ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КОРПУСЫ ҚАҚ ЖАРЫЛДЫ

Мәселе
1 135 Views

Шымкентте өткен алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс ХХІХ сессиясында күтпеген жағдай орын алды. Онда Шымкент қаласынан облыстық мәслихатқа депутат болып сайланған – Бакарам Абдукаримов, Арман Берденов, Жұмағали Білісбеков, Қайрат Молдасейітов, Рәшкүл Оспанәлиева, Қилыбек Тұрлыбек тәрізді депутаттар өздерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған. Бұған олардың алдын ала берген өтініштері негіз болған.

Керісінше, Дәурен Ахметов, Дулат Әбіш, Нұрмахан Жолдасов, Абай Көмекбаев, Әсет Қайыпбеков, Өмірзақ Мелдеханов, Абдурашид Омаров, Қайрат Сүлейменов секілді халық қалаулылары дәл мұндай қадамға бара алған жоқ. Өйткені, олардың депутаттық мандатын шектеу еліміздің қазіргі қолданыстағы заңдарында көзделмеген көрінеді. Сонда әлгілер Шымкенттен сайланып, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде қашанға дейін отыра бермек?! Әзірге Түркістан облыстық мәслихаты депутаттар корпусы осылайша айдың-күннің аманында қақ жарылды. Дұрыс қой. Үйренген жерінен көшіп-қону жұрттың бәріне бірдей қайдан қолайлы болсын?

Ә. ҚАҢТАРБЕК.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *