МЕГАПОЛИСТЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ МІНДЕТІ МЕЖЕЛЕНДІ

Денсаулық
840 Views

Республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің биылғы 25 тамыз күнгі № 23-24 (30-31) сандарында «Мәселе» айдарымен «Медицина мекемелерінің қазіргі жай-күйі қалың жұртшылықты алаңдатып отыр» атты тақырыппен сын мақала жарияланған болатын. Онда негізінен мегаполистегі медициналық мекемелер жергілікті халықты бөліп-жармай, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарына бірдей қызмет көрсетуі керек деген мағынада ұсыныс-пікір білдірген болатынбыз.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов таяуда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерімен болған басқосуда:

– Аумақтық бөліністен кейін облыстық клиникалық аурухана, балалар ауруханасы, екі перинатальдық орталық, туберкулезге қарсы диспансер мен жүйке аурулары диспансері Түркістан облысының меншігіне, ал кардиологиялық орталық Шымкент қаласының иелігіне өткен еді. Бүгінде мегаполистегі барлық медициналық мекемелер әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, облыс пен қала тұрғындарына бұрынғыша қызмет көрсететін болады. Бұл жағдай облыс орталығы мен Шымкент қаласында тиісті медициналық мекемелер пайдалануға берілгенше жалғаса бермек. Халық тұрғылықты мекенжайына қарамастан, медициналық мекемелердің көмегіне жүгіне алады. Мұны қос әкімдікпен қатар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі де қолдап отыр екен.

Ә. ҚАҢТАРБЕК.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *