«OŃTÚSTІK»ТЕЛЕАРНАСЫ ТОП ЖАРДЫ

Рухани жаңғыру
758 Views

Жылдағы қалыптасқан ізгі дәстүрге сай биыл да журналистер арасында спартакиада өткізілді. Оған Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері белсене қатысты. Спартакиада спорттың тоғыз түрінен ұйымдастырылды. Түркістанда волейбол, шахмат, суда жүзу, арқан тарту сындары өтсе, Шымкентте шағын футбол, жеңіл атлетика (жүгіру), үстел теннисі, тоғызқұмалақ, бильярд бәсекелері өтті.

Нәтижесінде, спорттық бағдарламаның төрт түрінен бірінші, бір түрінен екінші, үш түрінен үшінші орынды иеленген «Ońtústіk» телеарнасы жалпыкомандалық есепте топ жарды. «Ернұр» корпорациясы (төрт, бір, бір) екінші орынды еншіледі. «Рейтинг-Собкор» командасы (үш, бес, үш) үздік үштікке ілікті.

Ә.КЕЛЕСҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *