КЕМЕЛДІ КЕЛЕШЕККЕ БІРГЕ ЖЕТЕЙІК!

Саясат Қоғам
829 Views

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТТІКТЕР! НҰР ОТАНДЫҚТАР!

Білім-ғылым – әлем тұтқасы. Адамзатты шыңға шығарып, жетістіктерге жетелейтін ұлы күш.

Бүгініміз – ертеңгі тарих. Ертеңіміз – ұрпаққа аманат. Тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен балаларымыздың бейбіт өміріне, кемелді келешегіне біз жауаптымыз.

Мен, Исабек Баршагүл Қашқынқызы, «Nur Otan» партиясының мүшесі ретінде партияның Саяси кеңесінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 001PQ қаулысымен бекітілген Праймериз өткізу ережесіне сәйкес «Бедел» бастауыш партия ұйымы атынан Шымкент қалалық маслихат депутаттығына үміткер болып Әл-Фараби ауданынан «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысып отырмын!

Мен 1973 жылы 28 мамырда Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы, Ордабасы ауданында дүниеге келдім.

1990 жылы «Жамбыл» орта мектебін алтын медальмен бітірдім.

1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент бөлімшесін «Тарихшы, тәрбие жұмысының методисі» біліктілігі бойынша үздік дипломмен аяқтадым.

Алғашқы еңбек жолымды сол жылы аталған оқу орнының Қазақстан тарихы кафедрасында ізденуші-машықтанушы қызметінен бастап күні бүгінге дейін түрлі кезеңдерде әртүрлі атпен аталған осы оқу орнында үздіксіз жұмыс істеп келемін:

1998-2000 жж. – Бүкіләлем тарихы кафедрасында аға оқытушы,

2000-2002 жж. – Тарих факультетінің декан орынбасары,

2002-2003 жж. – «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі,

2003-2004 жж. – Сырттай оқу факультетінің деканының орынбасары,

2004-2011 жж. – Тарих және заң факультетінің деканы,

2011-2012 жж. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және педагогика факультетінің деканы,

02.08.2012-05.09.2014 жж. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының тәрбие істері жөніндегі проректоры,

05.09.2014-06.01.2015 жж. – әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор,

06.01.2015-28.12.2017 жж. – Бірінші проректор, оқу ісі жөніндегі проректор,

29.12.2017-14.02.2018 жж. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Бірінші проректор, оқу ісі жөніндегі проректоры,

14.02. 2018-03.06.2019 жж. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Оқу және оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректоры,

03.06.2019-18.10.2019 жж. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры міндетін атқарушы,

18.10.2019 жж. – бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Оқу және оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректоры болып қызмет етіп келемін.

1999 жылы 27 сәуірде ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Академик Р.Б.Сүлейменов: Қазақстан тарихын зерттеудегі үлесі және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі» деген тақырыпта 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, 2008 жылы доцент ғылыми атағына ие болдым.

2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006-2008 жж. Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиясының иегері атанып, 2008 жылы ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын жеңіп алдым.

ҚР Президентінің, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Құрмет Грамотасымен, «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасы бірінші орынбасарының Алғыс хатымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» (2017 ж.) медалімен, ҚР БжҒМ «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2018 ж.) төсбелгісімен марапатталдым.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы Елбасының Жолдауын насихаттау жөніндегі лекторлар тобының белсенді мүшесі болып, ОҚО Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған байқауда 2005 жылы «Ең үздік лектор», 2014 жылдың қорытындысы бойынша «Ең үздік насихатшы» номинациясын жеңіп алдым.

100-ден аса ғылыми мақала, 1 монография, 6 оқу құралы, 6 авторлық оқу бағдарлама, 12 оқу-әдістемелік құралының авторымын. Бірнеше халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларда баяндамалар жасап, Стамбул, Измир, Мәскеу, Цукуба (Жапония), Ташкент, Астана, Алматы қалаларында білімін жетілдіріп, біліктілікті арттыру курстарынан өттім.

Шәкірттерім Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған республикалық олимпиадалардың, ғылыми жұмыстардың, «Болашақ» стипендиясының жүлдегерлері атанды.

Отбасылық жағдайым: жолдасым, 2 қыз, 1 ұлым бар.

Әрдайым азаматтық ұстанымымды танытып, республика, облыс, қала көлеміндегі беделді баспасөз беттерінде білім беру ісінің өзекті мәселелері, жоғары білімді дамыту жолдары, саяси-қоғамдық, рухани мәселелер бойынша мақалалар жариялап, пікір білдіріп отырамын. Облыстық, қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссияларының, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Мирас» қоғамдық кеңесінің, Шымкент қалалық ономастика комиссияларының белсенді мүшесімін.

25 жыл жоғары оқу орнының ұстазы ретінде, 17 жыл басшылық-басқарушылық қызметінде жинаған іс-тәжірибемді, барлық қарым-қабілетім мен күш-жігерімді, кәсіби шеберлігім мен қалыптасқан дағдыларымды Шымкент қаласын гүлденген, табысты және жайлы мегаполиске айналдыру үшін, тұрғындарының өмір сүру деңгейінің артуын қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік бағдарламалардың шын мәнінде халық игілігі, болашақ ұрпақ қамы үшін қызмет етуіне жұмсаймын.

МАҒАН ҚОЛДАУ КӨРСЕТІП, ДАУЫС БЕРУЛЕРІҢІЗДІ СҰРАЙМЫН!

Бұл партияішілік іріктеу – мемлекетіміздің басқару жүйесіндегі жаңашылдық пен іскерлікке, жаңа міндеттер мен мақсаттарға бастар жол.

Осы жолда өз мақсаттарыма жетуде менің басты ұстанымым – «САПА – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» дегенге негізделеді.

Сіздердің назарларыңызға сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:

«NUR OTAN» партиясының мүшесі бола отырып, мен оның саяси тұғырнамасын толығымен мақұлдаймын және қолдаймын. Менің сайлауалды бағдарламам төмендегі негізгі мәселелерді қамтиды:

САПАЛЫ БІЛІМ

— Үш ауысымды мектеп проблемасын шешу;

— Білімді де білікті педагог мамандар даярлауға үлес қосу;

— Ұстаздар мен оқушылардың заманауи технологиялар негізінде біліктілігін арттыруға ықпал жасау;

— Оқулық сапасының артуына ықпал ету;

— Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар мен жастардың білім алуына қолайлы жағдай жасау;

— Оқушылардың бос уақытының тиімді ұйымдастырылуына көңіл бөлу.

САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

— Дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыру;

— Пандемия жағдайында денсаулық сақтауға бөлінетін бюджет қаражатын ұлғайту және оған бақылау жасау;

— Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға қаржы бөлдіру;

— Мемлекеттен тегін дәрі-дәрмек алатын азаматтардың қажетті дәрілермен уақытылы қамтамасыз етілуін қадағалау.

САПАЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАР

— «Қолжетімді баспана» бағдарламасын жетілдіру бойынша жастарға қолдау көрсету;

— Мүгедектер мен зейнеткерлердің, студенттердің қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүруіне қол жеткізу;

— Жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету;

— Шағын бизнесті дамытуға арналған бағдарламаларға қолдау көрсету;

— Қаланың инфрақұрылымының дамуына, аулалардың абаттандырылуына, үйлерге уақытылы сапалы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне атсалысу.

САПАЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА

— Азаматтар үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыруға қатысу;

— Шымкент қаласының тарихи-мәдени имиджін жасау;

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

— Шымкент – таза және жасыл қала;

— Тұрғындардың қала өміріне қатысты шешімдер қабылдауға белсенді қатысуына жағдай жасау.

Бабалар аманатына, ұрпақтың еншісіне адалдық таныту – азаматтық парызым.

Тәуелсіз Қазақ елінің үшінші мегаполисі – тарихы терең, өрнегі көркем Шымкент қаласындағы саяси, мәдени-әдеби өмірдің ортасында жүрген мен үшін туған өлкені көркейту – уәзипалы қызмет!

Құрметті отандастар!

Мемлекеттік стратегияда көрсетілген өркениеттіліктің шырқау шыңына шығуда бізге темірқазық болар басты бағыт – САПА.

Сапалы білім.

Сапалы медициналық қызмет.

Сапалы әлеуметтік бастамалар.

Сапалы әлеуметтік орта.

Бұл –дамыған қазақ елінің бейнесі.

Мен осы жолда бар күш-жігерім мен тәжірибемді жұмсайтын боламын.

Отанымыздың өркендеп өсуі білім мен біліктілікке, шынайылық пен адалдыққа негізделген басқаруға тікелей байланысты.

САПА ЕШҚАШАН КЕЗДЕЙСОҚ КЕЛМЕЙДІ.

ОЛ – САНАЛЫ ТҮРДЕ ТАЛАПТАНУДЫҢ ЖЕМІСІ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *