«ҚЫРАҒЫЛЫҚТЫ КҮШЕЙТУДЕМІЗ»

Құқық
1 224 Views

Күзетқызметінің тарихы өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастау алады. 1952 жылы 29 қазан күні ведомстводан тыс күзет қызметі мекемесі құрылған. Кейіннен оныңатауы сан мәрте өзгерген. 1997 жылы бұрынғы күзет бөлімі Қазақстан РеспубликасыІшкі істер министрлігінің Мемлекеттік күзет қызметі деп аталған. Кейіннен оныңатауы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік күзет қызметідепартаментінің 2002 жылғы 28 ақпандағы №7 бұйрығымен ҚР ІІМ «Күзет»республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шымкент еншілес мемлекеттік кәсіпорны,Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасымемлекеттік мекемесі (ОҚО МКҚБ ММ) деп ауыстырылды. 2005 жылдың 1 қаңтарынанбастап ҚР ІІМ ОҚО МКҚБ ММ республикалық бюджеттен толық қаржыландырылып, ҚРҮкіметі Қаулысының тізіміне енген аса маңызды стратегиялық және тіршіліктіқамтамасыз ететін нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. 2018 жылдыңжазында Шымкент шаһарына мегаполис мәртебесі беріліп, ал бұрынғы ОңтүстікҚазақстан облысы Түркістан облысы деп аталғаннан бері бұл мекеме ҚР ІІМ Шымкентқаласының және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасымемлекеттік мекемесі деген атауға ие болды.Қазіргі таңда басқарма жаңа заманауитехникамен және арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев егемен еліміздің экономикалық тұрғыдан жан-жақты дамуымен азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне де баса назар аударып келеді. Осы орайда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында: «Құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндеттердің бірі. Ең алдымен 2020 жылдың аяғына дейін Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыру қажеттілігіне тапсырма берілді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жыл ішінде 173 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаражат еңбекақыны көбейтуге, баспананы жалға алуға, халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашуға жұмсалады. Алдағы уақытта осы бағытта атқарылатын іс-шаралар құқық қорғау қызметін жетілдіруге оң септігін тигізетініне сенім білдіреміз. Үкіметке азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің еңбекақысын Ішкі істер органдарын реформалау үшін берілетін қаражат есебінен көбейтуді және осы мақсатқа сәйкес шамамен 40 миллиард теңге бөлуді тапсырды».

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Митингілер туралы» заңнаманы жетілдіру жайлы айта келе: «Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс», – дей келе алайда заңға қайшы және құқықбұзақылық әрекеттерге шақыратын үндеулерге заң шеңберінде тосқауыл қойылатынын қатаң ескертті.

Біздің мекемемізде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. К. Тоқаевтың алғашқы Жолдауын талқылауға байланысты арнайы жиын өткізілді. Мекеме қызметкерлері өздерінің ой-пікір, ұсыныстарын ортаға салды. Сөйтіп, ондағы басты бағыттарды жүзеге асыруға жұмыла кірісіп отыр. Батыр Бауыржан Момышұлы бабамыздың: «Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке бағынған құл болмайды!» – деген қанатты сөзін өздеріне өмірлік қағидат етіп алған мекеме қызметкерлері еңбек тәртібін қатаң сақтап, қырағылықты күшейтіп, жұмысты асқан жауапкершілікпен атқару шаралары жан-жақты пысықтады. Біздегі барлық қызметкерлер өздеріне тапсырылған аса маңызды стратегиялық және тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бір кісідей ұйымшылдықпен жұмылған.

Шырайлы Шымкент шаһарымыз мегаполис қалаға айналғалы бері құқық қорғау саласы қызметкерлеріне жүктеліп отырған жауапкершілік те арта түсуде. Осы орайда Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, «Ақылды қала», «Қауіпсіз қала» бағдарламалары бойынша да бірқатар тірлікті жүзеге асыру көзделген. Әрине, мұның бәрі біздегі қызметкерлерден асқан жауапкершілік пен жіті қырағылықты күшейтуді талап ететіні белгілі. Біз сол жоғары талап деңгейінен көріну үшін барынша талаптана беретін боламыз.

Жамалбек ПІРТАЕВ,

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шымкент

қаласының және Түркістан облысының мамандандырылған

күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысы,

полиция полковнигі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *