БАҚТИЯР ӨНЕРБАЕВ – ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ

Билік Қоғам
1 110 Views

Өңірлік конкурстық комиссиясы «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының Шымкент қаласының үздіктерін анықтады.

Аталған конкурсқа Шымкент қаласынан 12 мемлекеттік қызметші қатысып, өздерінің бағын сынады. «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру: Бюрократиядан арылту» тақырыбы бойынша іске асырылған немесе іске асырылатын жобаларын, мемлекеттік қызмет саласын жетілдіретін идеяларының презентацияларын ұсынды.

Қаламыздың түрлі сала бойынша мамандары цифровизация, жер қатынастары, мүгедектерді қорғау, денсаулық салалары және бірқатар маңызды салалар бойынша өздерінің тың идеялары мен жобаларын комиссия мүшелеріне қорғады.

Ұсынылған жобалар бойынша ішінен халықтың жағдайын жақсартуға, мемлекеттік қызметті жетілдіруге ерекшеленген бағыттар бойынша екіжобаны ұсынған өңірлік деңгейде қатысқан кандидаттар анықталды. Атап айтқанда,Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Шымкент қаласы бойыншадепартаментінің басшысы Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы байқауға қатысып, бағынсынап, Өңірлік деңгейден жеңімпаз атанып, үміткеріміз «Жылдың үздікмемлекеттік қызметшісі» конкурсына Шымкент қаласынан Республикалық кезеңінежолдама алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *