ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ ЖАУАПТЫЛАРҒА ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТ ЕСЕЛЕНДІ

Уақыт Қоғам
895 Views

Жасыл желекке оранған шаһардың ауасы таза, экологиялықахуалы тұрақты болатыны белгілі. Мұны жақсы білетін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бұл мәселенің маңызын естен шығармауға шақырып, көшеттердікүтіп-баптауға жауаптыларға шүйлікті. Түркістан қаласында барлығы 55 саябақ пенскверлер бар. Тамырынан нәр алмайтын қураған ағаштың көбеюіне алаңдаған облысәкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппарат отырысында жауаптылар жұмысын қатаң сынғаалды. Таңмен таласа оянып, қызу тіршілікке кірісуге кеңес берді.

«Таңғы сағат 5-те тұру керек. Жұмыс киімін киіп алып, барлық нысандарды аралап жүру керек. Аудандар әрқайсысы өзінің секторына жауап берсін. Көшетті отырғызғаннан бастап әр талдың түбін қопсыту, оны суару керек. Шөлдеп тұрған тал бірден көрінеді ғой. Каналдан суды бұрып, алып келу қажет болса, оны жасаңдар. Ешкім жоқ демейді. Резервуар керек па, насос керек пе, суды жеткізу керек. Каналдар не үшін керек, суарылмаса?»,– деді облыс әкімі.

Түркістан қаласын абаттандыру үшін бөлінген 32 секторда 33 мың ағаш егілген. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты. 32 секторда әртүрлі ағаш отырғызылған. Көшелер жарықтандырылып, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтар орнатылды. Субұрқақтар қойылып, веложолдар төселіп, газон егілген. Апта сайын 32 сектор аумағында аудан, ауылдардан келген азаматтардың қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылуда. Қаланы көркейту бір үлгіде жүзеге асып жатыр.

Түркістан шаһарын көркейтіп, экологиялық жағдайды жақсарту үшін кешенді жұмыс жүріп жатқаны белгілі. Ол үшін сектор аумағында ұңғымалар қазылып, жер асты сулары пайдалануда. Әр талдың түбіне су жеткізіліп, тамшылатып суару жүйесі жүргізілуде. Жасыл көшеттерді желден, суықтан және басқа да сыртқы факторлардан қорғау үшін ағаштар қорғаныш жіппен байланып, тіреулермен қоршалған. Түркістандықтардың тікелей атсалысуымен бірқатар «Халықтық жоба» жүзеге асып жатыр.

Климаты тым құрғақ Түркістанның аптап ыстық, аңызақ желінде жасыл желекті жайқалтудың ауырлығын білікті ғалымдар да талай айтып келеді. Өйткені егілген көшеттердің өзге өңірлермен салыстырғанда жерсінуі тым төмен. Көшеттің жерсіну көрсеткіші өзге өңірлерде 70 пайызды құраса, Түркістан аумағындағы деңгейі 50%-дан аспайды.

Сондай-ақ, түркістандық 500-ге жуық отбасы биыл қоныс тойын тойлады. Оның ішінде кезекте тұрған азаматтарға 252 пәтер, несиемен 204 пәтер берілді. Түркістан қаласында салынып жатқан тұрғын үйлердің жағдайы туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында баяндалды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, жыл соңына дейін 76 тұрғын үй жоспарға сәйкес, ай сайын қабылдаудан өткізіліп отырады.

Жалпы, әкімшілік-іскерлік орталығында 7, 9 және 12 қабатты жалпы 82 тұрғын үй (342,7 мың ш.м., 5353 пәтер) бюджет есебінен салынуда. Жыл басынан бері 7 қабатты 6 тұрғын үй қабылдаудан өткен. Қазіргі таңда тұрғын үйлерде 2,5 мыңға жуық жұмысшы жұмыс жүргізуде. Құрылыс алаңдарына қосымша жұмыс күшін тарту бойынша қажетті шаралар атқарылуы тиіс.

ТУРИЗМГЕ ИНВЕСТИЦИЯ САЛУ ҮШІН ЕҢ ОҢТАЙЛЫ КЕЗЕҢ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «2021 Қазақстан-Америка инвестициялық форумына» қатысып, Түркістан өңіріне инвестиция құю мүмкіндіктері және артықшылықтарымен таныстырды. Екі мемлекеттің 30 жылдық достық қарым-қатынасы аясында өткен кезекті инвестициялық форумға онлайн форматта қатысқан Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев өңір әлеуетіне басымдылық берді деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға қатысушы АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері мен Германияның халықаралық сарапшыларын облыстың мемлекет бойынша инвестиция тартуда алғы қатарда болуының себептерін де атап өтті.

2020 жылы Германия, Литва, Украина, Польша, Латвия, Эстония, Түркия, Молдова, Орталық Азия мен ТМД-ға көршілес елдердің нарығына оңтайландырылған экспортпен 1,8 миллиард АҚШ доллары сомасына ауыл шаруашылығы өнімін шығара білген Түркістан өңірінің америкалық нарыққа да даяр екенін және осы бағытта қызығушылық танытушылар табылатынына сенім білдірді.

Географиялық орны ерекше Түркістан аумағынан шығатын өнімдердің бір апталық уақытта Қытай еліне, Еуропаға жеткізілу мүмкіндігі – әр алуан салада инвестиция құйып, кәсіп жетілдіру табыстылығының бірден-бір көрсеткіші. Мемлекет тарапынан инвесторларға арналған салықсыз және өзге жеңілдіктер қарастырылған бағдарламалары өңір әлеуетін арттыруда өз септігін береді.

Еуразия жауһары орналасқан Түркістан қаласын туризм орталығы ретінде қалыптастыру шешімін қабылдаған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ықпалымен атқарылған үш жылдық жұмыс жемісімен таныстырып өткен өңір басшысы, қазіргі таң – жергілікті туризм саласына қызығушылық танытудың ең оңтайлы кезеңі екенін де айтып өтті.

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Түркістан облысының журналистері Түлкібас ауданына пресс-турмен барып, аудандағы құрылыс саласымен танысты. БАҚ өкілдері алдымен медицина саласы қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында ашылған «Дәрігерлер аллеясы» мемориалына аялдады. Онда тұрғындардың демалып, бой сергітуі үшін 500 шаршы метр аумаққа ыңғайлы орындықтар, түнгі жарықтандыру шамдары орнатылған. Сондай-ақ, 70-ке жуық арша, ақ қайың көшеттері отырғызылып, шым егілген. Аллея ортасынан дәрігер мен медбике ескерткіші бой көтеріп, «Дәрігерлерге мың алғыс!» тақтайшасы орнатылған.

Кейін журналистер күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аудандық ауруханаға аялдады. Медициналық орталықтағы перзентхана, неврология және гинекология бөлімдері жөндеуден өтіп жатыр. Ғимараттардың есік терезелері мен едені толығымен ауысып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары мен электр, су жүйелері толығымен жаңартылады. Сыртқы бөлігі жел мен жаңбырға төзімді арнайы жабындымен қапталып, пандус мәселесіне де көңіл бөлінген.

Ал, құрылысы жуырда аяқталған жаңа арбатқа кешкі уақытта келіп демалушылар қатары күн санап артқан. Демалыс аймағына 2 субұрқақ, 8 тербелмелі үлкен әткеншек, сапалы орындықтар орнатылған. Сондай-ақ, мәдениет үйімен жапсарлас орталық саябаққа түнгі жарықшамдар балалар ойнайтын аттракциондар және жалпы көпшілікке арналған спорттық алаңша (воркаут) қойылды. Саябақ ішінде талшын, емен, қарағай, ерен, үйеңкі, шырша ағаштары отырғызылған.

БІР АЛҚАПТАН 2-3 ӨНІМ АЛАТЫН 200-ГЕ ЖУЫҚ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ БАР

Бүгінде Түлкібас ауданында шаруалар тарапынан бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жұмыстары жүйеленіп, қарқын алып келеді. Биылғы жылы аудан аумағындағы 14 ауылдық округте 185 шаруашылық бұл бағытта жұмысын бастап кетті. Бұл жайында БАҚ өкілдерінің ауданға жасаған пресс-туры аясында белгілі болды.

Аталған бағытта өз алқаптарынан мол өнім алып жүрген Жаскешу ауылындағы «Ерсары» шаруа қожалығы да бар. Қожалық биылғы жылы 5 га жерге бірінші және екінші өнімге жаздық және күздік қияр еккен. Ал 2 га жеріне пияз егіп, оны ағымдығы жылдың шілде айының орта тұсында теріп алып, екінші өнімге күздік қияр отырғызбақшы. Жиналған өнімді аудандық «Песня лета» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, көкөніс өнімдерін өңдейтін цехына өткізуді көздеп отыр.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл бір жерден 2-3 өнім алушы шаруалардың қатары артқан. Яғни, өткен жылы 155 шаруа қожалық бұл бағытта жұмыс жүргізсе, аудан әкімдігі тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде биылғы жылы 185 қожалық бір жерден 2-3 өнім алуға қызығушылық танытып отыр.

Сондай-ақ, аудандағы ілкімді істердің бірі – балық шаруашылығы. Мәселен, Майлыкент ауылдық округіндегі «Сапарғали» шаруа қожалығы 2,16 га аумақта орналасқан 7 жасанды су тоғанына 100 мың дана сазан, ақ амур және дөңмаңдай (толстолоб) балықтарының шабақтарын жіберуде. Әр жасанды тоған 0,30 га аумақты алып жатыр.

Бүгінде шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан жеңілдіктерде қарастырылуда. Балық жемінің 30 пайыз шығындары субсидияланып, заң аясында аудан әкімдігі тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілуде.

2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 130 ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдары оқулықтармен толық қамтылатын болады. Бірқатар оқулықтар жаңартылады. 3,6,8 сыныптың зерде бұзылыстары бар білім алушыларына арналған оқулықтары, 4,6 сыныптың нашар көретін білім алушыларына арналған оқулықтар басып шығарылатындығы және де жоғарыда көрсетілген сыныптардың оқулықтарын алу жоспарлануда.Түркістан облысы бойынша жаңа оқу жылына дайындық барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында баяндалды.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р. Жолаевтың баяндауынша, облыста 2-6 жастағы балаларды мектепкедейінгі тәрбиемен қамту 97,1% құрайды. 2021 жылы қамтуды 97,7%-ға жеткізу үшінқосымша 4000 орын ашылады деп күтілуде. 2021-2022 жаңа оқу жылында облысмектептерінің бірінші сыныптарына 80 мыңнан астам бала келеді деп күтілуде. Бұлөткен оқу жылымен салыстырғанда 28 мың балаға артық. Қабылдау жұмыстары толықавтоматтандырылған.

Білім нысандарына деген қажеттілікке сәйкес ағымдағы жылы облыста 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 14 мыңға жуық оқушыға арналған 44 мектептің құрылысы пайдалануға беріледі. Оның ішіндегі 26 мектеп 1 қыркүйекте, қалған 18 мектеп жыл соңына дейін тапсырылады. Сонымен қатар, Түркістан облысын дамытудың 5 жылдық Кешенді бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін 130 жаңа мектеп құрылысы жүргізіледі.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы шеңберінде «5000 мектепті жаңғырту» жобасына облыстағы 108 мектеп еніп отыр. Олардың барлығында мектеп кітапханалары жаңғыртылады. 29 білім ошағында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 91-ң асханалары жаңартылады.

Облыста 1500-ға жуық мектепке дейінгі ұйымдар, 919 мектеп (900 – мемлекеттік, 19 – жекеменшік), 30 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс істейді, 64 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері қызмет атқарады. Мектептегі спорт залдар мен спорт алаңшалары жаңартылуда. Облыстағы 900 мемлекеттік мектептер толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. 2020 жылдан бері 700 мектептің ішкі әжетханалары толық ретке келтірілді. Жұмыстар жалғасуда.

БАЛАЛАР ТУРИЗМІ ҚАРҚЫН АЛУДА

Түркістан облысында туристік-спорттық, туристік-өлкетану және туристік-экскурсия бағыттарында облыстық «Жас туристер станциясы» мекемесі биыл 30-ға жуық онлайн іс-шара өткізіп, оған 1 мыңнан аса бала қатысқан. Бұл туралы мекеме директоры Сәуле Өмірбаева брифингте мәлімдеді.

«Облыс көлемінде 10 ауданда «Жас туристер станциясының» филиалдары жұмыс атқарады. Пандемияға дейін мекемеге қарасты Төлеби ауданындағы лагерьде түрлі бағыттарға экспедиция, экскурсиялар ұйымдастырылған. Бүгінде жобаларымыз онлайн форматта жалғасын табуда. Альпинизм федерациясымен меморандумға отырдық. Олар біздің мамандарға шеберлік сағатын өткізді. Табиғат аясында таулы аумаққа саяхат жасайтын болсаңыз тиісті сала мамандарын ертіп шыққан жөн. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтағаныңыз өміріңізге пайдасын тигізеді», – деді Сәуле Өмірсерікқызы.

Мекеме басшысы шаһарда балалар туризмін дамыту ауқымды жоба ұсынғысы келетінін айтты. Жазғы мезгілде қалада демалыс орындары аз. Сондықтан, облыс орталығында жасанды құз (скалодром) орталығы ашылса оқушылар мен ата-аналар, қала тұрғындары мен қонақтарына тың дүние болары анық деген пікірде.

САУРАН АУДАНЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

Сауран ауданында жаңа өндіріс орындарын ашып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу – басты назарда. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістікті суарудың озық тәжірибелерін енгізуді, инвестиция тартып, өнім көлемін арттыру, мал шаруашылығын дамыту, аудандағы инфрақұрылым мен тарихи туризмді және де экотуризамді дамыту бағытында жұмыстар жүзеге асады. Барлық жұмыстар облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жеке бақылауында. Сауран ауданының әкімі қордаланған мәселелерді шешуде тұрғындардың ұсыныс-талаптары басты назарда болатынын жеткізді.

«Сауран ауданында үлкен потенциал бар. Аудан күллі түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласымен шектеседі. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының және халықаралық темір жол бойында орналасқан. Сауран ауданына ерекше көңіл бөлінген. Мақсатымыз – аудан халқына барынша қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасау. Ауыл, елдімекендеріміз жайлы, қауіпсіз, таза да көрікті, жасыл аумаққа айналдыру», – дейді Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков.

Сауран ауданында жаңадан аудандық құрылым бөлімдерін құруды, сәулеті заманауи талаптарға сай аудан орталығының құрылыс жұмыстарын бастау бағытында қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Аудан қарт Қаратау мен Сырдария өзенінің арасында туристердің қызығушылығын арттыратын тарихи орындар, табиғаты жанға жайлылық жерлер жетерлік. Қолданыстағы заңдарға сәйкес, әкімшілік құрылымын жасақтау үшін алдымен аудандық мәслихат құрылды. Тиісінше, мәслихат келісімімен, аудан әкімі тағайындалып, ауданды басқару жүйесі және бюджеті бекітілді. Жалпы аудан көлемі – 721 745 гектар жер көлемін құрайды, халқының саны – 103 мыңға жуықтайды, бүгінде орталығы – Шорнақ ауылында 13 мың халық тұрады, жалпы 35 елді мекен бар.

ДЕПАРТАМЕНТ БЕС АЙДА 122 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ТҮСІМ ТҮСІРГЕН

Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 5 айында мемлекеттікбюджет жоспарын 103,5% орындады. Жоспар 118 млрд 782 млн теңге болса, нақтытүсім 122 млрд 960 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіменсалыстырғанда 34 млрд 101 млн теңгеге көп. Бұл туралы брифингте департаментбасшысының орынбасары Еркін Елшібеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, саланы цифрландыру бойынша Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін 44 қызметтің 38 түрін электронды әдісте алу мүмкіндігі қарастырылған.

«Облыс бойынша 2021 жылғы 5 айдың қорытындысымен 529 039 қызмет көрсетілген. Оның 77%-ы электронды түрде көрсетілсе, 23%-ы қағаз түрінде көрсетілген. Бұл ретте қағаз жүзінде көрсетілген қызметтердің басым бөлігі электронды түрде алу мүмкіндігі қарастырылмаған, нақтырақ айтқанда: көлік құралдарына арналған кедендік декларация – 117 883, жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау – 629. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін облыстың 16 аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармалары мен 7 кеден бекеттерінде жұмыс істейтін қызмет көрсету орталықтары үнемі Департамент тарапынан қатаң бақылауда. Қызмет алуға барынша қолайлы жағдай жасау бағытында тұрақты түрде жұмыс жасаудамыз», – деді Еркін Кеңесбекұлы.

Мемлекеттік кірістер органдары өз құзіреті шеңберінде тұрақты түрде бақылау жұмыстарын да жүзеге асырады. Бұл бағытта тәуекелдерді басқару жүйесі тиімді қолданылуда. Мәселен, электронды шот фактура жазып беруді шектеу пилоттық жобасы аясында тәуекелі жоғары 312 салық төлеушіге хабарламалар шығып, нәтижесінде 139 салық төлеушінің электронды шот фактура жазып беруіне шектеу қойылумен қатар, 1 млрд 259,4 млн теңге қосымша кіріс өндірілген.

Сондай-ақ, облыстағы кеден бекеттерінде 2021 жылдың 5 айында 12 709 тауарға арналған декларация – тәуекел бейіндері жүйесінің бағалауынан өткізіліп, 751 кедендік тексеріс жүргізілген. Жүргізілген кедендік тексеріп қарау нәтижелерінде 671 кеден заңнамаларының бұзылу фактілері анықталып, тиімділік көрсеткіші 89,3% құраған.

ҚАМКӨҢІЛ ЖАНДАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КӨП

Арыс қаласында БАҚ қызметкерлері күніне орай арнайы пресс тур ұйымдастырылды. Сапараясында журналистер жуырда ғана ашылған «Тең қоғам» орталығына барды. Ғимаратмүмкіндігі шектеулі азаматтардың бір сәт көңіл сергітіп, демалуына арналған.Онда келгендерге ақысыз жаттығып, ойын ойнап, кітап оқуға барлық жағдайжасалған. Оңаша отырып, ой алмасатын демалыс бұрыштары да қарастырылған.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдері Арыс қаласындағы ардагерлерге арналған «Белсенді өмір сүру» орталығына да аялдап, жұмысымен танысты. Онда ардагерлер кеңесі мен спортпен шұғылдану аймағы орналасқан. Сонымен бірге, қажетті жиһаздармен жабдықталған тұз шахтасы, сенсорлық бөлме, интернет-кафе, йога, үстел теннисі, бильярд, шахмат, дойбы ойындары мен кітапхана қызметі бар. Заманауи үлгіде жабдықталған ардагерлер үйі арыстық қариялардың оңтайлы демалыс орнына айналары хақ. Пресс тур аясында қала әкімі Гүлжан Мамытқызы журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, сый-сыяпат жасады.

Бұрын той өткізу мақсатында салынғанғимарат иесі нысанды қала тұрғындарының мәдени-танымдық, спорттық сергітуорталығы ретінде пайдалануға берді. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың бастамасымен тойхана қайта құрылымдаудан өткізіліп, қосымша құрылыстаржүргізілді. Сөйтіп, зағип жандар мен құлақ мүкісі бар, жалпы мүмкіндігішектеулі қоғам мүшелерінің бір сәт көңіл сергітетін заманауи орталығы ретіндеіске қосылды. Бұл жерде көзделген негізгі мақсат мүмкіндігі шектеулі жандарғамедициналық емес сауықтыру шараларымен олардың өмірлік белсенділігін арттыру,психологиялық көмек көрсету арқылы тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларғабейімдеу болып табылады. Орталыққа келгендер кітап оқу алаңында еркін тақырыптаізденіп, интернет алаңында компьютермен жұмыс істей алады. Бұрынғы той сарайыенді мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді. Спорт бұрышында физикалықдене жаттығуларын жасайды. Ал қолөнер бұйымдары бұрышында түрлі кәдесыйлардыжасауды үйреніп, зағиптарға арналған үстел теннисінде бір сәт көңіл сергітеді.Ғимарат аумағында мүгедектер арбасына таңылған жандардың еркін кіріп-шығуы үшінарнайы пандустар салынған. Ғимараттың екінші қабатында оқу залы мен зағиптарғаарналған Брайль әліпбиі негізінде жазылған әлемдік және қазақ классиктерініңкөркем шығармалар жинағы да топтастырылған. Сондай-ақ, шығармалардың аудионұсқадағы үлгісі де келушілердің назарына СD-дискі түрінде ұсынылады. Көңіліқалаған адам кітапхана қызметкеріне жаздырып алып, үйіне кетіп тыңдауғаберіледі.

БЕС АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ 14 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қаңтар-мамыр айларында Ордабасы ауданында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 13 млрд. 795 млн. теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд. 298 млн. теңгеге артты.

Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін 6 млрд. 200 млн. тг жеткізу жоспарының 4 айдағы орындалуы 4 млрд. 642 млн. теңгеге немесе 75 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 65 780 гектарға орналастыру жоспарланып, бүгінгі күнге нақты 65 904 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, жоспар 100,2 пайызға орындалды.

2020 жылдан бері ауданда егістік жерлерді тиімді пайдалану бағытында 1 алқаптан 2 рет өнім алу жобасы қолға алынған. Өткен жылы 86 шаруа 169 гектар жерден 2 рет өнім алса, ағымдағы жылы бір жерден екі өнім алуға ниетті 257 шаруа 524,47 гектар жерге алғашқы өнімдерін отырғызды.

КЕЛЕСТЕ САЯБАҚ ЖАҢАРТЫЛЫП, ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Келес ауданындағы «Жеңіс» саябағы жаңартылып, ойын алаңшасы ашылды. Демалыс орнына жарықшамдар мен келушілердің көңілін сергітетін мүсіндер орнатылған. Сондай-ақ, қазақи нақыштағы киіз үйде тамақтану орындары тұрғындарға қызмет көрсетпек.

«Қазіргі таңда 20-ға жуық азаматты жұмыспен қамтып отырмыз. Барлығы аудан жастары. Алдағы уақытта қайырымдылық акциясын өткізуді дәстүрге айналдыру жоспарда. Әр айдың соңғы жұмасында аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалардың көңілін сергіту мақсатында балмұздақ таратып, барлық аттракциондар тегін қызмет көрсететін болады», – деді кәсіпкер Еркін Қадірбекұлы.

Айта кетейік, саябақта жарықтандыру, суару жүйесі толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар, заман талабына сай заманауи сахна салынады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, саябақ аумағы кеңейтіліп, ағаштар егіліп, абаттандыру мәселесіне де көңіл бөлінбек.

Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай, шаһар 32 секторға бөлініп, аудандар мен облыстық басқармалар жауапты ретінде белгіленген болатын. Осыған байланысты Келес ауданы өзіне тиесілі 16-секторда көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, сектор аумағына 12 көше кіреді. Жалпы ұзындығы – 9 шақырымға жуық. Бекітілген аймаққа 8 800 түп ағаш отырғызылды.

Жасыл желекті күтіп, баптау үшін мамандар тартылып, суару жүйесі жүргізілді. Төрт су ұңғымасы мен 2 трансформатор орнатылды. Тамшылатып суару жүйесі, 8,7 шақырымға полиэтилен құбыры жүргізілген. Автомобиль жолдарынан су жүйесін көлденең бұрғылап өту тәсілі қарастырылған. 12000 м3 топырақ төселген. Желден қорғау үшін әр тал жіппен қоршалған. 6000 м2 алаңға газон егу жұмыстары жүргізілді.

Түркістан қаласын көркейту, көгалдандыру бойынша 2020-2021 жылдарға арналған Келес ауданының жұмыстарының жоспарына сәйкес, күнделікті №16 секторда санитарлық тазалық, ағаш суғару, жұмыстарына 5 техника 48 адам тұрақты жұмыс атқарып келеді.

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА КӨПҚАБАТТЫ 9 ТҰРҒЫН ҮЙ БОЙ КӨТЕРДІ

Төлеби ауданының Ленгір қаласындағы 1-мөлтек ауданында бес қабаттан тұратын 9 үйдің құрылысы жүргізілуде. 20 пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қас бетін әрлеу және шатырын жабу жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы тұрғын үйдің аумағы – 11 000 шаршы метр.

Құрылыс жұмыстарын жүргізуге үш мердігер мекеме тартылып отыр. Құрылыс барысы аудан әкімі Төлеген Телғараевтың тұрақты бақылауында. Мердігер компания басшымен кездескен Төлеби ауданының әкімі құрылыс сапасын басты назарда ұстауды ескертті.

Жалпы, Леңгір қаласы бойынша 100-ге жуық көпқабатты тұрғын үй бар.

Беттерді әзірлеген Құралай АХМЕТОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *