БІР АЛҚАПТАН 3 РЕТ ӨНІМ АЛАДЫ

Қоғам
506 Views

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Ордабасы тұрғындарымен кездесіп, аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талқылап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

— Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен саяси реформалар жүріп жатыр. Референдум өткізілді. Түркістан жұртшылығы өте белсенді қатысып, республикада көш бастады. Елге ең алдымен тыныштық, бірлік, жұмыс, қажет. Біз осы бағытта жұмыс атқарып жатырмыз. Ауданда мұнай өңдеу зауыты ашылады. Ол өңір экономикасына оң серпін береді, — деді облыс әкімі.

Кездесуде тұрғындар тарапынан Бөген ауыл округі, Кемер ауылындағы мектептің оқушылары тасымалына жаңа автобус алып беру, Бадам ауыл округі, Қарабастау елді мекеніне ауыз су құрылысы жүргізу, Шұбарсу ауылында халықтың көбеюіне байланысты ауыл ішінде жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелері көтерілді. Сонымен бірге Қараспанға медициналық ғимарат салу, газбен қамту, кәсіпорындар ашу, жайылым, каналдарды тазалау, Шұбарсу ауылына мектеп салу және өзге де мәселелер жөнінде өтініштерін жеткізді. Облыс әкімі Шұбарсуда биыл 3 жекеменшік мектеп берілетінін, 2023 жылы да мектептер ашылатынын айтты. Сондай-ақ осы ауылды газбен қамту, инфрақұрылымын дамыту жалғасады. Биылғы жаңа оқу жылына облыстық бюджеттен Ордабасы ауданына 15 жаңа автобус берілетін болады, соның ішінен Бөген ауылдық округіне бір автобус бөлінеді.

2021 жылы ауданда өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,7 млрд. теңгені, инвестиция көлемі 23,2 млрд. теңгені құрады. Биыл ауданда «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 363,7 гектар жерде 109 жоба іске асырылып, бірінші өнім жиналуда. Ордабасыда құрылыс жұмыстарының көлемі 8,7 млрд. теңгені құрап, бір жылда 27 мың шаршы метр үй берілді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 12 елді мекенде 37 жоба іске асырылды Төрткөл елді мекенінде спорт кешені салынды. 11 елді мекенде 77,1 шақырым болатын 36 көшеге асфальт төселді. 2 мектеп пайдалануға берілді. Биыл 3 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. 2021 жылы 6 елді мекен ауыз су жүйелерімен қамту жұмыстары жүріп, нәтижесінде Нұра, Кемер елді мекендері ауыз су жүйелерімен қамтылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *