МАҚСАТ – ХАЛЫҚТЫҢ АХУАЛЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Қоғам
877 Views

Қазіргі уақытта заман ғарыштық жылдамдықпен қарқын алып, белсенді дамуда. Кез келген сәтте адам ойламаған нәрселер дүниеге келіп жатады. Мұның барлығы бізден аса қырағылықты, шапшаң қимылдауды, жедел бейімделуді талап етеді.

Біздің еліміз де заманға сай өркендеп, кең қанат жайып келеді. Шымкент қаласының келбеті де мегаполис мәртебесін алғалы жаңа қырынан өзгеріп жатыр. Ал энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы – мегаполистің жүрегі десек қателеспейтініміз анық. Өйткені, дәл осы жерде инфрақұрылым желілері пайда болып, дәл осы жерде қаланың өнеркәсіптік артериялары туылады.

Бірінші кезектегі міндеттер – таза сумен, жылумен қамтамасыз ету, жолдарды көркейтіп, абаттандыру және тағы басқалар болып табылады. Осыған орай, 2018 жылы Шымкент қаласының инженерлік инфрақұрылымының құрылысы мен жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу мақсатында арнайы 8 720,0 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Оның ішінде, 4 338,5 миллион теңгесі республикалық, 4 381,5 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылған.

47 нысанның құрылысына бөлінген қаражат толық игерілді. Атап айтқанда, 14 ауыз сумен жабдықтау, 12 су бұру, 11 электр қуатымен қамтамасыз ету, 3 газбен, 2 жылумен жабдықтау және 3 жол құрылысы мен 2 көріктендіру нысандары көз қуанышымызға айналды. Ағымдағы жылы осы реттегі 23 нысанның жұмыстары басты назарға қойылып, іске асырылу көзделуде.

Бұл күнде индикатор көрсеткіштерінің қолжетімділігі арта түскен.

2018 жылы қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу негізінде 142,3 миллион теңге шамасында қомақты қаржы бөлінді.

Аталған жылы 14 ауыз сумен жабдықтау, 12 су бұру, 10 электр қуатымен, 4 газбен, 2 жылумен жабдықтау, 10 жол құрылысы, 10 сейсмикалық нығайту, 4 көріктендіру сынды 66 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде, 33 жобаға сараптамалық қорытынды алынып, 31 жоба 2019 жылға өтпелі болып отыр.

Айта кетейік, энергетика және коммуналдық шаруашылық – мемлекеттің, экономиканың, халықтың әл-ауқатына әсер ететін сала. Коммуналдық шаруашылықты басқару саясаты қоғамның барлық бөліктеріне, яғни, оның субъектілері болып саналатын – халыққа, барлық деңгейдегі басқару ұйымдарына, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға, өндірістік кәсіпорындарға өз ықпалын тигізеді.

Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызмет көрсетумен, тіршілік ету жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың тиімділігін арттыру жолында аталған саланың маңызы өте зор екені баршамызға аян.

Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *