ОРДАБАСЫДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Қоғам
368 Views

Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тарапынан «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес Ордабасы ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жәрмеңкесі онлайн форматта өтті.

Жәрмеңкеге аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімі, ветеринариялық қызмет, адами әлеуетті дамыту бөлімі мен мемлекеттіккірістер басқармасы, аумақтық ветеринариялық инспекция сала мамандары қатысты.

Онлайн форматта өткізілген жәрмеңкеде мемлекеттік қызметкөрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ете отырып, әкімшілік кедергілерді азайту мен халыққақызмет көрсету тиімділігін арттыра отырып қызметтерді сапалы көрсету, оныңішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау бойыншакеңес берілді.

Тұрғындар тарапынан келіп түскен сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *