ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ!

Білім Спорт
523 Views

Шымкент қаласындағы Орталық Азия инновациялық университеті еліміздегі алдынғы орындағы жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Университет жоғары сапалы оқытуды қамтамасыз ете отырып, оқытудың жаңа технологияларын енгізу және ғылыми зерттеулер базасын кеңейту арқылы білім беру қызметтерінің кең спектрін ұсынады.

Университетте жалпы ауданы 32 мың шаршы метрді құрайтын 6 оқу ғимараты, 400 орындық екі жатақхана, 4 жабық спорт залы, 2 жабық спорт ғимараты, жабық жүзу бассейні, тренажер залы, қала сыртындағы оқу-жаттығу лагері бар. Университетте жетім балаларға – 20%-дан 100%-ға дейін, көпбалалы отбасыларға – 15%, құрылтайшының гранттары 100%, оқу үшін толық біржолғы төлеммен-10%, ҰБТ-ға жоғары балл жинаған талапкерлер үшін жеңілдіктер қарастырылған.

Университеттің мақтанышына айналған 6B01404 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім беретін «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру кафедрасының оқытушы профессорлар құрамы сіздермен өз жетістіктерімен бөліспек.

«Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедрасы 2010–жылы құрылды. Кафедра құрамында екі: 6B01401 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» және 6В01404 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметі жүзеге асырылады.

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде. Қазіргі уақытта кафедра әлеуеті 34 оқытушы профессорлар құрамынан тұрады. ОПҚ құрамында: 1 – ғылым докторы, 9 – ғылым кандидаты, 12 – магистр, 3 – доцент және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылар мен аға оқытушылардан тұрады.

6B01404 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім алған түлектер мен білім алушыларымыз түрлі республикалық және әлемдік жарыстарда өнер көрсетіп жүр. Атап айтатын болсақ 2017 жылғы Универсиада ойындарының жеңімпазы, фристайл-акробатика түрінен Т.Іңкәрбек, қоян-қолтық жекпе-жектен 3 дүркін әлем чемпионы А.Оспанов, 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпаздары Р.Емьянова, Т.Емьянова, Т.Хайдаров, И.Голендов, О.Ананченко, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (2021 ж.), бокстан әлем чемпионы (2021 ж.) С.Ж.Бибосынов, Бейжіңдегі қысқы олимпиаданың финалистері (2022 ж.) А.Қалмұрзаева фристайл-акробатикадан және фристайлдан Ш.Хаширбаевалар біздің түлектеріміз болса, қазіргі уақытта университетте әмбебап жекпе-жектен чемпион Б.Мұратәлі, бокстан Азия чемпионы М.Дәурен, 18 жасқа дейінгі қыздар арасында блиц түріндегі шахматтан ҚР чемпионы және халықаралық жарыстардың жүлдегері З.Сұлтанбек, ережесіз жекпе-жектен 2018, 2019, 2020 жылдар аралығындағы Азия чемпионы А.Бәкірова, комбат Джиу-джитсудан Азия чемпиондары Ж.Салыхан және Б.Мырзабеков, қазақ күресінен Азия чемпионы Ғ.Тантар және т. б..

6B01404 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы жалпы дамудың пәндік мамандандыруымен мұғалімдерді даярлау бағыты аясында педагогикалық ғылымдар саласындағы кадрларды даярлау үшін Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес және білім беру ұйымдарының өкілдерімен келісілген. Білім беру бағдарламасының мақсаты: Дене шынықтыру және спорт саласында практикалық дағдылары мен теориялық білімі бар, өзгермелі әлеуметтік шындық жағдайында спорт саласында оқытудың инновациялық технологияларын енгізу арқылы ғылыми-педагогикалық міндеттерді тиімді шешуге және іске асыруға, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Орталық Азия инновациялық университеті – Сіздерді салауатты ұрпақ тәрбиелеуге шақырады!

К.С.КАЛМУРЗАЕВ,

Ж.А.АЗИМБАЕВ,

Б.БАГЛАНОВ,

ОАИУ, «БӘд және ДШ» кафедрасының аға оқытушылары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *