САРЫЖҰЛДЫЗ КӨТЕРІЛСЕ КҮН СУЫТАДЫ

Таным
248 Views

2022-2023 барыс жылының қысында, бұлтсыз кеште қас қарайысымен оңтүстікте ерекше жарқыраптұрған сары «жұлдыз» көзге бірден түседі. Бұл — Юпитер планетасы.Қазақша Есекқырған аталатын ғаламшар Күнге 27 қыркүйекте қарсы тұрғанда, түнібойы бақыланды. Яғни Күн батқан сәтте, Юпитер көкжиектің қарама-қарсы жағынан шыққан. Содан бері ол әр кеш түскен сайын сәл биігіректен көрініп келе жатыр.

Халқымыз Юпитерді түсіне қарап, Сарыжұлдыз деп те атаған. Қазақ оның сыр-сипат, жүріс-тұрысынмұқият зерделеген. Қазақ есепшілері «Сарыжұлдыз көтерілген сайын күн суықболады, төмендеген сайын жыли түседі» дейді екен. Елдің шаруа жайы табиғатпенбіте қайнасқан заманда, Сарыжұлдыз көкке шапшыса, суық күшейетінін екінің бірібілген.

Ғалым Хасен Әбішев (1902–1981) өзінің 1966 жылы басылған «Аспан сыры» кітабында халық сөзінің астрономиялық негізі барын жазады:

«Мәселе былай. Юпитердің Жерге ұрымтал (Күнге қарама-қарсы) келуі 1 жыл 34 күн сайын (мұны синодтық айналыс дейді) сайын қайталанып отырады, бірақ үнемі бір мезгілде емес: біресе жазға, біресе қысқа ауысып отырады, Юпитердің орбита жазықтығы эклиптикамен беттесуге жақын (арасындағы бұрыш 1°18′ қана). Ал эклиптиканың жазықтығы және сонымен бірге Юпитер жолы да, қыстыгүні түнде жоғары, жаздыгүні түнде төмен тұрады. Ендеше, егер Юпитердің Жерге ұрымтал (Күнге қарама-қарсы) қалпы қыс айларына келсе, ол (Сарыжұлдыз) іңірде шығыстан туады да, түні бойы жарқырап көкке өрлей береді. Ал жаз айларында Юпитер ондай аспандамай, іргелеп (төмен) жүреді.

Ұрымтал келу кезінен кейін Юпитер көрер көзге батысқа қарап (Күнге жуықтап) жүреді. Міне, сондықтан егер қараша айында Сарыжұлдыз іңірде Күн батысымен шығыстан туса, декабрьде іңірде одан жоғары, қаңтарда іңірде төбеге өрлеп кетеді де, көктемге қарай төмендеп, батысқа барып көрінбей кетеді. Тегінде бұқара халық аспанға назарын көбінесе іңірде аударады. Аяздың күшеюімен бірге Сарыжұлдыздың күн сайын шатынап жоғарылағаны, әрине, көзге шалынбай қоймайды.

Есекқырғанның суық күшеюімен бірге осылай өрлеуі ертедегі көп жұттардың біріне дөп келіп қалып отырды. Елдің шымбайына батқан жұт жылғы (мысалы 1916/1917 жылғы) Сарыжұлдыздың шақырайғаны ұмытылмастай есте қалды. Сарыжұлдыз көкке шапшыса, суық күшейеді, деп екінің бірі ырым қылып айтуы осыдан. Бірақ оған Сарыжұлдыз кінәлі емес, оның өзінің жолы солай.»

Кітапта айтылған 1916 жылы Юпитердің қарсы тұрысы 24 қазанда болған. Ал келесі қарсы тұрыс 2023 жылғы 3 қарашаға сәйкес келетіндіктен, Хасен Әбішев түсіндіріп берген заңдылық тіпті жақсы бақыланбақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *