ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Денсаулық Қоғам
856 Views

Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Əйтеновтің қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде М.Дүйсенбекұлы, ең алдымен, қаладағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты ашылған провизорлы орындар, жедел жәрдем қызметінің жұмысы және жұқпалы ауруларға шалдыққан науқастарға көрсетіліп жатқан көмектер жайлы айтты. Аталған брифинг барысында М.Әйтенов қала тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамту, дәрілердің бағасын бағамдау және өкпені механикалық желдету аппараты жайында да сөз қозғады.

Одан бөлек, қала әкімі осы аптаның соңында «Covid-19 Шымкент» сайтын ашатындықтарын жеткізді. М.Дүйсенбекұлының айтуынша, аталған сайтта эпидемиологиялық жағдай кезіндегі барлық ақпараттар жедел түрде тарқатылмақ. Бұл ретте қалада арнайы ақпарат берілетін портал жайлы айтқан әкім қала тұрғындарын ресми мәліметтерге сүйенулерін сұрады.

КОРОНОВИРУС БОЙЫНША

Әкім баяндамасында қаладағы 7.07.2020 жылғы жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандардан 3 596 азамат тіркеліп, 2097 науқас емделіп шыққанын жеткізді. Өкінішке қарай, 18 адам қайтыс болған.

Осы орайда сескендіретін статистиканың бірі мынада ағымдағы жылдың 1 маусымында 867 коронавирус жұқтырған азамат тіркелсе, ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан 7-ші шілде аралығында 2729 жағдай тіркелген. Бұл дегенің аз уақыттың ішінде індеттің көз ілінбес жылдамдықпен өршуі. Осылайша науқастар санының күрт артуына байланысты. Ағымдағы жылдың 1-ші маусымындағы жұқпалы ауруханалардағы төсек орын қоры 490 орын болса, маусым айының соңына дейін қосымша 160 төсек орын ұйымдастырылып, нәтижесінде төсек орын қоры 650-ге жеткізіліпті. 1-ші маусым мен 7-ші шілде аралығында 1640 науқас емге жатқызылып, оның ішінде 1276 коронавирус жұқтырғандары яғни барлық науқастың 77,8 пайызды құраған.

ЖРВИ-МЕН (ОРВИ) ПНЕВМОНИЯ

1.06.2020 жылы 3 провизорлық стационарда 320 төсек орын болған. Маусымның 15 мен 30-ы аралығында 23 провизорлық стационарда 2 960 төсек орын қосымша ұйымдастырылған. Ал 7 шілдегі ақпарат бойынша 26 мемлекеттік және жеке нысандарда 3010 провизорлық төсек орын жұмыс істеп тұр екен.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 6340 пневмониямен сырқаттанған науқас тіркеліп, оның 6060 немесе 95,6 пайызы ауруханаға жатқызылған. Бүгінгі күні 60 пайызын немесе 3639 науқас емделіп шыққан. ЖРВИ – мен сырқаттанушылық бойынша ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 11 891 жағдай тіркеліп отыр екен. Оның ішінде 535 немесе 4,5 пайызы ауруханаға жатқызылған. 460 науқас емделіп шыққан. Ол жалпы науқастың 86 пайызын құрап отыр.

КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР

Ағымдағы жылдың 1-ші маусымында қалада 1281 төсек орын болған. Алайда, күндізгі стационарларда ЖРВИ-мен пневмониямен ауырған науқастарға төсек орын қарастырылмаған екен. Сол себепті Шымкент қаласында республикада алғашқылардың бірі болып 25-ші маусымда 51 емханаларда ЖРВИ-мен пневмониямен ауырған науқастарға 633 төсек орын ұйымдастырылды деп көзделуде. Оның ішінде 319-ы мемлекеттік бірінші медико-санитарлық көмек ұйымдарында, 314-і жеке ұйымдарда ашылған. Күніне орта есеппен 2000 науқас қаралып, Бүгінгі күні 2753 науқас дертіне дауа тауыпты.

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ

Жаз басталғалы қаланың жедел жәрдем қызметіне 59 925 шақырту түскен. Бұл осы аралықта шақыртулар саны 2 есеге дейін өскенін көрсетеді. Осыған байланысты, жедел жәрдем қызметі бойынша «103», КОЛЛ-орталығы (109, 1430) диспетчерлік қызметтердің саны ұлғайтылып отыр екен.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ШАРАЛАР

Қалада жұқпалы аурулар ауруханасында коронавируске арналған төсек орындар 300-ден 650-ге көбейген. Оның ішінде, 200 орындық жаңа жұқпалы госпиталь пайдалануға беріліп отыр. Одан бөлек, 26 жерден 3110 төсек орындық провизорлық стационарлар ашылған, бүгінгі күнге толымдылығы 78 пайызды құрайды.

Ауыр дәрежедегі науқастар үшін инфекциялық және провизорлық стационарларда 136 жансақтау төсек орындары жұмыс істеуде. Жансақтау төсек орындардың толымдығы 95 пайызды құрап отыр.

Сонымен қатар алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының базасында қосымша 628 төсек-орын және жеңіл атлетикалық спорт кешенінің базасында 360 төсек орындық күндізгі стационар ұйымдастырылған. Бүгінгі күнге дейін жергілікті тауар өндірушілер тарапынан қалада 5 миллионнан астам көп қолданылатын маскалар, 100 тонна дезинфекциялық заттар, 170 мың флакон және 192 мың литр спрей өндірілген.

БАСТАПҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдардағы диспансерлік есепте тұрған созылмалы аурулары бар науқастарға тұрақты түрде аймақтық дәрігерлердің және бейінді мамандардың бақылауында дейді қала әкімі.

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін 276 938 диспансерлік есепте тұрған адамдарға қоңырау шалынған. Осы аралықта 6696 ЖРВИ және 3865 пневмониямен науқастар тіркелген.

Оларға қызмет көрсету мақсатында 56 мобилді бригада құрылып, нәтижесінде 10341 науқасқа қызмет көрсетілген. Сонымен бірге 26380 адамға АЛО мобилді бригада қызметі бойынша дәрі-дәрмек үлестірілген.

Тегін берілетін дәрілік заттар медициналық қызметкерлер тарапынан үйлеріне жеткізуде екен. Медициналық ұйымдарда коронавирустық этиологиялы атипиялық пневмонияға күдікті науқастарды, сондай-ақ ЖРВИ/тұмау клиникасымен ауыратын науқастарды қабылдау үшін жеке кіру есігі бар сүзгілер ұйымдастырылып тиісті жұмыстар жүргізілуде.

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТУ

Бүгінгі күні қалада 10 ірі көтерме дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдық жеткізіп беруші мекемелер жұмыс атқаруда.

Тіркелген 730 дәріхананың 560 жұмыс жасайды. Бүгінгі күні қалада бір айлық дәрі-дәрмек қоры бар, оның ішінде дене қызуын төмендететін 115 843 препарат 136 352 вирусқа қарсы препараттар 133 040 антибиотиктер. 44 253 қорап «С витаминдері» бар дейді баяндамада.

Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменттің аудандық Басқармаларымен бірлесіп, 4 мониторингтік топ құрылған. Мониторинг барысында бағасын негізсіз өсірген жағдайда әкімшілік шаралары көрсетілетіні ескертілген. Сонымен қатар полиция департаментінің тарапынан Шымкент қаласы Әлімқұлов көшесінен заңсыз дәрі дәрмек және медициналық құралдарын сақтау жағдайы анықталып, осы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған.

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАМЕН ҚАМТУ

М. Әйтеновтың айтуынша қалада медициналық мекемелерде 323 ИВЛ аппараттары бар, оның 130 портативті аппарат. Сонымен қатар 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 10 монитор алынған. Қазіргі таңда 6 ауруханада арнайы кислород станциялары орнатылуда екен.

Қалалық әкімдіктің резервінен коронавирусқа қарсы шараларға 1,8 млрд. теңге бөлінген. Оның 854 млн.теңгесі материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталуда.

Қала басшысы 21 ИВЛ аппараттары алынып, жақын арада қойылатын да мәлімдеді. Одан бөлек, қалалық бюджетті оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде, қосымша ИВЛ, басқа да құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер сатып алуға 5 млрд.теңге қаржы бағыттау жоспарлануда. Медицина саласының қызметкерлерін қолдау шаралары Медицина қызметкерлерінің КВИ-мен ауырған 569 жағдайы тіркелген. Оның 129-ы Түркістан облысының медицина қызметкерлері (143 дәрігер, 258 медбике, 128 басқа персонал).

Медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында 2 764 медицина қызметкерлеріне 780 млн.теңге еңбек ақыларына үстемеақы төленген. Сонымен бірге, халық қоры және демеушілердің есебінен 935 медицина қызметкерлеріне 42,4 млн.теңгеге материалдық көмек көрсетілген. 336 науқастармен тығыз байланыста жұқпалы ауруханалар медицина қызметкерлерін қонақ үйлерде тұру, тамақ беру, жұмысқа қатынауы ұйымдастырылуда.

Сөз соңында әкім қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап, 20-шы шілдесіне дейін қалада қайтадан карантин шаралары енгізілетін мәлімдеді.

Оның айтуынша:

– мектепке дейінгі ұйымдардың, барлық спорттық нысандардың, әсемдік салондар, клубтар, қоғамдық моншалар, тағам-сусын сату нүктелері, қоғамдық тағамдану орындары, сауда-ойын сауық кешендерінің жұмысы тоқтатылды;

– медициналық ұйымдарда, медициналық-әлеуметтік объектілерде карантиндік және санитариялық-дезинфекциялық режим күшейтілді;

– жұмыс күндері барлық қызмет көрсететін нысандардың жұмыс уақыты сағат 9.00-18.00-ге дейін шектеліп, демалыс күндері жұмыстары тоқтатылды;

– барлық базарлар жұмыс күндері сағат 6.00-13.00-ге дейін шектелсін; – жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) қоғамдық көліктің жұмыс істеу уақыттары шектеліп, демалыс күндері (сенбі-жексенбі) толық тоқтатылды.

«Барлығыңызды бұл шектеу шараларына түсіністікпен қарап, осындай қиын кезеңде дүрбелеңге салынбай, сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырамын» – деп қорытындылады қала басшысы.

Г. ҒАНИҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *