САПАЛЫ БІЛІМ – БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Білім
1 125 Views

ХХІ ғасыр – ақпараттыққоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, кәсіби мәдениеттілікті, терең білім мен ізденісті талап ететін дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісі барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» деп аталуы қазақ елінің жарқын болашағы және кемелденген ертеңімен тығыз байланысты. Қазіргі таңдағы басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Бұл – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті..

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталып отыр. Біздің мемлекетімізде ғылыми-техникалық үрдістің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек », – деп атап көрсетілген. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — студенттерге ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін студенттердің шығармашылық қабілеттері мен құндылықтарын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адам дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір бағыты.

Қазіргі таңда еліміздің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі – басты мәселе. Еліміздің ертеңі – бүгінгі жастар. Бұл үшін қоғамда білімді де құзыретті мамандар көп болуы керек.

«Бір жылға жоспар құрсаң – егін ек, жүз жылға жоспар құрсаң – ағаш ек, ал мәңгілік мұратты көздесең – ұрпақ тәрбиеле» деген ғибрат бар. Бұл – жауапкершілігі зор, салмағы ауыр міндет. Өйткені бүгінгі жас буын – ел болашағының ертеңгі кілті.

ХХІ ғасыр – тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі. Оған лайық болу– қазіргі жаһандану процесіндегі кез келген мемлекеттің негізгі ұстанымы.

Басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен, яғни ұлттық құндылықтармен сусындату – біздің басты парызымыз.

Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

-студенттердің ұлттық сана-сезімін. қалыптастыру:

-жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

-ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;

-жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Жолдауында таяудағы екі-үш жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет. Қазіргі таңда білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформаның мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, нарықтық экономикада бәсекеге қабілетті, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Тарихты бүгінгі заманның талабына сай оқытудағы басты талап – дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны, ол жасаған әлемдік құндылықтардан хабардар, жан-жақты жетілген, өз тарихының өткеніне көз жүгіртетін, қоғамның даму үрдісіне өзінше баға бере алатын, белсенді, ұлтжанды патриот азаматты қалыптастыру.

Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан — жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

Интерактивті тақта, мультимедия; интернет кеңістігі; электронды оқулық.

Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

— Пән бойынша базалық білімді меңгерту;

-Алған білімді жүйелеу;

— Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

-Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат.Ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, іскер, бойында ізгі қасиеттері қалыптасқан білім алушылармен бірлесіп жүргізілген кешенді түрдегі тәрбие жұмыстары тағылым мен тәрбиенің алтын діңгегі деуімізге болады.

Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Парасат» колледжінде жастардың бойында белсенділікті, қоғамға қабілетті тұлғалық қасиеттерді дамыту мақсатында студенттердің өзін-өзі басқару комитеті мен «Парасат», «МарС» ерікті жастар жасағы жұмыс істейді. Ерікті жастар жасағының басты мақсаты – жастардың саяси белсенділігін арттыру, Президент саясатын насихаттау, тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің рөлін айқындау, ұлттық патриотизмді дамыту болып табылады. Ерікті жастар жасағының жұмыс жоспары,мақсат-міндеттері нақтыланған.

«Парасат» ерікті жастар жасағы мүшелерінің отырыстары жүйелі түрде ұйымдастырылып, Мемлекет басшысының саясатын насихаттау мақсатында топтарда Жолдауларды талқылау және танымдық кештерді ұйымдастыру шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Студенттерді шығармашылық ізденістерге баулу жұмыстары да үнемі бақылауда болады.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екені белгілі. Біз алдағы кезде де бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізе беретін боламыз.

Маржан АЛТЫБАЕВА,

Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты «Парасат» колледжінің директоры.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *