АУСТРАЛИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН ӨТКЕН ІСКЕРЛІК КЕЗДЕСУ

Саясат Туған жер
1 081 Views

23 қараша күні Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев Аустралияның «Starin Investments and Developments» инвестиция компаниясының президенті Анураг Тукралмен іскерлік кездесу өткізді.  Аустралиялық инвестор әлемдік деңгейдегі құрылыс нысандарын, темір жол торабтарын салған дүние жүзіне беделді танымал компания.

Түркістанның рухани танымы мен облыстың орталығы  ретіндегі болашақ жоспары қызықтырған компания басшысы Анураг Тукрал Түркістаннан жанұялық қонақ үй кешенін тұрғызуға ниетті екенін білдірді.

Келген қонақтар Түркістаннан келешекте бой көтеретін әкімшілік іскерлік орталығына арналған аумақтың және Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында жүзеге асырылатын шығыстық үлгідегі қалашықтың сызбаларымен танысты.

Анураг Тукрал өзінің болашақтағы жоспарларын жүйелеп, өңір басшыларымен арнайы меморандум түзгісі келетіндігін  алға тартты.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *