ҚАРАТАУДЫҢ ҚОЙНАУЫНДАҒЫ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТ

Руханият Қоғам
311 Views

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ, СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, ОҚУ АҒАРТУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ МЫРЗАХМЕТ ЖЫЛЫСБАЕВ ТУРАЛЫ ҮЗІК СЫР

1941 жылдың маусымында басталған Екінші Дүниежүзілік соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзіхалқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адамәскерге алынды. 50-55 млн адам қазаға ұшырап, 4 триллион доллар көлемінде шығыншықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдеріндедемократияның орнауына жол ашылды. Фашизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО құрамындағы халықтар атқарды.

Биыл Ұлы Жеңіске 77 жыл. Қан майдан сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтары, соның ішінде қазақстандықтар да қатысты. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Хиуаз Доспановадай аға-апаларымыздың аянбай ерлік көрсетіп, тарих беттерінде мәңгіге есімдері қалды.

Иә, бұл өмір. Өмір ағысы толассыз алға жылжи аққанмен, жауынгерлердің ерлігі ұрпақ жадында. Бұл күнде Қазақстанда Жеңістің 77 жылдығын небәрі 376 ардагер, 68 347 тыл еңбеккері ғана қарсы алып отыр.

9 мамыр — Жеңіс мерекесі қарсаңында Түркістан облысы,Созақ ауданының Сызған ауылдық округіне қарасты Қозмолдақ ауылындағы Мырзахмет Жылысбаев ақсақалдың қара шаңырағында болдық. Отан үшін кеудесін оққа төсегенсоғыс ардагері бұл күнде тоқсанның алтауына аяқ басыпты. Берекелі үйдің сәнімен мәнін келтіріп отырған Мырзахмет көкеміз бен аяулы қосағы Мария апамызбенбірге 13 перзент тәрбиелеп өсіріп, олардан 47 немере, 70 шөбере, 132 шөпшеккөріп отырған жайы бар екен.

Қарт Қаратаудың қойнауында өсіп-өнген керегесі кең киелі шаңыраққа Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы келіп, тоқсанныңтөріндегі осынау абыз ақсақалды құттықтады, басшының сый-сияпаты мен көрсеткенриясыз құрметіне куә болдық.

Аудан әкімінің марапатынан соң, дастархан басында Мырзахмет атамыздың сонау бала кезінен бастан кешкен өмір тарихы, қилы тағдырынбәріміз ұйып тыңдадық…

Мырзахмет Жылысбаев ақсақал 1926 жылы қазіргі Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылында дүниеге келген.

Әкесінен бір жасында жетім қалған ол балалар үйіндетәрбиеленіп, кейін уақыт өте келе анасының еңбекке қабілеттілігі, әкесінің туыстары бары ескеріліп, балалар үйінен туысы Төрехан ағасының қамқорлығынаберіледі. 1942 жылы нағыз соғыс өрті тұтанған шақта 7 жылдықты үздік бітіргенбала Мырзахмет күндіз егіс егіп, түнде колхоздағы сауаты жоқ ересектерді хаттануға үйретті.

Он жеті жасында Қозмолдақ бастауыш мектебін ашып, өкімет тарапынан мектеп салуға мүмкіндік жоқ болғандықтан ауылдағы бас көтерер азамат ағалардың киіз үйінде мектеп ашып, балаларды оқытты. Қыс түскенде өз үйіне оқушыларды жинап, ерінбей жалықпай ұстаздық етті. Бұл үлкен еңбек пен ерлік еді. Еліне шын жаны ашыған азамат, міне Мырзахмет ағамыз! Ауылдағы бар ауыртпалықты еңсеріп, жас та болса бас болып, соғыстың ылаңына қарамай болашақты ойлады. Ұрпаққа қызмет етуді өзіне парыз санады.

Дегенмен 1944 жылдың қарашасында Мырзахмет Қызыл армия қатарына алынып, алдымен Орынбор қаласы маңындағы әскери жаттығудан өтіп, 1945 жылы Белоруссияға аттанады. Ұрыс алаңында генерал-полковник Батовтың батальонында жаумен алысады. Бұл кезде неміс әскері кері шегіне бастаған.

— Біз екінші линияда соғыстық, біздің міндетіміз соғыста қазақ тапқандардың орнын толтыру, совет солдаттарын жерлеу, жаралыларды госпитальға жіберу, пленге түскендерден жауап алуға апару еді, — деді үй иесі Мырзахмет ақсақал. Есіне әлдене түсіп кетіп, кенет әңгімесін қайта жалғады:

— Самолетпен бомбалар түсіп, снарядтар атылып, қаңғырғаноқтар зу етіп жаныңнан өтіп жатады. Азырақ тыныш болған кезде болмаса үйдіойлау естен шығып тек «Отан үшін алға! Бір қадам артқа шегінуге болмайды!» депкомандирлер бұйрықпен айқайлағанда солдаттардың көбінің айтатын өлеңі: «Прощай мама, не гори, не грусти, пожелай нам доброго пути!» әнін айтып, алға лап қоюшыедік.

Өзім екі оқиғаның куәсі болдым. Бірде деревнядағыжергілікті халық бір үйдің шатырында 3-4 неміс пулеметтерімен жасырынып жатқанын астыртын хабарлады. Дереу қоршауға алдық. Олар сезіп қалып, оқжаудырды. Біз де атқыладық, ақыры тірідей қолға түсіріп, штабқа жібердік.Екінші оқиға, ну орман ішінде болды. Жаралыларды госпитальға жіберу үшін жүкмашинасын жапырақпен жасырып қойып, жауынгерлерді арбамен палаткіге салып,сүйрелеп тасып жатқанбыз неміс барлаушылары байқап қалды. Тура төбемізденсамолетпен келіп, бомба тастап күл-талқанымызды шығарды. Көбісі сол жерде тілтартпастан опат болды. Осы жылдың 9 мамыр күні соғыс бітті, жеңіске жеттікдеген жүрек жарар қуанышты естігенде, алақайлап шаттана билеп те кеттік.Қысқасы, қан майдан қырғыннан аман қалғандар елдеріне орала бастады.

Бірақ, Мырзахмет сұр шекпенін шешкен жоқ. Жастайынан қағілез, білімді Мырзахметті Кеңес әскері алғыс айтып өзге жауынгерлермен бірге Қазақстанға шығарып салмады. Оның көшбасшылық қабілеті барып ұғып, соғыс біткен соң, армияны толықтыру мақсатында МВД-ға алып қалды. Мұнда батальон командирінің аға көмекшісі, кейін штабтың құпия бөлімінде іс жүргізушісі қызметінде болады, соғыстан кейін осында 1950 жылдарға дейін істеп, ақыры елге қайтады.

Созаққа келіп, Мырзахмет аға ұстаздық жолына қайта оралады. Бұрынғы тәжірибесіне сүйеніп, сабақ берген Мырзекең 1953 жылы 27 жасында Алматыға ҚазПИ-дің химия-биология факультетіне оқуға түсіп, оны 31 жасында бітіріп шыққан соң, 1957 жылдан бастап Шолаққорған мектебіне химия-биология пәнінің мұғалімі болып келеді. Бұрынғы ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында тек сабақ беріп ғана қоймай, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. 1960 жылдары баяғы өзі оқыған Сызған ауылындағы жеті жылдық мектебіне директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып келеді, кейін мектепке Ы.Алтынсарин есімі беріліп, Мырзахмет атамыз директор болады. Жеті жылдық мектепті толық орта мектеп дәрежесіне жеткізеді. Мектептің фундаментін жаңадан құйып кеңейтіп, материалдық база жасақтап, 40 орындық балалар мектеп интернатын оқу шеберханасымен қосып салдырады. Арасында Қайнар ауылындағы мектепке де директор болып қызмет еткен. Тағы баксқа мектептерде басшылық етіп, 8 жылдық мектепті толық орта мектепке айналдырды. Мұның барлығы оның педагогика саласына сіңірген қажымас талмас еңбектері. 1986 жылы 48 жыл мұғалімдік, 24 жыл үздіксіз мектеп директоры болып құрметті демалысқа шықты.

Мырзахмет атамыздың ауылға сіңірген ұстаздық еңбегінің арқасында ауылдан профессорлар, академиктер, бірнеше ғылым кандидаттары шықты. Міне, бұл күнде ғасырға жуық жасап келе жатқан абыз ақсақалдың ғұмыры айта берсе бір кітаптың өзегі болады. Оның өмірі талай ұрпаққа осылай ғибрат болып қала бермек.

Әділ ҚЫРАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *