ТӘУЕЛСІЗДІК ТУЫ ЖЕЛБІРЕП, ЕЛІМІЗДІҢ БІРЛІК-БЕРЕКЕСІ АРТА БЕРСІН!

Қоғам
636 Views


Құрметті қазақстандықтар, қадірлі жерлестер!

Сіздерді еліміздің ұлы мерекесі саналатын Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып бекітілгелі еліміз тарихи кезеңдерден өтіп, тағылымы мол жылдардан тәжірибе жинап, күрделі сындардан сүрінбей өтті. Ғасырлар бойы бабалар аңсаған мұрат бүгінде қазақстандықтардың бағына біткен бақ болып қонды.

Отанын, елін қорғауда намысын қалқан, жігерін қорған еткен ата-бабаларымыздың ізгі арманы ұрпағына аманат болып жеткенін бүгінгі ұлық күннің куәгері ретінде мойындаймыз. Егемендік – елдігіміздің негізі әрі құндылығымыз. Осы құндылық – күллі Қазақстан халқы мақтан тұтатын, қастерлейтін, тұғырлы ететін жетістіктерінің бірі.

Еліміз қандай жетістікке жетсе, бұл ретте Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының да қосқан үлесі зор. Жаһанды жайлаған коронавирус дәрігер қауымының қоғамдағы қадірі мен адам өміріндегі маңызы қандай екенін дәріптеусіз-ақ дәлелдеді. Әрбір медицина маманы қатерлі індетке қарсы бастарын бәйгеге тігіп, қызмет етті. Күндіз-түні тұмшаланған киіммен, шаршап-шалдыққанына да қарамай тәулік бойы ауруханалар мен стационарларда аурулармен арпалысты. Әлемді әлекке түсірген кеселді жою үшін аянбай күресті. Соның арқасында осы күнге аман-есен жетіп отырмыз.

Халқымыздың тағлымы мол сөздік қорында «Бақыт-бірлікте, байлық-еңбекте» деген тәмсіл бар. Азаттықтық аңсап өткен бабалар ұрпағы үшін қандай тер төккені белгілі. Бүгінгі ізбасарлар сол еңбекті ақтайтындай елімізге қызмет етуіміз керек. Мерейлі ұлық мерекемен қала тұрғындарын, барша әріптестерімді құттықтаймын! Халқымыздың бірлік-берекесі арта берсін! Еліміз аман, заманымыз бейбіт, жұртымыз тыныш болсын!

Ізгі ниетпен

Бақтығали ЕРЕЖЕПОВ,

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *