«НӘТИЖЕ ҚАҒАЗБЕН ЕМЕС, НАҚТЫ ІСТЕРМЕН КӨРІНУІ КЕРЕК»

Билік Қоғам
399 Views

Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, барлық бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде ауданға инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру, құрылыс нысандарының сапасы мен саны, ауыл шаруашылығы саласы мен мүлік және жер, көлік салықтары бойынша жоспарлы жұмыстардың орындалуы сөз болып, атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Жыл қорытындысы бойынша орындамау қаупі бар кәсіпкерлік, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, білім салалары бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып, алдағы атқарылар жоспарлар талқыланды.

Жиын соңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан активімен кездесуі барысында көтерілген сын-ескертпелердің орындалуы, әсіресе, инвестиция тарту, мал басы санын арттыру мен өндіріс орындарын ашу, өзіндік кірістердің көлемін арттыру, мемлекеттік сатып алу және әлеуметтік сала, жұмыспен қамту, электр, ауыз су және жол жөндеу мәселелері бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар берген аудан басшысы аталмыш бағыттар бойынша бірінші жарты жылдықтың қорытындысымен қайта талқыланатынын айтты. Тиісті тапсырмаларды орындай алмаған және индикаторлық көрсеткіштердің үдесінен шыға алмаған басшыларға шара көрілетін болады.

«АУЫЛ АМАНАТЫ» – АУМАҚТЫҢ ДАМУ КЕПІЛДІГІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және халық арасында кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмасы аясында өңірде халықтың табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағыты аясында несиелендіру тәртібі бойынша жиын өтті. Жиынға әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, «Ырыс» МҚҰ және «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының өкілдері және облыс кәсіпкерлері қатысты.

Жиында Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әзірленген кәсіпкерлік бағытындағы 50 бизнес жобаны таныстырды. Құрылыс қолғап, шұлық, шеге, құрылыс материалдарын жасау, плитка өндірісі, ұнтақ және химиялық сұйықтықтарды өндіру, жиһаз, ағаш бұйымдары, жартылай дайын тағамдар өндіру бойынша кәсіп иелері өз бизнестерін таныстырып, қолдау көрсетуді сұрады. Шығыны мен пайдасы зерделеген кәсіпкерлік бағытындағы жобаларды таныстырған басқарма басшысы, бұдан бөлек бірқатар потенциалды жоба пысықталып жатқанын жеткізді.

Кәсіпкерлердің жобаларымен жеке-жеке танысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

– Іс бастаймын десеңіздер, ешқандай қарсылық білдірмейміз. Керісінше, істеймін деген азаматқа қолдау көрсетеміз. «Ауыл аманаты» бағдарламасына халықты тарту керек. Мүмкіншілік көп. Мемлекет ұсынған қолдауды тиімді пайдаланып, жұмыс істеу керек. Тек ауыл шаруашылығымен ғана айналысып қоймай, басқа да кәсіпке бейімделген жөн. Көтерген мәселелеріңізді заң аясында қарап, оңтайлы шешуге күш саламыз. Бірлесіп жұмыс атқарайық, – деді Нұралхан Көшеров.

Кездесуде кәсіп иелері кедергі келтіретін өзекті мәселелерді ортаға салып, жер және инфрақұрылым туралы сөз қозғады. Көтерілген мәселелер заң аясында қаралып, шешімін табады.

Жиын соңында кезекті отырыс уақыты белгіленіп, көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыс нәтижесін саралау келісілді. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға таныстырылған 50 бизнес жобаны қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

БЕС ЖЫЛДА 100 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРДІ

Бүгін Түркістан облысының құрылғанына тура 5 жыл толып отыр. Осыдан дәл 5 жыл бұрын, яғни 2018 жылдың 19 маусымында Президент жарлығымен жаңадан Түркістан облысы құрылған болатын. Бұл тарихи шешім өңірге жаңа серпін берді және жан-жақты даму мүмкіндіктеріне жол ашты.

Мәселен, соңғы 5 жылда өңірде 100 мектеп салынды. Рухани шаһар облыс орталығына айналмас бұрын білім ордаларының саны 900-дің жобасында болса, қазір мыңнан асып жығылады. 78 мектептің құрылысы бюджет есебінен жүргізіліп, бүгінде 64 білім ошағының құрылысы аяқталған. Бұл үш ауысымды мектептер өзектілігін шешуге өз септігін тигізіп отыр.

Одан бөлек, 108 мектептің асханасы жаңғыртылды. Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін 907 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде, 750 мектептің бейнекамерасы полицияның жедел атқару орталығына интеграцияланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында апатты, үш ауысымды және орын тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда өңірде «1 000 мектеп» бағдарламасымен жалпы 7 500 орынды 24 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде биыл 11 білім ұясы пайдалануға берілмек. Қалған 13 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.

Ал, 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық шеңберін іске асыру мақсатында облыста 49 000 орынды 63 мектептің құрылысы жүргізіледі. 2023 жылдың соңына дейін Түркістан облысында жалпы 20 мектепті (5 150 орын) пайдалануға берілу жоспарланған.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Түркістан облысында апатты, үш ауысымды және орын тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда өңірде «1 000 мектеп» бағдарламасымен жалпы 7 500 орынды 24 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде биыл 11 білім ұясы пайдалануға берілмек. Қалған 13 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2 050 орынды 9 мектептің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Ал, 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық шеңберін іске асыру мақсатында облыста 49 000 орынды 63 мектептің құрылысы жүргізіледі. 2023 жылдың соңына дейін Түркістан облысында жалпы 20 мектепті (5 150 орын) пайдалануға берілу жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша конкурстық рәсімдердің қорытындысы нәтижесінде 2024 жылы қолданысқа берілетін 28 мектептің ішіндегі 19 мектеп бойынша құрылыс компаниялары анықталған. Қыркүйек айына дейін 17 мектептің жұмыстары аяқталады. Ал, қалған 2 мектептің қаржысы келесі жылға өтпелі.

МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

«Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының жоспарына сәйкес Жетісай қаласында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдауға Түркістан облыстық мәслихат депутаты Талғат Қаржауов пен аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Әділхан Асауов пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбеков, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мамандары мен аудандық орталық аурухананың дәрігерлері қатысты.

Халық қалаулысы мен жергілікті атқарушы орган басшыларына Қарақай, Мақталы, Жылы су ауылдық округтерімен қатар Жетісай қаласынан келген тұрғындар жол жөндеу, ескі электр бағаналарын ауыстыру, тұрғын үй салуға жер учаскелерін алу, абаттандыру, елді мекендерді табиғи газға қосу сынды өтініштерін жеткізді.

Талғат Қаржауов пен жауапты сала басшылары тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелердің аяқсыз қалмайтынын, талап пен ережелерге сәйкес жұмыстар жүргізілетінін түсіндірді.

Айта кетейік, бүгінде ауданда 2022 жылдан 2023 жылға өтпелі жалпы құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын Жаңа ауыл ауылдық округінің елді мекендеріне магистральды газ құбырын салу жұмыстары жүргізіліп, Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» АГТС және Ынтымақ ауылдық округінде «Киров» АГТС нысандарын биылғы жылы тапсыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 38 елді мекенге жобалау-сметалық құжаттарын рәсімдеуге 149,3 млн теңге қарастырылып, 26 елді мекенге қаржы бөлдіруге ұсынылған. Ал, қалған 12 елді мекеннің жобалау сметалық құжаттамалары әзірленуде. Оған қоса тағы 8 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 736,3 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары атқарылуда.

Одан бөлек, Жетісай қаласын ұлғайтуға арналған 80 га жер теліміне подстанция салу және Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты 3 елді мекендегі жаңадан түскен көшелерді электрмен жабдықтау желілерін салу және КТП орнату үшін 1,8 млрд.теңгеге жоба жасақталып қаржыландыруға ұсынылса, Жаңа ауыл, Абай, Ж.Ералиев ауылдық округтеріндегі 15 елді мекенде жаңадан түскен көшелерге электр желілерін жүргізуге және трансформатор (КТП) орнатуға жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жоба әзірленуде.

Сондай-ақ, мобильді қоғамдық қабылдауда келушілерге биылғы жылы қала, кент, ауылдық округтерде жалпы ұзындығы 70,5 шақырымды құрайтын 104 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2 млрд.теңге қаралғаны түсіндірілді.

АТҚАРЫЛАР АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауыл округінің тұрғындарымен кездесті. Онда ауыл округте атқарылатын жұмыстарды баяндап, келелі жоспарларымен бөлісті.

— Ағымдағы жылы ауылдық округте көптеген ауқымды жобалар жүзеге асуда. Аудан орталығынан заманауи үлгідегі 200 орындық спорт кешенінің құрылысы жақын күнде басталып, Ақшам және Наурыз мөлтек аудандарын толықтай ауыз сумен қамту мақсатындағы жұмыстар жалғасуда. Бұдан бөлек «Жайлы мектеп» жобасы аясында 900 орындық Ы. Алтынсарин атындағы жаңа мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Қазіргі таңда С.Қожанов атындағы ескі музей ғимараты балалар шығармашылық үйіне арналып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шолаққорған ауыл округіне қарасты Қарабұлақ елді мекеніндегі орталық көшесінің жарықтандыру жұмыстары аяқталып, Балдысу, Жеткіншек елді мекендерінің орталық көшелеріне жарықтандыру жұмыстары басталуда. Бұл көшелерге қосымша орташа жөндеу жұмыстары да жүргізіледі. Абай елді мекені тұрғындарын 24 сағат ауыз сумен қамту үшін А.Иманов атындағы жалпы орта мектебіне 25 метр және су құбыры мұнарасының қасынан тереңдігі 140 метр болатын ұңғыма құдық қазылды. Сондай-ақ Шолаққорған ауылынан Е.Өмірбеков, С.Абуов-1, С.Абуов-2, М.Әуезов-1, М.Әуезов-2 көшелерінің жарықтандыру жұмыстарына қаржы қаралды. Демеушілер есебінен Қарабұлақ, Жеткіншек елді мекендері мен Шолаққорған ауылының А.Спатаев және С.Абуов көшелеріне балалар ойын алаңын салып, Қ.Рүстемов, А.Иманов және Әйтеке би көшелеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, — деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Ашық аспан астында өткен жиында тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, аудан аумағын абаттандыру мақсатында бірқатар ұсыныс-пікірлерін жолдады.

Аудан басшысы айтылған әрбір мәселені назарға алып, маңыздылығына тоқталып өтті. Бүгінде көтерілген мәселелер төңірегінде тиісті жұмыстар жасалып жатқанын айтты.

Есептік жиын соңында бірқатар тұрғындар жеке мәселесі бойынша жүгініп, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Сала мамандарына көтерілген мәселелердің шешу жолын қарастырып, тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылдық округінде болып, белгілінген кестеге сай тұрғындармен кездесті. Онда ағымдағы жылы аудан көлемінде атқарылар жоспарларымен бөлісіп, ауылдық округте жасалатын жұмыстарды баяндады.

— Біз сіздермен тоқсан сайын кездесудеміз. Ондағы мақсатымыз өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастыру. Бұған дейін айтылған ұсыныстарыңыз назарға алынып, орындау үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылы Қызылкөл елді мекеніндегі Л.Бөкенов, Қ.Төлеуұлы, Құмкент ауылындағы Амангелді және К.Берденұлы көшелерімен қоса демеушілер есебінен Абай және Ш.Уалиханов көшелеріне де жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек Құмкент ауылындағы орталық алаң күрделі жөндеуден өтеді. Біз мұнымен тоқтатпаймыз. Алдағы жылға да нақты жоспарларымыз бар. Қазіргі таңда жалпы ауданда жасалып жатқан жұмыстардың барлығы тек халықтың игілігі үшін, — деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Жиында тұрғындар тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер жолданды. Аудан басшысы халықпен кездесудегі басты мақсатымыз алдағы жоспарларды ашық айтып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, соның төңірегінде жұмыс жасалатынын айтты. Көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Сапар барысында Жамбыл облысының шекарасынан – Құмкент – Шолаққорған бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстарымен танысты.

МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ОҢ ШЕШІЛУІН БАҚЫЛАУҒА АЛДЫ

«Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Мыңбұлақ елді мекенінде кезекті мобильді көшпелі қоғамдық қабылдауын өткізді.

Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесулер өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, ұйымдастырылған мобильді көшпелі қоғамдық қабылдауда «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының Төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков, облыстық департамент, басқарма, жергілікті мемлекеттік бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері және облыстық, аудандық мәслихат депутаттары тұрғындардың арыз-өтініштерін қабылдады.

Оларға бәйдібектік 88 тұрғын өз мәселесін айтып көкейтесті сауалдарын жолдады. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі инфрақұрылым, ауылшаруашылық, интернет, жұмысқа қатысты мәселелерін алға тартты. Ойын, спорт алаңшаларын салу жөнінде де тұрғындар өз сұрақтарын жеткізді.

Жергілікті халықтың толғандырған мәселесі қатарында ауданның өзекті проблемасына айналған Мыңбұлақ ауыл округі Қайнарбұлақ ауылындағы су жинайтын башня және қосалқы трансформатор қажеттігі, Мыңбұлақ және Мәдениет ауылында 1970 жылдары қойылған электр ағаш бағаналарын ауыстыру мәселелері, Арыс-Түркістан каналының бойындағы Р-14-3 бұлақтан шыққан жеріндегі 1 шақырым жерде суағар жоқтығына байланысты, жаңадан суағар салу қажеттігі де бар.

Жалпы алғанда 88 тұрғын бір емес бірнеше проблемаларды ортаға салып көңілге қонымды жауаптарын алды. Әр облыстық және аудандық мемлекеттік қызметкерлер мен халық қалаулылары барлық өтініштерді қабылдау кезінде оңтайлы шешіліп, қаралуды талап ететін өтініштер хаттамаға түсіріліп оң шешілуіне дейін бақылауға алды.

АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АРНАЙЫ КЕЗДЕСТІ

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов ауыл тұрғындарының шақыртуымен Еңбекші ауылдық округі Жантақсай ауылына барды. Бұған дейін аталған ауылдың азаматтары аудан әкімінің жеке қабылдауында болған еді.

Сала басшыларын жинап барған аудан басшысы ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын қарастырды. Жантақсайлықтар негізінен ауылға газ тарту, тозығы жеткен электр бағаналарын жаңарту, елдімекенді кеңейтуге арналған жер теліміне инфрақұрылым тарту мәселелерін көтерді.

Аудан басшысы ауылға газ тарту бойынша жобалық сметалық-құжаттама жасалып жатқанын, дайын болған соң қаржы бөлдіруге ұсынатынын жеткізді. Ал, елдімекенді кеңейтуге арналған жер теліміне инфрақұрылым тарту бойынша ауданның сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Бижан Анарбековке тапсырма беріп, жол, ауыз су, электр желісін тарту бойынша жобалық сметалық-құжаттамаларын шұғыл түрде жасау керектігін айтты. Ал, электр бағаналарын жаңарту бойынша жауапты мекемеге тапсырма беретінін түсіндірді.

Жиын барысында ауыл тұрғындары арнайы келгені үшін аудан әкіміне алғыстарын жеткізіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Аудан әкімі ауылды дамыту үшін әрқашан ауыл тұрғындарымен бірлесе жұмыс жасауға әзір екенін жеткізді.

Айта кетейік, Жантақсай ауылында 700-ге жуық халық тұрады. Елдімекендегі Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектептің ғимараты 2012 жылы, фельдшерлік-акушерлік пункті 2018 жылы ел игілігіне берілген. Сонымен қатар, ауылда қайырымдылық есебінен 2022 жылы «Біләл» мешіті, биыл жеке кәсіпкердің есебінен «Ағарыс-Жанарыс» балабақшасының ғимараты пайдалануға тапсырылды.

Биыл елдімекендегі 1200 метрлік А.Қолдасов көшесіне бюджет есебінен асфальт төселді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *