«ЕЛІМ-АЙ» ЖЫРЫ ЖӘНЕ ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫР – ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ НАМЫС ПЕН ЕРЛІК АЙНАСЫ»

Руханият Тарих
542 Views

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының негізінде Республика Мәдениет және Спорт министрінің «2023-2025 жылдарға арналған мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне бекіту туралы» №60 бұйрығына сәйкес Қожаберген жырау Толыбайұлының «Елім-ай» дастан жырының 300 жылдығы аталып өтіледі.

Осыған орай халықаралық «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қоғамдық қайырымдылық қоры қазақтың даңқты батыры, қолбасшы, жырау Қожаберген Толыбайұлын ардақ тұтқан азаматтардың қолдауымен жазба ақындарының «Елім-ай» жыры және Қожаберген батыр – Қазақ елінің намыс пен ерлік айнасы» атты республикалық жыр мүшәйрасын өткізгелі отыр.

Мүшәйраға еліміздің барлық аймақтарынан ақындар қатыса алады.

Үміткерлер қазылар алқасының қарауына үш өлең ұсынуы тиіс. Оның біреуі – Қожаберген жырау рухына бағышталса, екіншісіне «Елім-ай» дастаны арқау болуы керек, үшіншісі – еркін тақырыпта.

Шығармалардың көлеміне шек қойылмайды. Бұрын жарық көрген немесе қазылар алқасының қарауына белгіленген мерзімнен кеш түскен шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды.

Шығармалар 2023 жылдың 15-мамырына дейін қабылданады. Сараптау нәтижесінде жүлдеге лайықты деп танылған ақындар осы жылдың 26 мамырында Түркістан қаласында өтетін мүшәйраның ақтық сайысына шақырылады.

Мүшәйра жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады:

Бас бәйге (біреу) – 1 000 000 теңге;

Бірінші орынға бәйге (біреу) – 500 000 теңге;

Екінші орынға бәйге (біреу) – 300 000 теңге;

Үшінші орынға бәйге (екеу) – 200 000 теңге;

Ынталандыру сыйлығы (екеу) – 150 000 теңге.

Жабық бәйге болғандықтан, өлеңдер бүркеншік атпен (псевдоним) жолданады. Автордың аты- жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны жазылған парақ кіші конвертке салынып, желімделіп, оның бетіне тек бүркеншік аты ғана жазылады. Үлкен конверттің сыртында жіберушінің аты-жөні деген жерге бүркеншік аты жазылады.

Бәйге қатысуға тілек білдіргендер өздерінің шығармаларын мына мекенжайға жолдауы керек:

Шымкент қаласы, 160011, С.Пазылбеков көшесі, №5 үй, Заңғар-Заңгер кеңсесі, Халықаралық «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» қоғамдық қайырымдылық қорына.

Анықтаманы мына телефондар арқылы алуға болады: 8-775 405 04 11, 8-777 697 50 40. Е-mail: kynat_d@mail.ru

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *