ОТБАСЫ МЕН ҚЫЗМЕТІН ҚАТАР АЛЫП ЖҮРГЕН ЖАН

Құттықтаймыз
522 Views

Салық саласында ұзақ жылдар бойы еңселі еңбек етіп жүрген үлгілі тұлға, аяулы жар, отбасының керегесі Айтуреева Жанат Сейдлазымқызын 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жанат Сейдлазымқызы еңбек жолы 1982 жылы Завод ауданындағы №2 орталықтандырылған есеп мектебінің есепші қызметінен бастау алған. 1985 жылдан бері Шымкент қаласындағы Абай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында бір қатар лауазымды қызметтерді еңсеріп келеді. Ұжымына сыйлы тұлғаны қашанда абыройын асқақтату біздің әріптестік мақсатымыз. Осы орайда сізді Халықаралық әйелдер күні мерекеңізбен құттықтаймыз, деніңізге саулық, отбасыңызға береке-бірлік тілейміз! Мол табысты әрі жемісті де жеңісті күндеріңіз көп болғай! Көктем мерекесі көңіліңізге қуаныш, жүзіңізден нұрдың шуағы шашылсын!

Құттықтаушылар

Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша

кірістер басқармасының ұжымы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *