МҰРЫН АСТЫНДАҒЫНЫ «БІЛМЕЙТІН» БАСШЫ

Қоғам Құқық
278 Views

Түркістан облысы бойынша экология департаментінің басшысы, мемлекеттік қызметкер Қалмахан Қанат Қалмаханұлының қол астындағы инспекторлары пара алыпұсталып жатыр. Тергеу құпиясына сәйкес олардың аты-жөнін әзірге жаза алмаймыз.ҚР Президентінің талабына сәйкес, сондай қолданыстағы заң аясы бойынша параалған қызметкерге басшысы жауап беруге міндетті екені баршаға белгілі. Сыбайласжемқорлыққа қарсы күрес қарқын алып жатқан тұста өз қызметкерлері пара алуменшұғылданғанының бір ұшы Қанат Қалмаханға да тиері сөзсіз. Бұл туралы осы салағақатысты министрлік те хабардар. Біз осы мәселеге байланысты ҚанатҚалмаханұлымен тілдескенімізде қылмысқа қатысты жауапқа тартылып жатқан әлгіқарамағындағы қызметкердің кезекті демалыста екенін, қандай күдікпен ұсталғанында «білмейтін» болып шықты. Бұл ертегіні біз әрине өзімізге қабылдай алмаймыз.Кезінде замандас құрдасымыз Қанат Қалмаханұлы қызметке отырған кезде өз саласынадал атқарады деп қуана тілектес болған едік, алайда қуанышымыз ұзаққа бармады.Әрине, қызметтік тақ мәңгі емес. Бірақ әңгіме басшылық қызметті қалай атқаруда,негізгі мәселе де сонда… Сыртқа кеткен миллиардтар елге қайтып жатқанда, елішіндегі қымқырған қаржы да түбі су бетіне қалқып шығады деп күтеміз. Әрбірмемлекеттік қызметкер заңға томпақ келгені үшін жауапқа тартылуға міндетті. Текбұрынғыдай жолын тауып, сытылып кетуге жол берілмейтінін Мемлекет басшысы қадапайтты…

Ендеше әліптің артын бағайық.

«Әділет — ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *