АВТОТІГІН ЦЕХЫН АШУ ОЙДА БАР

Қоғам
416 Views

Кез-келген адамның бизнесті бастамастан бұрын өзінің идеясы болуы қажет. Егер сіздің қандай да бір нақты идеяңыз болмаған жағдайда бизнесті бастамақ тұрмақ ол туралы айтудың да қажеті жоқ. Әрине идеяға келгенде біз мүлдем жаңа немесе сізге дейін адам баласының ойына кіріп-шықпаған бизнесті айтып тұрғанымыз жоқ. Бизнесті бастау үшін кез-келген идеяны алуға болады. Мейлі жайма базарда тауар сату болсын немесе шаштараз, дүкен, автокөлік жуу орны, мейлі донер, самса пісіретін орын болсын, ең бастысы белгілі бір идеяның болуы міндетті түрде қажет.

Сіздің бизнес туралы идеяңыз шағын немесе шағын бизнестің төңірегінде болуы тиіс. Өйткені шағын бизнесте айтарлықтай жетістікке жетіп, пайда таба алмасаңыз үлкен көлемдегі бизнесті бастау туралы айту барып тұрған ақымақтық. Егер ойыңызға дүкен ашу идеясы келсе, оның еш ерсісі немесе қатесі жоқ. Ең бастысы сіздің дүкеніңіз өзге дүкендермен салыстырғанда аз болса да бір қайталанбас өзгешелігі болуы тиіс.

Түркістан облысының Кентау қаласында ерекше бизнес идеяларға қолдау көрсетіледі. Мемлекет тарапынан кәсіп ашқысы келетін азаматтарға берілетін бір реттік қайтарымсыз гранттар да алдымен ерекше кәсіп иелеріне беріліп жатыр. Өз бизнесін ашқысы келетіндердің арасында, көпбалалы аналар мен жастар көп.

Солардың бірі Үміт Мәкімова – 4 баланың анасы. Осыдан 5 жыл бұрын жолдасы екеуі үйінің ауласынан көлік жуу орнын ашқан. Алайда оны кеңейту үшін өткен жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес мемлекеттен 1 млн 220 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алған. Оған көліктің іші-сыртын жылтыратып тазалайтын аппарат, кептіргіш құрал, бояйтын құрылғы сатып алыпты. Қазір жабық орынды жалға алып, жұмыс істеп жатыр.

Үміт Мәкімова, Кентау қаласының тұрғыны: – Осы кәсібіміздің арқасында біз тек қана автокөлік жумай, бояуды да қосамыз. Әрі қарай автотігін цехын ашсақ, деген ниетіміз бар. Автотігінді чехолдар тігеміз деген оймен бастап жатырмыз. Осымен тоқтап қалмай, жұмысымызды дамытып жатырмыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *