ҮЗІЛІП ТҮСКЕН ҚЫЗҒАЛДАҚ

Қоғам Өмір-өзен
450 Views

Жаназасы болған күні Түркістан облысының полициядепартаменті баспасөз хатшысы Салтанат Қарагөзованың хабарлауынша, Жетісайдаденесі өлі күйінде табылған марқұмға қылмыстық іс қозғалды. «Өзiн-өзi өлтiругедейiн жеткiзу» бабы бойынша… Ұлардай шулаған көпшілік оның өліміне бірден-бір себеп – қоғам белсендісі, тележүргізуші журналист, кейінгі кезде жұрт блогер ретінде де тани бастаған Сәуле Әбілдахан деп топшылайды. Өйткені, Сәуле жариялаған жазбадан кейін арада тоғыз күн өткенде Аядан айырылып қалдық. Фейсбуктегі постында Сәуле бас-көз жоқ, адамның атын атамаса да, түсін түстегендей ар-намысына аямай тиетін, заһарлы сөздерін төккен. Тіпті, бұл сөздер — ұяты бар қыз баласы үшін өліп кететіндей сөздер… Өлімнен ұят күшті!

Тоғыз күн тозақтай болған шығар Ая үшін, мұнан гөрі қара жерге кіріп неге кетпеймін деп түңілді ғой ол. Солай өмір есігін беймезгіл мәңгілікке жапты. Ая оңтүстікте туып-өскен, оқырманы қалың, жас-кәрі демейсүйіп оқитын, қоғамның келбетін бүкпей, кейде астармен жеткізетін қаламы жүйрікқаламгер еді. Ешбір марапатсыз, атақсыз-ақ жазушылығы мойындалған қазақтыңқарапайым, Мәскеу асып оқып келген білімді, бойында қасиеті бар қабілетті қызыболды. Бір-ақ күнде жауыздың қолымен топырағынан аяусыз жұлып түскен гүлдейтамыры қиылып кетті…

Өкініштісі, оқиғаның бәрі Шымкент жақта болып жатыр. Жазба қалдырған Сәуле де, марқұм Ая да соңғы күндері осы Шымкентте жұмысбасты болып келді. Қоғамдағы мәселелерді әлеуметтік желіде көтеріп жүрген Әбілдаханқызының Аяны айтпағанда мұнан бұрынғы постарынан байқайсыз, тура айттым деп тарпа бас салып, тапыраңдап сөйлейтін, кісінің абыройы мен беделін таптауға келгенде жан салмайтын, тілімен у шашып тұратын, сөйлеу мәдениеті төмен, өзі өркөкірек, шындықты айттым деп сабырдан гөрі ашуға бой алдырып алатын әйел адамы. Мынау ғой енді, өткір сөйледім деп адамды өлімге дейін апарды. Сәуле Әбілдаханқызы қазір Шымкент қаласындағы басты телеарнада «Ақжүніс» атты баяғы ескі бағдарламасын жүргізіп жатыр. Бұл Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның қала руханиятын, мәдениетін көтеру үшін жаңадан ойлап тапқан тың идеясы.

Шымкенттің мәдениеті, руханияты тоқсаныншы жылдары танылған «Ақжүністі» қайта тірілтумен көтеріле ме? Ал, келді екен Сәуле, жұлдыз екен, неге жаңа бастамалармен, шын мәнінде рухани азық болар дүниелермен телеарна кеңістігінде жарқ етпейді? Шымкент талай дүлдүлдер мен саңлақтардың мекені ғой, талай талантты әнші-композиторлар, ақын-жазушылар, режиссерлар, әртістердің туған өлкесі… Шымкент – ұлтымыздың ұйытқысы әрі-беріден соң… Идеологияны осылай бейпіл ауыз келіншектермен толтырамыз деу – нағыз сорақылық. Егер елге шын жаны ашыса таланты топ жаратын, жанып тұрған жастар бар арамызда… Жаңа жобалармен жарып шығатын… Шындаса табады ғой Шыңғыс. Опера әншісі Майраны Шымкентке әкелді мәселен. Мұнысы сәтті шықты. Кейін Сәкен Майғазиевті Түркістан сарайына басшы ғып қойды, оның да басы пәлеге шатылды. Кейінгі кездері Шымкенттің идеология саласынан дау арылмай тұр. Неге бұлай? Мәселе идеологияға бөлінген қаржыда емес пе екен?

Әйтпесе, Сәуленің жер тарпыған ала тайдай сонша тулауына не себеп? Айдалада Аяны осыншама жермен жексен етіп сөгіп несі бар, екеуі не бөлісе алмады? Аяның жақын құрбысы Бану Оңдасынова: «Соңғы кезде оның өміріне, жүрегіне жеке адамдар, үлкен қызметте жүрген бір адам қатты әсер етті» деп жазады. Қандай адам? Тағы да Шыңғыс Шымкентке әкелген идеологиялық саланың бір басшысы Аяға жобалық жұмыстарға қатысуға уәде берген ұқсайды, Шымкентке шақырған. Алайда жеме-жемге келгенде, жобаны Сәуле иеленіп кеткен. Міне, осы жерде ши шығады. Әу баста жұмыс уәде еткен басшыға Ая наразылығын білдіріп хат жазса керек, ол хат Сәуленің қолына түседі. Сәуленің ашуы тез тұтанып, оны әлеуметтік желіге келіп ақысын алғандай салып жібергенде, қыздың жүрегіне бұл сөздер қанжардай қадалып, есін жия алмаған күйі арғы дүниеге аттанып кетіп тұр ғой… Әлгі басшыны дөп басып атай алмай тұрғанымыз бұл әзірге қауесет ғана болып тұр. Әйтпесе ол басшыңыз арты қуыс ұрыдай ешбір желіден, жиыннан, басқосудан көрінбейді…

Қалайда қылмыстың іс қозғалды. Жазығы барлар, осы оқиғаға қатысы барлар жазасын алар… бір ойланбай істелген іс кісінің қол жұмсауына себеп болды. Алла өзіне-өзі қол жұмсағандарды кешірмейді дейді. Алла алдынан есіркесін, жатқан жері жайлы болсын! Ізінде қайталанбас туындылары, әдебиет әлемінде қолтаңбасы қалды, қош бол, Ая!

Меруерт МАҚАЖАН

P.S. Ая Мантайдыңөлімінен кейін бей-жай қала алмаған мәжіліс депутаты, саясаттанушы Ерлан Саировәлеуметтік желіде өзін-өзі ұстаудың этикасы болуы керектігін айтып,»Әлеуметтік желі кодексін» қабылдау мәселесін көтерді. Сын адамныңжеке басына, жеке өміріне қатысты болмау керек. Әлеуметтік желі мен адамныңжеке өмірі бір-біріне қатысы жоқ, араласпайтын екі әлем. Әр адамда жеке өзініңрухани, мәдени, адами цензурасы болуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *