықаралық университетінде жастарды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын профессор Бахтияр Саидұлы Юнусов атындағыбілім гранты үшін ғылыми жобалар конкурсы өз мәресіне жетті.

Конкурс мақсаты – жастарды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу, инновациялық идеяларын жүзеге асыруға ынталандыру және Республикамыздағы ғылымның дамуына үлес қосу болып табылады.

Конкурста 100-ге жуық магистранттар мен студенттер бақ сынады. Конкурс нәтижесіне орай өзектілігі мен маңыздылығы жоғары 13 ғылыми жоба үздік деп табылып, магистратура бойынша – 3, бакалавр бойынша – 10 білім алушы байқау жеңімпаздары атанып, БІЛІМ ГРАНТТАРЫН иеленді.

Байқау жеңімпаздарына оқу орнының есебінен оқу мерзімінде 100 пайыз мөлшерінде грант және тиісті оқу жылына бекітілген шәкіртақы тағайындалады.

Байқау оқу орнында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінде білім грантының иегерлері саны 40-қа жуық.

Аталмыш жобаның маңыздылығы да жоғары, себебі бүгінде байқау жеңімпаздары қаламыз бен республикамыздың болашағы үшін маңызы бар біршама бастамалардың иесі атанып отыр.

«Әділет – ақпарат».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *